№ 61
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Дыбыстар әлемі
Мақсаты: меңгерген білім дағдыларын қайталау, бекіту;
Білімділік міндеті: Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алу дағдыларын нығайту.
Дамытушылық міндеті: есту, тілдік және артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: дыбыстарды естіп ажырата алады.
Түсінеді: тапсырмаларды түсінеді.
Қолданады: қазақ тіліне тән дыбыстары, сөздерді дұрыс айта біледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: дыбыстар – звуки.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Суреттер бойынша өткен «Оқу құралдары» тақырыпты қайталау.
Ойын «Алтын сақа сөз жинайды» өткен сөздерді қайталау, бекіту. Балалар әрбір айтқан сөз үшін фишка алады. Ойын соңында фишка көп жинаған бала жеңімпаз атанады.
2.Негізгі кезең
– Сендер жұмбақ білесіңдер ме? Білетін жұмбақтарын естеріне түсіру. – Бүгін ерекше жұмбақ шешеміз. Жұмбақтың шешуі – дыбыстар.
Жұмбақ жасыру. Педагог сөздегі тиісті дыбысты созып оқиды. Әкеңде бар, Атаңда жоқ. Тәтеңде бар, Апаңда жоқ.
(Ә)
Жоқта бар, Барда жоқ.
Шоқта бар, Талда жоқ.
(Қ)
Күнде бар, Айда жоқ.
Түнде бар,
Таңда жоқ.
(Ү)
Ойын: «Кім тапқыр». Аталған дыбыс бар буын, сөз құрайды. Мысалы: әк- әке, әт-әтеш, әпәпке.
Сөзжұмбақ шештіру. Жауаптағы сөздердің бірінші және соңғы дыбысы «а». Балалар жауабын айтады 1 – отбасы мүшесі (ана).
2 – жеміс (алма).
3 – отбасы мүшелері (ата, аға).
4 – Иілсең иіліп, түйілесің түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. (Айна) Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық Қолды белге қоялық.
Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр.
Алға бір адым,
Артқа бір адым.
Жоғары, төмен қарайық Орнымызды табайық.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Атауында «Ғ» дыбысы бар заттарды ата. Қорша.
2. Суреттерді қара. Ата. «Ө» дыбысының орнын тап, қызыл қарындашпен боя.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Қандай жұмбақ ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Куыршақтар балалармен қоштасады.