Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.
Мақсаты: жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын толықтыру. Білімділік міндеті: сөздерді дұрыс айтуға машықтандыру. Сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрастыруды дағдыландыру. Жаңылтпашты шапшаң және сөздерін анық айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді саналы түрде есте сақтап, күнделікті өмірде қолдану дағдыларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларың қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті: мектеп туралы ұғымдарын кеңейту арқылы білімге деген қызығушылықтарын ояту.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды:тақырыпқа байланысты сөздерін айтады, дыбыстарды дұрыс айтады, жаңылтпашты қайталайды.
Түсінеді: сөздердің мағынасын түсінеді.
Қолданады: сөздерді қолданып, қысқа сөйлемдер құрайды, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, мектеп туралы бейнематериал, суреттер, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: мектеп – школа, оқиды – учатся, білім – знания, сынып – класс, оқушы – ученик, мұғалім – учитель.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Суреттер бойынша өткен «Қандай түстер?» тақырыпты қайталау.
Балалар суреттегі заттарды және олардың түстерінің қандай екенін атайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Педагог балаларға мектеп жайлы және балалардың жақында мектеп табалдырығын аттайтындарын айтып, әңгіме жүргізеді. Мектепте балаларды оқытатын адамды мұғалім деп айтатынын айтады. Мектеп туралы бейнематериалды көрсетеді.
Жаңа сөздермен таңыстыру.
– Балалар мектепке келді. – Балалар қайда келді?
– Балалар мектепке келді.
– Мынау – мектеп. Мек-теп. Мынау не?
– Мынау – мектеп.
– Мектепте оқиды, білім алады. Мектепте не істейді?
– Мектепте оқиды, білім алады. – Мынау – оқушы. Мынау кім?
– Мынау – оқушы.
– Мынау – оқушылар. Мынау кімдер?
Мынау – оқушылар.
Мынау – мұғалім. Мынау кім?
Мұғалім.
Мынау сынып. Сы-нып.
Мынау не?
Мынау – сынып.
Мектепте сынып бар. – Мектепте не бар?
– Мектепте сынып бар.
Сөздерді, сөйлемдерді жеке-жеке, хормен қайталап, дұрыс айтып жаттығады.
Мектепте сыныптар бар. Мектепте нелер бар?
Мектепте сыныптар бар.
Сыныпта орындықтар бар.
Сыныпта нелер бар? (Үстел, тақта, терезе сөздерін жекеше, көпше айтады). Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Қ-қ-қ-қ- оқушы – оқушы.
І-і-і-і- білім – білім.
Ғ-ғ-ғ-ғ – мұғалім – мұғалім.
Жаңылтпашпен таныстыру.
Сыныпта ақ бор бар, Көк бор бар, Көп бор бар.
Балалар қатты, ақырын, жай , жылдам қайталайды.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық Қолды белге қоялық.
Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр.
Алға бір адым,
Артқа бір адым. Жоғары, төмен қарайық Орнымызды табайық.
Мақалды жаттау, мағынасын түсіндіру.
Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы.
Ойын «Сөз ойла, тез ойла».
Педагог кез келген сөздің бірінші буынын айтады, балалар жалғастырады, мысалы мұ…, мек… т.с.с.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Заттарды ата. Олар қайда болады? Сызықпен сәйкестендір. Сөйлем құра.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.