«Ата-аналар» мектебі. Отбасылық дағдарыстар.

  1. “Ата-аналар мектебінің мақсаттары мен міндеттері”.
  2. “Ата-аналар мектебі” іс-әрекетінің мазмұны мен бағыттары.
  3. Отбасылық қалыпты дағдарыстар.
  4. Отбасылық қалыптан тыс дағдарыстар.

2005 жылы Қазақстан психологтарының Ұлттық Ассоциясы қызметкерлері, ОҚО білім беру департаменті мен әкімшілігінің, Балалар фондының БҰҰ ЮНИСЕФ қолдауымен “О:Қ:О балаларын” күту балама түрлерін дамыту және қызметті бағалау” жобасы жүзеге асырылады және “О.Қ облысында отбасыларын қолдау орталығы құрылды”.

2006 жылы аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде О.Қ облсында отбасын қолдау орталығының негізгі мазмұны мен тұжырымдамалары құрастырылды. Осы қызметтің көлемінде асырап алушы ата-аналармен жұмыс жасау бағдарламасы өңделді.

2007 жылы Тәжірибелік Психология және психотерапия Еуразиялық Институтінің және Қазақ Психологтар қауымдастығының мамандарымен біріге отырып, жұмыс тәжірибесін қортындылады. Бұл тәжірибе ата-аналармен жұмыс жасау барысында асырап алушы отбасы туған отбасында кеңейтіліп, қолданысқа енді.

“Ата-аналар мектебі” құрылды, оның негізгі мақсаты – отбасы мүшелерінің бір-бірімен өзара тиімді әрекеттесуін қаматамсыз ететін ата-аналық және ерлі-зайыптылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Ата-аналар және ерлі-зайыптылар қатынасының нәтижелігіне тренингтер жүргізілуде. Сондай-ақ, балалармен біріккен жеке сабақтар ұйымдастыру, ол отбасында бала мен ата-ана өзара қарым-қатынас тиімділігін арттырады.

Бағдарлама: арт-терапия, нейролингвистикалық бағдарлама, психодрамма, қимыл-қозғалыс психотерапиясы, денеге жанасу психотерапиясы, эриксондық гипноз, гештальт терапияның тәсілдерін қолдануға негізделген.

“Ата-аналар мектебі” өз отбасында бақытты, жақын адамдармен мәнді өмір сүргісі келгендер, ата-ана мен бала қатынасын және ерлі-зайыптылар қатынасын жетілдіру, қоршаған орта тітіркендіргіштеріне байсалды жауап беруді меңгергісі келгендер мен отбасы өзара қарым-қатынасына арналады.

Бағдарлама қатысушыларға (ата-ана баласын, жұбайын) өзін жұрыс түсінуді меңгертеді. Ата-ана баласын ашулану себебін, жұбайының ренішін түсіне бастайды.

Негізгі міндеттер:

-Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика мен коррекция;

-Тұлға ерекшеліктері мәселелеріне психологиялық коррекция (агрессивті, мінез-құлық, мазасыздық, сенімсіз іс-әрекет, қорқыныш және т.б.);

-Ата-аналар қабіллеттерін дамыту;

-Ерлі-зайыптылардың қабілеттерін дамыту;

-Тұлғаның жекелік мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып табысты ата-ана моделін қалыптастыру;

-Отбасылық дағдарыс психотерапиясы;

-Отбасылық дағдарыстың алдын-алу;

-Жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы;

-Жас ерекшелік дағдарыстың алдын-алу;

-Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

-Қақтығыс жағдайында тиімді іс-әрекет дағдыларын дамыту;

-Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сеніміділік пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту;

-Үлгідегі іс-әрекет мазмұны;

-Қақтығыс жағдайының алдын-алу дағдыларын дамыту;

  1. Бағдарламада төмендегідей мәтіндік бөлімдер болуы қажет.
  2. Ата-аналармен тиімділік тренингі

-Мен қандай ата-анамын?

-Ата-ана қабілетін өзіндік тану; 

-Үлгілі ата-ана бейнесін түзу;

-Ата-ана мәнділігін арттыру;

  1. Әртүрлі балалар

-Балалармен өзара тиімді қарым-қатынас;

-Мазасыз балалармен өзара әрекеттесу дағдылары;

-Аса белсенді және агрессивті балалармен өзара әрекеттесу дағдылары;

-Ауытқуы бар бала мен өзара әрекеттесу;

  1. Отбасылық қарым-қатынас тренингі. Ата-аналық

-“Менің ата-аналық стилім” 

-“жартушы” болу қиын;

-“Бірге ойнаймыз” 

-“Менің отбасымның отбасы”

  1. Ерлі – зайыптыларға арналған тренинг

-Ерлі-зайыптылар қатынасының тиімділік дағдысын дамыту; 

-“Отбасы тарихы” 

-Отбасы дағдарысына түсінік

-Отбасы дағдарысына психотерапия;

  1. Бала мен ата-ана қарым-қатынасы тренингі

-Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция,

-Баланың базалық қажеттіліктері;

-Бала мен ата-ана қатынасына психотерапия;

  1. Отбасы тарихымен жұмыс

-Отбасы тарихына диагностика;  

-Отбасы тарихына психокоррекция,

-“Кіршіксіз отбасы” үлгісін құру;

Сабақ тұрақты сипатқа ие. Кездесу топтары аптасына 2 рет кешкі уақытта жүргізіледі.

  1. Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы даму некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы, осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп-бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата-анамен бала арасындағы қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата-ана тарапынан тәуелсіздік алу процесінде, оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі-зайыптылар жеке қалып, бағып-қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп-жетілуіне орай ата-ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата-аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып-қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге өзінің қатысы жоқтай сезінеді. Отбасы дағдарысы алдағы екі деңгейде дамиды.

1.Кері құрылымдық, бұл отбасы қатынасының бұзылуы және оның қалыптасуына кедергі келтіретін әрекет.

2.Құрылымдық, отбасының жаңа деңгей қызметіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.

Отбасы қалыпты дағдарыстары

Отбасы психологиясында — өмірде кездесетін дағдарыстың кез-келген түрі қалыпты деп есептеледі.

Алғашқы некеге тұрудың өзі – дағдарыс болып табылады.  Әсіресе, тойға дейін жастар бірін-бірі ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке — өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше “Ұқсастық дағдарысына” соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренеді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделу кезеңі – алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі-зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі – бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала кұтіміне қызғанышпен қарайды, балсы әйеленің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.

Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата-ананың  мейіріміне, махаббатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезінде еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген иеттен туындйды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі. 

Қарым-қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбіне әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісіен шеттеле бастайды.

Келесі ол уақытқа байланысты екі дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата-ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата-аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал балалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызығушылығы ата-ана әр тұрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.

Отбасы дамуының келесі кезеңі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі-зайыптылардың бір-бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс-әрекетте белсенділікте ұста, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айалыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым-қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.

Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасыда іштей бөлінуге, қарама-қайшылықты әкеліп соғады.

Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл өмір сүрген 10-15 жыл аралығы сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.

Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты – дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата-ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі  жемісті мамандықпен қаматамасыз етуге ұмтылдырады.

Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз-өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата-ана қамқорлығына бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі-зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі-зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым-қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жетеді.

Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі-зайыптылардың бірінің кенттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелеренің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез-келген отбасы көтере білмейді, міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.

Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілтектер, аман қалғандар.

Жеңімпаздар ата-анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.

Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.

Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.

  1. Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс – отбасы өмірлік циклінің кез-келген кезеңінде кезедсетін дағдарыс, оны өмірдегі жағымсыз жағдайда қобалжу дағдарысы ретінде Р.Хилл үш факторды (отбасы шығатын дағдарысты) бөліп қарастырады:
  2. Сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы);
  3. Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесінде жол апаты, зорлануы т.б.)
  4. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақатығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)

Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:

  1. Дағдарыс жағдайы;
  2. Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы;
  3. Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көзқарасы, қабылдауы;
  4. Отбасы мүшелерінің өзгеруі;
  5. Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *