Асханада

Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Асханада
Мақсаты: білім-дағдыларын бекіту; өткен сөздерді қайталау, бекіту
Білімділік міндеті: тақпақты зейін қойып тыңдауға, оның ішінен таныс сөздерді табуға жаттықтыру, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: ойлау, елестету қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, сұрақтарға жауап беру дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: сыпайы, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: тағам атауларын біледі, сөздерді анық дұрыс айтады, диалог құрастырады.
Түсінеді: тақпақтағы сөздерді түсінеді.
Қолданады: сұрақтарға жауап береді, сөйлем құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, суреттер, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: асхана – столовая, аспаз – повар, пісіреді – варит, күріш – рис, палау – плов, көже – суп.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Азық-түлік» тақырыпты қайталау. Балалармен әңгіме құрайды.
Бүгін таңғы асқа не жедің?
Сәуле: Мен ботқа жедім, шырын іштім.
Арман: Мен жұмыртқа жедім, шырын іштім.
Балалар үлгі бойынша сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең Педагог тақпақ оқиды.
Өзің пісірген ас дәмді

Дуылдасты балалар,
Шуылдасты балалар, Өздерінше ойнайды, Өздерінше тойлайды. Шай әкелді біреуі, Май әкелді біреуі, Сүт әкелді біреуі, Ет әкелді біреуі.
Бірі күріш әкелді, Бірі бұрыш әкелді, Бірі алма әкелді,
Бірі нан да әкелді.
Бірі сүртіп табақты Бірі құйды тамақты.
Дөңгелене отырып,
Тостағанды толтырып,
Палауларын жеді де,
«Қандай тәтті», – деді олар.
Қ. Мырза Әли
Оқылған тақпақ мазмұны бойынша сұрақ-жауап арқылы әңгіме өткізу.
– Тақпақ не туралы? Балалар не әкелді? Қандай тағам дайындалды?
Балалар сұрақтарға жауап береді, тағамдарды атайды.
Педагог тапсырма береді.
– Оля, сүт әкел.
– Дима, ет әкел. т.с.с.
Жаңа сөздермен таныстыру. Суреттермен жұмыс.
– Мынау – күріш, кү-ріш.
– Мынау не?
– Мынау – күріш.
– Мынау – палау.
– Мынау не?
– Мынау – палау.
– Палау – тағам.
– Палау – не?
– Палау – тағам.
– Мынау – бұрыш. Бұ-рыш.
– Мынау не?
– Мынау – бұрыш.
– Балалар палау жеді. – Балалар не жеді?
– Балалар палау жеді.
– Палау дәмді.
– Палау қандай?
– Палау дәмді.
Балалар сөздерді, сөйлемді жеке-жеке айтып жаттығады.
Ойын «Асханада». Педагог асхана туралы түсініктеме береді: Асханада аспаз жұмыс істейді.
Аспаз тамақ пісіреді. Асханада адамдар тамақ ішеді.
Балалар кезекпен аспаз болады. Балалар тағамға (өздеріне таныс күнделікті тағамдар) тапсырыс береді. Аспаз ол тағамға қажетті азық түлікті таңдап алып атайды.
Мысалы:
– Мен палау жеймін. Палау беріңізші. (Аспаз ет, сәбіз, пияз, күріш суреттерін тауып атайды). – Рақмет. Палау дәмді болды.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бойымызды жазайық, Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
Жаңылпаш жаттау.
Ас аспай бас аспаз, Ас асты жас аспаз.
Қатты, ақырын, жай және жылдам қайталап айту. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суретке қара. Балалар қайда отыр? Не істеп отыр?
2.Аспаз не пісірді?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Сендерге қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *