Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Азық-түлік
Мақсаты: азық-түліктің қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын тағам атауларымен молайту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін дамыту, сұраққа толық жауап беруге машықтандыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ас қадірін білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: тағам атауларын қайталап, есте сақтайды.
Түсінеді: нені жеп, нені ішетінімізді түсінеді.
Қолданады: сөздерді сөз тіркестерімен айтады, сұраққа сөйлеммен жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, ойыншық ыдыстар, тағамдар, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: ет – мясо, жұмыртқа – яйцо, ірімшік – сыр, қант – сахар, шырын – сок, тағам – еда.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, кең далам!
Қайырлы таң, балалар!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?! Бүгін аптаның қай күні?
Өткен «Ыдыс-аяқ дүкені» тақырыпты қайталау.
Қима материалмен жұмыс. Ыдыс атауларын қайталау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. 2.Негізгі кезең
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы дорба», ішінде азық түлік (суреттер нан, сүт, май) бар.
Сиқырлы дорбада не бар?
Балалар дорбадан таныс азық түлікті (нан, сүт, май) алады, атайды.
– Сиқырлы дорбаны көрейік, тағы не бар екен. Ол үшін дорбамызды сиқырлайық, дорба туралы жақсы сөздер айтыңдар: Дорба әдемі, дорба жақсы.
1, 2, 3, 4, 5
5, 4, 3, 2, 1
Міне, дорба ашылды!
Педагог дорбаның екінші түбінен тағамдарды (суреттерді) алып, жаңа сөздермен таныстырады.
Мынау – ет.
– Мынау не?
– Мынау – ет.
– Мынау – жұмыртқа. Жұ-мырт-қа.
– Мынау не?
– Мынау – жұмыртқа.
– Жұмыртқа – тағам.
– Жұмыртқа – … (тағам) – Мынау – ірімшік. І-рім-шік.
– Мынау не?
– Мынау – ірімшік.
– Ірімшік дәмді.
– Ірімшік дәмді ме?
– Ірімшік дәмді.
– Ірімшік – тағам. – Ірімшік не?
– Ірімшік – тағам.
– Мынау – қант.
– Мынау не?
– Мынау – қант.
– Қант тәтті.
– Қант қандай?
– Қант тәтті.
– Қанттың түсі ақ.
– Қанттың түсі қандай?
– Қанттың түсі ақ.
– Мынау – шырын. – Мынау не?
– Мынау – шырын.
– Шырын дәмді.
– Шырын қандай?
– Шырын дәмді.
Балалар сөздерді, сөйлемдерді жеке, хормен айтып жаттығады.
Сөздіқ ойын «Тыңда, қайтала».
– Мен шырын іштім.
– Сен не іштің?
– Мен шырын іштім.
– Мен алма шырынын іштім. – Сен қандай шырын іштің?
– Мен алма шырынын іштім.
Үлгі бойынша балалар сөйлем құрайды: Мен нан, ірімшік жедім. Ірімшік дәмді. Шырын іштім. Шырын дәмді.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бойымызды жазайық Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық.
Тағамдардың барлығы қадірлі, оларды ысырап етуге болмайтынын түсіндіріп, тыйым сөзді жаттату.
Нанды баспа, ақты төкпе.
Қазақ халқы «ақ», – деп сүт, айран, қымыз, шұбатты айтқан.
Нан, сүт және етті қайдан аламыз?
– Азық-түлік дүкеннен аламыз.
Сюжеттік ойын: «Дүкен». Педагог – сатушы.
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе!
– Нан беріңізші.
– Қандай нан?
– Ақ нан.
– Міне, нан, алыңыз.
– Рақмет. Сау болыңыз.
Балалар үлгі бойынша диалог құрайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Тағамдарды ата. Сұраққа жауап бер. Сен не жедің? Не іштің? Сөйлем құра.
Мен нан жедім. Мен дәмді шырын іштім.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Сендерге қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.