II дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық шиеленістер барған сайын өрши түсіп, ядролық соғыс қаупін туғызды. Шиеленістердің шығу табиғаты әртүрлі болғанымен, негізгісі КСРО мен АҚШ арасындағы дүниежүзіне жеке-дара билік жүргізу жолындағы бақталастыққа байланысты еді.
Трумэн доктринасы 1947 жылы 12 наурызда қабылданды. Оның мәні Грекия мен Түркияда коммунистердің өкімет басына келуіне жол бермеу үшін бұл елдердің батысшыл режімдеріне 400 млн. доллар несие берілуі. Конгрестен қарж.ық көмек сұрай отырып, Трумэн мұны «дүниежүзілік коммунизмді» тежеу қажеттігімен түсіндірді.
1947 жылдың қазан айынан бастап АҚШ-та жаңа неміс маркалары басылып шығарылып жатты. 1948 жылы 23 маусымда Берлиннің батыс секторларында жаңа ақшаның енгізілуі жағдайды ушықтырып жіберді. Шығыс Германияның кеңестік әскери әкімшілігі бұған жауап ретінде Батыс Германияның ескі маркаларында, жаңа маркаларын да кеңестік аймаққа алып келуге тыйым салды. Германияның шығысында шұғыл түрде өзінің маркасы енгізілді. 1948 жылы 23 маусымда кеңес әскерлері Батыс Берлинді қоршауға алып, Батыс Германиямен байланыстыратын темір жол мен автомобиль жолдарын үзіп тастады. Қоршау 1949 жылы 12 мамырда аяқталды.
1948-1949 жылы Берлин дағдарысы іс жүзінде «қырғи-қабақ соғыстың» көрінісі болды.
Екі жақ та әскери-саяси одақтар құруға кірісті. АҚШ бастаған НАТО – 1949 жылы, КСРО бастаған Варшава Шарты Ұйымы 1955 жылы құрылып, «қырғи-қабақ соғыстың» негізігі орталықтарына айналды.
1955 жылы 14 мамырда Варшавада сегіз елдің; КСРО-ның, Польшаның, Чехословакияның, Румынияның, Болгарияның, ГДР-дің және Албанияның достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартына қол қойылды. Құрылған социалистік елдердің әскери-саяси одағы Варшава Шарты Одағы (ВШО) деп аталды.
1949 жылы қаңтарда экономикалық өзара көмек кеңесі құрылды. Оны құрғандар – КСРО, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния. Чехословакия. Бұл ұйымның мақсаты – өзіне енген елдер арасында жоспарлы, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастық пен халықаралық еңбек бөлінісін ұйымдастыру.
Соғыстан кейін отарлық жүйе біртіндеп ыдырап, бірталай елдер отар бұғауынан құтылып, тәуелсіз өмір сүре бастады. Олардың көбі Батыс пен Шығыс топтарына қатыспай, бейбітшілікті, бостандықты құрметтейтін үшінші дүние атты топ қалыптастырды.
Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алды. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөліп, бір бөлігінде еврейлердің (Израиль), екіншісінде арабтардың (Палестина) мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. Арабтар бұл шешімді бірден мойындамады. Сол сағатта арабтар оған соғыс бастады.
1956 жылы Египеттің жаңа конституциясы қабылданды. А.Насер елдің президенті болып сайланды. 1956 жылы ол Суэц каналын ұлт меншігіне алу туралы шешім қабылдады. Бұл бірқатар мемлекеттердің қарсыласу әрекеттерін туғызып, олар 1956 жылдың күзінде Египеттің Израильмен, Ұлыбританиямен және Франциямен арадағы қарулы жанжалына ұласты.
1955 жылы Бандунгте (Индонезия) Азия мен Африканың 29 елінің конференциясы шақырылды. Конференция бейбіт қатар өмір сүрудің 10 қағидасын жариялады. Конференция әскери блоктарды айыптады. Блоктарға қосылмау қозғалысы Белград конференциясында ресми түрде 1961 ж. дербес қозғалыс ретінде бекіді.
60-жылдардың шегінде Кеңес Одағы мен Қытай Халық Республикасының қатынасы күрт нашарлады. Екі ел арасындағы шиеленістің ұлғаюы, сонымен қатар, аз ұлттардың проблемасына байланысты болды. Бұл ең алдымен, Шыңжан тұрғындарына қатысты еді. 60-жылдардың басында осы аймақтан халық КСРО-ға жаппай көше бастады. 1962 жылы 22 сәуірден маусымның басына дейін 67 мың адам шекараны жасырын түрде кесіп өтті. Мұндай көші-қонды Қытай басшылығы «Кеңес ревизионистерінің «бүлдіру әрекеттері» деп түсіндірді.
Польшадағы, ГДР-дегі 1953 жылғы көтеріліс және басқа да елдердегі ереуілдер, 1968 жылы Прага көктемі атты қозғалыс КСРО және ГДР мен Венгрия әскерлерімен басып жаншылды.
1962 жылы Куба дағдарысы өте қауіпті жағдайға жетті. Куба революциясының жеңісі Кариб теңізі бассейініндегі шиеленісті ушықтырды. АҚШ Кубаға басып кірудің жоспарларын жасаумен болды. 1961 жылы 17 сәуірде АҚШ арнайы тобы ұйымдастырған басып кіру әрекеті іске аспады. Бұдан кейін Куба КСРО-дан көмек сұрады. Кеңес Одағы «өнеркәсіп жабдығы» деген сылтаумен Куба аумағына орташа қашықтықта ұшатын ядролық зарядтары бар 42 зымыранды жасырын өткізді. АҚШ-тың ғарыштағы жер серіктері оларды көріп үлкен жанжал туды. 1962 жылы қазанда соғыс шығып кету қаупі төнді. КСРО шегінуге мәжбүр болды. Кариб дағдарысы бейбіт жолмен шешілді.
Белгісіз күштердің белсенді көзқарасы АҚШ пен Ұлыбританияны Кеңес Одағымен бірге 1963 жылы тамызда атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астындағы ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартына қол қоюға мәжбүр етті.
1957 жылы Франция, ГФР, Италия және Бенилюкс (Бельгия, Нидерланды, Люксембург) елдері, 1957 жылы Еуропалық экономикалық қоғамдастық (ЕЭҚ) құру туралы келісім жасалды. Оның шеңберінде қатысушы елдердің бүкіл экономикалық жүйесін, ұлттық құрылымдарын құрып, мемлекет билігіне алу көзделді.
Финляндия Еуропа қауіпсіздігі жөнінде мәжіліс шақыру ұсынысын қолдады. Оны дайындаудың ұйымдастырушылық ісін мойнына алды. 1975 жылы Хельсинкиде үшініші – қорытынды кезеңі жемісті аяқталды.
1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті және АҚШ пен Канаданың қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасу туралы Акт қабылданды.
Скандинавия елдері Еуропадағы экономикалық ықпалдастық үрдісінен шет қалмады. 1995 жылы Швеция және Финляндия Еуропа Одағына толық құқылы мүше болып қабылданды.
Дүниежүзін елдерін үрейлендірген «қырғи-қабақ соғыс» 90-жылдардың басында аяқталды. Варшава тобы таратылды, социалистік лагерь ыдырап кетті.
Кеңес Одағы ыдырап, социалистік жүйенің күйрегені дүние жүзіндегі халықаралық қатынастарға ықпал етті.
1991 жылы 11 желтоқсанда Маастрихт қаласында Германия мен Францияның шақыруымен Еуропа Одағы туралы шартқа қол қойылып, біртұтас қарж.ық-экономикалық және саяси одақтас ұйымы өмірге келді. Еуропалық Одақтың барлық мүшелеріне арналған есеп айырысудың ортақ ақшасы енгізілді, алғашында ЭКЮ, ал одан кейін ЕВРО деп аталды. Ол 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.
1975 жылдан бастап «Үлкен жетіліктің» кездесулері үзбей өтіп тұрды, оған әлемнің ең жетекші индустриялық елдері қатысады. 2002 жылы жетілік Ресейдің қосылуына байланысты «Үлкен сегіздік» деп аталды.
Тек «қырғи-қабақ соғыс» кезеңі аяқталып қана қойған жоқ, дүниеде жаңа тәртіп орнату үдерісі басталды. ХХI ғасырдағы дүниеде әлемдік өркениеттің көп полюсті моделі қалыптасуда.