№29
Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты: шағын мәтіндер құрауды үйрету жалғастыру.
Білімділік міндеті: қыс мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айтуға үйрету, тақпақ, жаңылтпаш жаттауға және диалогке қатысуға үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: жаңа сөздерде қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, қоршаған орта жайлы ұғымдарды қалыптастыру барысында сөздік қорды байыту және дамыту.
Тәрбиелік міндеті: қоршаған ортаны бақылату, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді қайталайды, қарапайым диалогке қатыса алады.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: шағын мәтіндер қайталайды, сұрақтарға толық жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, қыс мезгілі туралы слайд (интербелсенді тақтада), постер, қима материалдар, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: қыс – зима, қыс қызығы – зимние забавы, қар – снег, аққала – снеговик, сырғанақ – каток, шана – сани, коньки – коньки, сүңгі – сосулька.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
– Шеңберге тұрып, достарымызбен қол ұстасайық. Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық!
Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Қандай жақсы дос болу!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Әсем қала – Алматы» тақырыпты қайталау.
Ойын: «Алтын сақа». Балалар сақаны бір-біріне береді. Сақаны қолына алған бала тақырып бойынша сөз, сөйлем айтады.
– Алматы – әсем қала.
– Алматыда метро бар.
– Алматыда саябақ бар. Саябақ көп. Саябақтар әдемі.
– Алматыда Медеу мұзайдыны бар.
– Алматыда Көктөбе бар.
2. Негізгі кезең
Жаңа сөздермен таныстыру. Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Суреттегі балалардың іс-әрекетіне көңіл аудару. Сұрақ қоя отырып, таныс сөздерді қайталау және жаңа сөздермен таныстыру.
Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
Жыл мезгілі – қыс.
Мынау не?
Мынау – қар.
Ақ-ақ – ақ қар.
– Қардан не жасаймыз?
– Аққала жасаймыз.
– Мынау – сырғанақ. – Мынау не?
– Мынау – сырғанақ.
– Балалар сырғанап жүр. – Балалар не істеп жүр?
– Балалар сырғанап жүр.
– Шанамен сырғанап жүр. Конькимен сырғанап жүр. – Немен сырғанап жүр?
– Шанамен сырғанап жүр. Конькимен сырғанап жүр.
– Бұлар – қыс қызығы.
Балалар таныс және жаңа сөздерді қайталайды. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Қ-қ- қ — қа – қар.
Қ-қ-қ-қ -нақ-нақ – сырғанақ.
Педагог шағын әңгіме құрап айтады. Мынау – қыс мезгілі. Дала аппақ қар. Қыста балалар аққала жасады. Балалар шанамен, конькимен сырғанап ойнап жүр. Бұлар – қыс қызығы.
Балалар қайталайды.
Тақпақ жаттау. Педагог тақпақ жаттауды ұсынады. Қыста қармен ойнаймыз, Қызыққа біз тоймаймыз. Таудан төмен сырғанап, Шаңғы, шана тебеміз.
Сергіту сәті.
Аспан болсын көгілдір, Жайнай берсін бұл өмір. Ақ мамық қар жауып, Біз аққала жасаймыз.
Жаңылтпашпен таныстыру.
Тұз – мұздай,
Мұз – тұздай.
Балалар жаңылтпашты жай, жылдам қайталайды. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Қыста балалар не істейді? Сөйлем құра.
2. Қыс мезгіліне тән заттарды қорша. Оларды ата. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
«Аудармасын айт» дидактикалық ойыны.
Педагог сөздерді орыс тілінде айтады, балалар аударады.
зима – қыс қар – снег снеговик – аққала мұз – лед замерзает – қатады шана – сани.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Бүгін сендерге қызықты болды ма? Не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.