№17
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Мен және менің достарым.
Мақсаты: тақырып бойынша сөздер үйрету, сөзді саналы түрде есте сақтауға жаттықтыру. Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздері дұрыс айтуға және оларды қолдана білуге үйрету, достық туралы түсініктерін кеңейту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру, сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру Тәрбиелік міндеті: достыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады. Сөйлемдер құрастырады.
Түсінеді: дос, тату, достар сөздерін түсінеді.
Қолданады: өзі және достары туралы айтады, қарапайым сұраққа жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, қарындаштар, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: дос – друг, достар – друзья, тату – дружно, біздің достарымыз – наши друзья.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері: педагог балаларға өлеңді бірге қимылмен айтуға ұсынады.
Достар, бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер.
Ғажайып сәт: Қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Балалармен амандасады. Ойын ұйымдастырады.
Өткен «Менің отбасым» тақырыпты қайталау. Сөздік ойын: «Мен бастаймын, сен қошта». Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2. Негізгі кезең
Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Педагог балаларға балабақшаның суретін көрсетіп, сұрақтар қояды.
– Мынау не?
– Бұл – балабақша.
– Балалар қайда келді?
– Балалар балабақшаға келді.
– Балалар не істеп жүр?
– Балабақша ауласында ойнап жүр.
– Саған балабақшада көңілді ме?
– Иә, балабақшада көңілді. Балабақшада балалар көп. Олар бір-бірімен дос.
– Дос, дос-ы-ң, се-н-і-ң до-сың. Ме-н-і-ң до-сым.
Педагог балаларға қолдарына айнаны алып, дыбыстық жаттығулар жасауды ұсынады және сөздерді қайталап, естеріне сақтауды ескертеді.
– Артем, сен кіммен ойнайсың? Артем, Арлан сенің досың ба?
– Иә. Менің досым – Арлан.
– Артем, Арлан – достар.
– Достар қалай ойнайды?
– Достар тату ойнайды.
– Біз Артем екеуміз дос-пыз, та-ту ойнаймыз.
– Біз-дің до-сы-мыз көп (балалар қайталайды).
Педагог мақал-мәтелді түсіндіреді.
«Адам досымен, ағаш тамырымен мықты» .
Жаңа сөздерді естерінде сақтату: дос – друг, достар – друзья, тату – дружно, біздің достарымыз – наши друзья
Дидактикалық ойын: «Өзіңнің досың туралы әңгімеле».
Балалар өздері туралы және достары туралы әңгімелеу.
Менің атым – Наташа. Мен бес жастамын. Менің досымның аты – Сәуле. Біз тату ойнаймыз.
Менің атым – Артем. Мен бес жастамын. Менің достарымның аттары – Арлан, Рома.
Біз достарымызбен татумыз. (Балалар қайталайды).
Сергіту сәті. Зеңгір көктем, нұрын төккен,
Ортақ біздің гүліміз,
Жайнап өскен, жайдары өскен,
Біз өмірдің гүліміз.
Бал достыққа, жолдастыққа Шақырады әніміз.
Тыныштықта, нұр құшақта Бақыттымыз бәріміз.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретке қарап, достар туралы шағын мәтін құра. Балалар қандай ойындар ойнайды?
2. Арманға достарымен кездесу үшін жолды табуға көмектес. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия
Қорытындылау, бағалау, мадақтау.
– Біз бүгін не істедік? Сендерге не ұнады?
– Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.