ХVI-ХVII ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері

Орта ғасырлар тарихының үшінші кезеңі жаңа қоғамдық қатынастар заманына өтуге дайындық кезі болды. Бұл кезеңде Еуропа мен Азияның жоғарғы дәрежеде дамыған елдерінде феодалдық қоғам дағдарысқа ұшырап, ыдырауға бет алды. Ол қоғамның ішінде жаңа капиталистік қатынас та қалыптаса бастады. Бұған ғылым – білімнің дамуы, еңбек құрал-жабдықтарының жетілуі, қоғамдық еңбек бөлінісінің онан әрі тереңдей түсуі, ақырында, еңбек өнімділігінің арта беруі себеп болды.
Бұрынғы цех қолөнерінің орнына әлдеқайда оңай, сапалы, әрі бұйымды көп шығаратын мануфактуралар қалыптаса бастады. Оларда жерінен, мал-мүлкінен айырылған кедей қолөнершілер жұмыс істеді. Олар мануфактура иесінен нақтылы өндірген өнімнің мөлшеріне қарай жалақы алып отырды. Неғұрлым өнімді мол өндірсе, жалақысыда соғұрлым көп болды.
Осындай жалақы алып істейтін мануфактура жұмысшылары жалдамалы жұмысшылар деп аталды. Мануфактура иелері де өз табыстарын жерден емес, жалдамалы жұмысшылар өндірген өнімнен тауып отырды. Мұндай жалдамалы жұмысшылар еңбегімен байып алған мануфактура иелері буржуазия деген атқа ие болды.
Сөйтіп орта ғасырлардың үшінші кезеңінде феодалдар мен шаруалардан басқа қоғамның жаңа таптары – буржуазия мен жұмысшы табы қалыптаса бастады.
Буржуазия жалдамалы жұмысшылар есебінен баюменен ғана шектелмеді. Олардың келесі бір табыс көзі – отарлар басып алу болды. Отарлар басып алу ұлы географиялық жаңалықтардан басталды. Буржуазия отарлардың кең байлықтарын, өндіріске қажетті шикізаттарын тегін иемденіп отырды. Оның үстіне отарлардың жергілікті халықтарын жаппай құлдыққа сату да буржуазияның байлығын арттыра түсті.
Буржуазия – феодалдық қоғам кезінде орташа ауқатты қала тұрғыны, капиталистік қоғамда өндіріс құрал – жабдықтарының иесі болып табылатын үстем тап.
Жаңадан қалыптаса бастаған капиталистік қатынастар феодалдық қатынастарға қарағанда заман талабына, еңбек құрал-жабдықтарының даму дәрежесіне сай, озық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл қатынастар адамзат дамуының келесі бір жоғарғы баспалдағы капиталистік қоғам қатынастары еді.
Еңбекке ақылы төлеу өндірілген өнімнің мөлшеріне байланысты болғандықтан, жалдамалы жұмысшылар еңбек өнімділігін арттыра түсуге мүдделі болды. Тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау қарқыны өсті. Өндірістің өркендеуі сауданың кең көлемде дамуына ықпал етті.
Бірақ, жаңа қатынастардың орнығуына ескі қоғамдық қатынастардың жақтаушылары қарсыласып бақты. Олар өкіметтің көмегімен өздерінің жер иелену құқықтарын қорғады. Буржуазияға еселеп салық салып отырды, шаруаларды өздеріне тәуелділікте ұстай берді.
Феодалдардың мұндай зорлық-зомбылығына қарсы еңбекші халық бұқарасының, буржуазияның назарлығы күшейе түсті. Шаруалар, қала кедейлері, қолөнершілер мен буржуазия феодалдық қатынастарды жою үшін күреске шыға бастады.
Буржуазия мен еңбекші халық бұқарасының алғашқы соққысы католик шіркеуіне бағытталды. Халық шіркеуде қайта құруды, оның арамтамақтық, қанаушылық әрекеттерін жоюды талап етті. Бұл күрес тарихқа реформация деген атпен енді.
Католик шіркеуі феодалдық өкіметтің көмегімен халықты қатаң жазалауға көшіп, ескі тәртіптерді сақтап қалуға күш салды. Шіркеуге қарсы шығушыларды күпірлер деп жариялап, отқа өртеді, қудалауға ұшыратып, тәркіледі. Әсіресе халықтың саналы тобы – оқымысты ғалымдар қатаң жазаланып, қудаланды.
Жаңа қоғамдық қатынастарға қарсы күрес феодалдарды өкімет билігін күшейтуге итермеледі. Осы мақсатпен орта ғасырлардың үшінші кезеңінде көптеген елдерде корольдердің тежеусіз билігі орнады. Ондай билік монархиялық билік деп аталды. Монархтар әскердің, шенеуніктердің, сот пен түрменің көмегімен жаңа қатынастардың орнауына жол бермеуге тырысты.
Дегенмен ескі қоғамдық қатынастарды күшпен қорғап қалу, жаңа, озық қатынастарды жазалау жолымен тежеп тұру мүмкін емес еді. Халық бұқарасының қолдауымен буржуазия жаңа қоғамдық қатынастың- капитализімнің қалыптасуына карай бет алды.
ХVI ғасырдың басында Францияның саяси-экономикалық күш-қуаты артып, бүкіл ел бір орталықты өкіметке – король билігіне бағындырылды.
1539 жылы Франция королі І Франциск мемлекеттік тіл ретінде француз тілін енгізді. Осыдан бастап мемлекеттегі ресми құжаттар латын тілінде емес, француз тілінде жүргізіле бастады.
1555 жылы француз дәрігері, математик, астролог Нострадамус «Жүзжылдықтар» атты кітап жазып, онда 2025 жылға дейінгі адамзат тарихындағы болатын алапат соғыстар мен қанқұйлы қатыгездіктерді алдын-ала болжап айтты.
ХVI ғасырда Франция алғашқы қорлану кезеңіне аяқ басты. Феодалдық қоғамның ішінде капиталистік өндіріс туа бастады. ХVI ғасырдың басында мануфактуралық өндіріс өмірге келді.
ХVII ғасырдың басында сыртқы сауданы дамыта түсу мақсатымен Франция Америка құрлығына отар басып алуға кірісті.
ХVI ғасырдың екінші жартысында «діни соғыстар» басталып, елдің саяси-экономикалық жағдайына зардабын тигізді. Бұл соғыстар католик дінінің озбырлығына, кертартпалығына қарсы бағытталды.
Француз халқының католиктік дінге наразы тобы гугеноттар деп аталды. Ол атау немістің одаққа біріккендер деген сөзінен шықса керек. Осы екі діни бағыттың арасындағы текетірес 1572 жылы тамызда Варфоломей түні деген оқиғаға әкеліп соқты. Католиктер гугеноттарды қырып салды.
Бұл қырғын елді оңтүстік және солтүстік болып бөлінуіне себеп болды. 1593 жылы король Генрих IV католиктік дінге мойынұсынған соң азамат соғыстары аяқталды.
ХVII ғасырдың екінші жартысында Францияда шексіз, абсолюттік монархия түпкілікті орнады, ел билігі түгелдей корольдің қолына жинақталды.
Кейінгі орта ғасырларда Англияда капиталдың алғашқы қорлануы қызу қарқынмен жүрді. Оның негізін қауымдық жерлерді қоршап алу қалады. Король Генрих III (1509-1547 жж.) қайыршылық пен қаңғыбастыққа қарсы жарлық шығарды. Ол жарлық бойынша қайыршылар қандай да болмасын жұмысқа орналасуы тиіс болды, әйтпесе жекелеген отбасыларына малайлыққа берілді.
Ирландияны жаулап алу жүйелі жүргізілді. 1607 жылы Америка құрлығындағы Виргинияда Англияның ең алғашқы отарының негізі қаланды.
1485 жылдан 1603 жылға дейін Англияны Тюдорлар әулетінен шыққан корольдер биледі. Олардың кезінде король билігі күшейіп, тежеусіз сипатқа ие болды. VIII генрих 1534 жылы Англияның шіркеуін Римге бағынудан азат етті. Шіркеу басшысы король деп жарияланды. Тюдорлар әулетінің жүргізген ішікі және сыртқы саясаттары XVII ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еуропадағы ең алдыңғы қатарға шығуын қамтамасыз етті.
1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа Стюарттар әулеті отырды. 1603-1625 жылдары I Яков, 1625-1649 жылдары I Карл билік құрған тұста абсолютизм дағдарысқа ұшырады. Феодалдық қатынас ыдырап, елде ірі кәсіпорындар пайда бола бастады. Кедейленген жұмысшылар бірте-бірте жалдамалы жұмысшыларға айналды.
XVI ғасырда Германияның ең бай мемлекет болу мүмкіндігі жеткілікті еді. Германия дүниежүзілік сауда жолындағы қолайлы орынға орналасқан болатын. Осындай ұтымды жақтарына қарамастан Германия экономикалық дамуы жағынан артта қала берді. Ол артта қалудың бірнеше себептері бар еді.
Оның ең бастысы елдің саяси бытыраңқылығы болды. Германия іс жүзінде өзара қарым-қатынасы жоқ ұсақ кінәздіктерден тұрды. Әрбір кінәз өз теңгесін шығарды, алым-салық жинады, сот жүргізді. Мұндай бытыраңқылық елді экономикасының онан әрі дамуына зиян келтірді.
Католик діні аддамды күнәдан шіркеу ғана құтқара алады деп уағыздады. Шіркеу күнәні кешіру грамоталарын сатты, халықтан салық жинады. Католик шіркеуінің озбырлығына қарсы қозғалыс Германия тарихына реформация деген атпен енді. Ол қозғалысты дін саласының білімдары, университет профессоры Мартин Лютер (1483-1546) бастады.
Ол күнәдан құтылудың басты жолы Киелі кітапты оқу, оған толық сену» деді. 1517 жылы Лютер шіркеу озбырлығы мен папа индульгенциясына қарсы көзқарасын білдіретін үндеуін – «95 тезисін» таратты. 1520 жылы Лютер папа зорлығына қарсы күресті бүкіл неміс ұлтының ісі деп жариялады.
Мартин Лютердің пікіріне дін уағыздаушысы Томас Мюнцер (1490-1525 жж.) қарсы көзқарас ұстады. Ол барлық езгіге, зорлық зомбылыққа шыдағандарға құдайдың мейірім-шапағат жасайтыны туралы түсінікті жоққа шығарды. Мюнцердің пікірінше, адамдардың өзінен тыс, олардың өмірдегі тіршілігінен басқа ешқандай өмір жоқ. Мюнцер монастырьларды, дворяндар мен кінәздарды қамалдармен қоса күл-талқан етуге шақырды. Ол әлеуметтік теңсіздік болмайтын қоғамдық құрылысты уағыздады.
Мюнцерді қолдаған кедей шаруалар мен қолөнершілер 1524 жылы көтеріліске шықты. Көтерілісшілер анабаптистер, яғни «басқаша шоқынушылар» деп аталды. Олар байлар мен шіркеудің байлығын күшпен тартып алып, жерде жұмақ орнатпақ болды.
1555 жылы кінәздар мен императордың арсында бітім жасалды. Ол бітім бойнша кінәз өз халқына қайсы дінді ұстайтынын белгілейтін болды. Сөйтіп реформациядан кейін Германияның бытыраңқылығы онан әрі күшейді.
Германия 1618 жылдан 1648 жылға дейін жалпы еуропалық соғыстың басты алаңына айналды.
Испания королі Фердинанд пен оның жұбайы Изабелла өздерін «католиктік корольдерміз» деп атады. Олар Испанияны таза христиандар еліне айналдыруды көздеді.
Еуропадағы католиктік күштер Испанияның дүниежүзілік империя құру құралына айналды. 155-1598 жылдары билік құрған король II Филипп католиктік реакцияны бүкіл Еуропа елдеріне таратуға тырысты.
XVI ғасырда Испания корольдігі Еуропаның ең күшті державаларынң бірі саналды.
Алайда бұл қуаттылық ұзаққа созылмады. 1588 жылы Испан королі 130 желкенді кемеден тұратын флотын Англия жағалауына аттандырды. Жеңетіндігіне күмән келтірмеген король ол флотты «Жеңілмейтін армада» деп атады. Бірақ испан флоты тас-талқаны шығып, жеңіліп қалды. Сөйтіп, XVI ғасырдың аяғында Испания теңіздегі үстемдігінен айырыла бастады.
1566 жылы Испан Абсолютизміне қарсы Голландия мен Зеландияда революция басталды. 1581 жылы Голландия мен Зеландия ресми түрде Импан королі II Филиптің тақтан түсірілгенін жариялады. 1609 жылы Нидерланды тәуелсіз мемлекеттке айналды. Сөйтіп, Нидерланды ең алғашқы буржуазиялық революция жеңіске жеткен ел болды. Ол елде тарихта ең алғашқы буржуазиялық республика орнады.
Испания мен Франция арасындағы Италия үшін жүргізілген күрес 1559 жылы аяқталды. Бітім шарты бойынша Италияның көп жері Испанияның қол астында қалды. Тәуелсіздікті тек Папа аймағы мен Венеция және Савойя ғана сақтап қалды.
Батыс Еуропада XV ғасырдың бірінші жартысында ірі қалалар дамып, ірі кәсіпорындар пайда болып, тауар өндіру артты, сауда ұлғайды. Ақшаның маңызы күшейіп, сауданың онан әрі дамуына себепші болды. Теңге соғу үшін алтын-күміс металдарына деген сұраныс артты. Өндіріс заттарын өндіру үшін арзан шикізат керек болды.
Сол кезде Батыс Еуропа елдерінде осы айтылған қымбат заттар Үндістанда, Шығыс Азия елдерінде «төгіліп жатыр» деген кәуесет тарады. Батыс еуропалықтар су тегін байлыққа тез жетіп, алтын, піл сүйегі және бағалы металдармен морж тісіне кенелгісі келді.
XV ғасырда тез жүретін жеңіл, желкенді кеме – каравелла жасалды. Мұндай кемелер жүрдек әрі сыйымды еді. Каравелламен алыс сапарға шығуға болатын еді.
Х.Колумб үш кемемен 1492 жылы тамызда Испания жағалауындағы Полос қаласынан сапарға шықты.
Америка материгін тұңғыш ашқан Христофор Колумб еді, бірақ ол өмірінің ақырына дейін жаңа материк ашқанын білмеді. Ол жердің жаңа материк екендігін дәлелдеген Америго Веспучи болды. 1507 жылы космограф Мартин жаңадан ашылған жерді Америго деп атау керек дейді.
Сөйтіп жаңа құрлық А.Веспучидің атымен аталып кетті.
Х.Колумб 1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істетйтін Доминико Колумб отбасында туған.
Х. Колумб батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді – Американы ашып жүргенде, Васко да Гама Африканы айнала жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.
Ацтектер Мексикадағы теңіз деңгейінен 2000 метр биіктіктегі қыратта, тау шыңдарының етегінде, ауарайы жұмсақ және топырағы құнарлы, табиғаты сұлу алқапта орналасқан. ХIV ғасырда солтүстіктен келген Ацтектер үлкен көлдің ортасындағы аралдарға Теночтитлан қаласын салды. Аралдарды бөгеттермен жалғастырды. Қалада көшелер, храмдар мен сарайлар салынды.
Сәулет өнерінде Майя тайпасының жетістіктері үлкен болды. Олар биік тұғырларға және жасанды төбелерге сарайлар мен текшелі пирамида түрінде храмдар салды. Құрылыстарды бедер өрнекпен, құдайлардың мүсіндері және фрескалармен безендірді.
Географиялық ашулар және отарлық басқыншылық Еуропада тауар өндіруді жеделдетуге біршама ықпал етті. Алайда Азия мен Африканың халықтары үшін отарлық езгіге түсудің бастамасы еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *