Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі отаршылдық империялардың ыдырауы Азия мен Африкадағы отаршылдықты жойды. 1960 ж. желтоқсанда БҰҰ-ның отаршылдықты жою принциптері туралы Декларация қабылдауының айрықша маңызы болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері социалистік даму жолына түсті. Олардың КСРО-ның ықпалында болуы бұл елдердің осындай жолды таңдауын белгілеп берді. Азияның Қытай, Солтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Камбоджа сияқты елдері де социалистік даму жолын таңдады. 60-ж. басында Куба социализм орнату жолына түсті Сөйтіп КСРО бастаған дүниежүзілік социалистік жүйе орнады. Құрамында социалистік елдер кірген бұл жүйе екінші дүниеге жатады.
Бірінші дүние дамыған капиталистік елдерден құралады. Бұл елдер, негізінен, капиталистік дамудың алғашқы легі болатын. Оның бірінші дүние болуының себебі – басқалардан бұрын қалыптасып, үстемдік жағдайға ие болғандығында.
КСРО-да Черчилльдің Фультондағы сөзі тікелей жаңа дүниежүзілік соғысты бастауға шақырған сөз деп қабылданды. И.В.Сталин 1946 ж. 14 наурызда «Правда» газетінде жарияланған сұхбатында мұны айқын көрсетті. Ол былай деді: «Іс жүзінде Черчилль мырза қазіргі соғыс өртін тұтандырушы позицияда болып отыр. «Қырғи-қабақ соғыс» 1946 жылдан 1991 жылға дейінгі уақытты қамтиды.
Дүниежүзін елдерін үрейлендірген «қырғи-қабақ соғыс» кезеңі 90-ж. басында аяқталды. КСРО ыдырағаннан кейін Варшава тобы таратылды, социалистік лагерь ыдырап кетті.
КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік тәуелсіз мемлекеттердің көпшілігі Шығыс Еуропа елдерінің ізінше даму үлгісі ретінде нарықтық экономиканы және саяси құрылыстың либералдық-демократиялық түрін таңдап алды.
КСРО мен Шығыс Еуропадағы социалистік елдер тобының ыдырағаны Шығыстағы геосаяси жағдайды өзгертті. Қорғансыз қалған Азиядағы социалистік режімдер басқа жағдайға бейімделуге мәжбүр болды. Олардың ішінен тек Солтүстік Корея ғана ортодоксальдық жағдайда қалды, ал Қытай, Вьетнам, Лаос, Камбоджа нарықтық қайта құрулар жолына түсіп, дамыған капиталистік елдермен жақындаса бастады.
Экономикалық даму деңгейі жағынан дамыған дүниеге жақындап «жаңа индустриялы елдер» қатарына кіретін Оңтүстік Корея мемлекеті.
ҒТР-ның алғашқы толқыны 40-50 жж. соңына сәйкес келді. Электрондық технология дами бастады, ол өндірістің сипатын принципті түрде өзгертіп, еңбек өнімділігін күрт арттырды.
1961 ж. 12 сәуірде ғарышқа алғаш рет адам ұшырылды, ол КСРО азаматы Ю.А.Гагарин болды.
70-жылдың екінші жартысында мини-процессорлар пайда болуына байланысты ҒТР-дің жаңа легі басталды, ол «ақпараттық немесе телекоммуникациялық» революция деп аталды.
Ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін пайдалану ауыл шаруашылығы өндірісінің сипатын түпкілікті өзгерттті. Бұл құбылыс «жасыл революция» деп аталды.
70-80 жж. қоршаған ортаны қорғау жолындағы қозғалыстың туғаны азаматтық қоғамның қызметімен байланысты. Оның түрлі елдердегі жақтастары (оларды «жасылдар» деп атайды) табиғатты қорғауды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды жақтайды. «Жасылдар» қозғалысының дамуы қоршаған ортаға зиянын тигізетін жекелеген өнеркәсіп салаларына маңызды «қоғамдық бақылаушыға» айналды.
1974-1975 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жаңа консервативтік толқынға бастама жол салып берді. 1970 ж. Ұлыбританияда М.Тэтчер бастаған консервативтік партияның билік басына келуі, 1980 ж. АҚШ-тағы президент сайлауында республикашыл Р.Рейганның жеңіске жетуі, Франция мен Италиядағы парламент сайлауында консервативтік күштер ұсынған идеялардың халықтың қалың топтарының көңіл күйіне үйлесетінін көрсетіп берді. Жаңа консервативтік толқын 90-жж. тоқтай бастады.
1974-1975 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жаңа консервативтік толқынға бастама жол салып берді. Олардың бағдарламаларында экономикадағы мемлекеттің рөлін азайту, меншікті мемлекет билігінен шығару басты орын алды.
1985 ж. Женевада жоғары дәрежеде кеңес-американ келіссөздері жүргізілді. 1986 ж. олар Рейкьявикте, 1987 ж. Вашингтонда және 1988 ж. Минскіде одан әрі жалғастырылды. Осы жиындарда ядролық қаруларды шектеу мәселелері талқыланды. Екіжақты келіссөздердің барысында кейбір оңды нәтижелерге қол жеткізілгені де сөзсіз.
1991 ж. 11 желтоқсанда Маастрихт қаласында Германия мен Францияның шақыруымен Еуропа Одағы туралы шартқа қол қойылып, біртұтас қарж.ық-экономикалық және саяси одақтас ұйымы өмірге келді. Еуропалық Одақтың барлық мүшелеріне арналған есеп айырысудың ортақ ақшасы енгізілді, алғашында ЭКЮ, ал одан кейін ЕВРО деп аталды. Ол 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап енгізілді.
Қазіргі уақытта терроризм үрейлендіретін сипат алды. Ол тіпті жекелеген мемлекеттердің проблемасы да емес. БҰҰ бас Ассамблеясының 2005ж. 60-сессиясы осының дәлелі. Онда талқыланған негізгі мәселелердің бірі – халықаралық терроризмге қарсы күрес проблемасы болды.
1997 ж. сәуірде Ресей мен Қытай басшылары мәлімдеме жасап, онда дүниеде кімнің болса да супер держава болуына жол бермеу керектігі айтылды. Мемлекеттің әл-ауқаттылық принциптері скандинавиялық немесе шведтік үлгілері дейтін елдерде неғұрлым толық орындалды. Бұл үлгінің негізгі белгілері мыналар еді: тиімділігі жоғары экономика құру, еңбекке қабілетті халықты түгелдей дерлік жұмыспен қамтамасыз ету, кедейлікті жою, дамыған әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру, сауаттылық пен мәдениеттілік деңгейін көтеру.
90-жылдың басына қарай Шығыс Еуропа елдерінде өкімет басына шаруашылық пен саяси өмірді Батыс үлгісімен қайта құруға бағыт алған либералдық-демократиялық үкіметтер келді. Дүниежүзілік тарихта тұңғыш рет социализмнен капитализмге өту басталды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзат баласы дүниежүзілік өркениеттің бұдан былайғы әлеуметтік жетістігі мен тағдырына байланысты болатын күрделі мәселелерге тап болды. Бұл жаһандық мәселелер деп аталады.
Жаһандық мәселе дегеніміз – бүкіл адамзаттың өмірлік мүдделеріне қатысты және оны шешу үшін дүниежүзілік қоғамдастық көлемінде келіскен іс-қимылдар жасауды талап ететін проблемалар болып табылады.
Жаһандық мәселелер қатарына жаңа дүниежүзілік соғысты тоқтату, бейбітшілікті сақтау, экологиялық дағдарысты және оның зардаптарын болдырмау, планетадағы демографиялық ахуалды қалыпқа келтіру, дамушы елдердің экономикалық артта қалушылығын жою, халықаралық терроризм жатқызылады. Сондай-ақ азық-түлік, шикізат және энергетикалық мәселелер де солардың қатарына қосылады.
1992 ж. Рио-де Жанейрода Бірінші дүниежүзілік экологиялық конференцияда екі құжатқа қол қойылды. Оның бірі – климаттың өзгеруі туралы шектеулі конвенциясы. Екінші құжат – биологиялық алуан түрлілік жөніндегі конвенция. Ол планетадағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған.
Дүние жүзі халқының қазіргі кездегі өсуінің 80% дамушы елдердің үлесіне тиеді.
Адамзат көбінесе дәстүрлі, шектелген ресурстарды пайдалануда және Бұрынғысынша орны толмайтын энергия көздеріне – мұнайға, тас көмірге және газға тәуелді. Адамзат өзінің барған сайын артып келе жатқан қажеттерін өтеу үшін дәстүрде жоқ энергия көздерін ұдайы іздеумен болады. Жел мен күн энергиясы сияқты сарқылмастай көп ресурстар бар.