Қазіргі дүниежүзі тарихы екі үлкен кезеңге бөлініп қарастырылады. Бірінші кезең, яғни 1914-1945 жылдар аралығы – Еуропа қоғамының әскери-соғыс топтарына бөлінуі, мемлекеттік-монополистік капитализмнің қалыптасып, одан әрі нығаюы, тоталитарлық қоғамдық жүйелердің басқа жүйелермен қатар өмір сүруі кезеңі басталды.
Германия императоры Австро-Венгрияны тікелей соғысқа итермеледі. Көп кешікпей 1914 жылы 28 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға қарсы соғыс ашты. Іле-шала Германия 1 тамызда Ресейге, 3 тамызда Францияға соғыс жариялады. Бірінші дүниежүзілік соғыс осылай басталды. 1918 жылы 11 қарашада Компьен орманында Германия мен Антанта мемлекеттері арсында уақытша бітімге қол қойылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
1914 жылы 4 тамызда неміс әскерлері «Шлиффен жоспары» бойынша Бельгия арқылы Францияның жеріне бас-көктеп кірді. Қысқа мерзім ішінде неміс әскерлері Францияның ең бай шеткі аймақтары – Фландрияны, Пикардияны, Артуаны жаулап алды. 30 тамызда неміс ұшақтары Париждің үстінде қалықтады.
1916 жылғы ақпан айындағы Германия армиясы Францияға қарсы – Верден қамалына шабуыл бастады. Бұл қанды шайқас тарихқа Верден қырғыны деген атпен енді.
Немістердің Верденге шабуылын әлсірету үшін, ағылшын-француз әскері Сомма өзенінің бойында шабуылға шықты 1916 жылы шілдесі мен қараша айларының аралығында жүрген Сомма шайқасында ағылшындар мен фрацуздар тарихта тұңғыш рет танктерді қолданды.
1917 жылдан бастап Германия соғысушы мемлекеттермен қатар бейтарап елдердің сауда және жолаушы кемелерін суға батыратындарын жариялады. АҚШ 1917 жығы 6 сәуірде осы мәлімдемеге қарсы Германияға соғыс жариялады. Келесі жылы Еуропа майдандарында 2 млн-нан астам АҚШ солдаттары соғысты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ең ірі оқиға болды. Ауқымы мен салдары жағынан мұндай соғыс адамзат қоғамының өткен тарихында болмаған еді. Соғысқа 38 мемлекет қатысып, екі әскери одақтың әскер қатарында 74 млн. адам шақырылды. Соғыс барысында жаңа әскери техника түрлері қолданылды. Танктер, ұшақтар, дирижабль, радиобайланыс бөлімшелері өмірге келді. Орасан зор материалдық және адам шығындары болды. Соғыс тудырған революциялар дүмпуінен Романовтар, Габсбургтер, Гогенцоллерлер, Осман империялары қирады, отаршыл державалардың тірегі әлсірей бастады. Тарихи аренаға Кеңестік Ресей, Финляндия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Балтық жағалауы аймағындағы жаңадан құрылған жас мемлекеттер шықты.
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңген мемлекеттер 1919 жылдың 18 қатарында Парижде бітім конференциясын бастады. Франция астанасына соғысқа қатысушы мемлекеттердің өкілдері келді. Бітімшартын жасауға Германия мен жеңілген мемлекеттер, сондай-ақ кеңестік Ресей қатыстырылмады.
Конференцияның негізгі мақсаты Германиямен бітім шартын дайындау болды. Конференцияға Францияның, Ұлыбританияның басшылары және АҚШ президенті жетекшілік етті.
Француз делегациясы өзінің қарсыласы – Германияны барынша әлсіретуді талап етті. Франция Саар көмір алабын және Рейннің сол жағалауындағы неміс жерін қосып алғысы келді. Англияның алдына қойған мақсаты орындалды. Германия оның теңіздегі және дүниежүзілік саудадағы бақталасы болудан қалды. Алайда Германия отарларын және Таяу Шығыстағы түріктер иемденген мұнай байлығын бөлісуде Англия мен Францияның арасында келіспеушілік байқалды. Ағылышын премьер-министрі Ллойд Джордж Германияны сақтап қалуды ұсынды. Ол Еуропада Франция күшейетін болса, оған қарсы Германияны пайдалануды ойлады.
АҚШ президенті В.Вильсонның халықаралық бейбітшілік ұйымын құру идеясы, онда АҚШ-тың басты роль атқаруы ең қызу мәселелерінің бірі болды.Ұлттар Лигасына халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
Халықаралық мәселелерді талқылау үшін жыл сайын Ұлттар Лигасының Ассамблеясы шақырылатын болды және ассамблеямен бірге дәл сондай өкілеттігі бар Кеңес құрылды. Кеңестің тұрақты мүшелері қатарында 5 мемлекет – АҚШ, Англия, Франция, Италия және Жапония болды. Ұлттар Лигасы Жарғысында басқыншы мемлекеттерге ұжымдық шара қолдану әрекеті белгіленді.
Вильсонның талабымен Ұлттар Лигасы Жарғысында мандат ұғымы енгізілді. Ұлттар Лигасы атынан 1919 жылғы мамырда Англия мен Франция герман отарлары мен Осман империясына қараған бірқатар елдерге қамқоршы ретінде мандат алды. Және Того мен Камерун жерін өзара бөлісті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдарына, сондай-ақ Шаньдун түбегіне Жапония мандат алды.
Эльзас пен Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысын басқару ісі 15 жылға Ұлттар Лигасына берілді. Кезінде Германия иеленіп алған Польша жері (Познань, Пруссия мен Померания аудандары) Польшаға қайтарылды. Бельгия, Дания, Литва елдері германия қарамағындағы өз жерін қайтарып алып, аумақтарын кеңейтті.
Версаль бітім шарты Германиядан дүниежүзілік соғысты ушықтырушы ел ретінде төлем өтеуін талап етті және оған әскери шектеулер қойды. Антанта елдерінің соғыс шығындарын өтеу үшін Германия репарациялық төлем төлейтін болды.
Германияға әскер флот, авиация, жаяу әскер ұстауға тыым салынды. Армияның қызметі тек мемлекеттің ішкі тәртібін сақтауға ғана бағытталды.
Германия делегациясы 1919 жылы 28 маусымда Версаль шартына қол қойды. Бұл шарт неміс халқына үлкен ауыртпалық әкелді.
Германияның одақтастарымен жасалған бітімшарттар Версаль шарты үлгісінде құрастырылды. 1919-1920 жылдары Австриямен, Венгриямен, Болгариямен және Түркиямен келісімшарттарға қол қойылды. Германияның одақтастарына әскери шектеу белгіленді. Олар да төлем төлеуге міндетті болды. Версаль жүйесі арқылы Франция Еуропадағы басым жағдайын, Англия Таяу Шығыста және теңіздегі үстемдігін қамтамасыз етті.
АҚШ делегациясы Париж конференциясында көздеген мақсаттарына толық жете алмады. АҚШ сенаты Версаль бітімшартын бекітуден бас тартты. Шаньдун түбегінің Жапонияға берілгеніне қарсылық білдіріп, Қытай да қол қоюға келіспеді.
Париж бітім конференциясынан кейін отарлы державалардың Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит алабындағы қайшылықтарын реттеу қажеттілігі туды.
Париждегі бітім конференциясында Жапония Шаньдун түбегіне өзінің құқығын бекітіп, тынық мұхиттағы Германияның бірқатар отарларын иеленіп алды. Осыған байланысты АҚШ-тың басқарушы топтары Қиыр Шығысқа қатысты Париж шартының шешімдерін қайта қарап, теңіз қарулы күштері туралы мәселе талқылау қажет деп шешті.
Аталған мәселелерді қараған конференция Вашингтонда 1921-1922 жылдары өтті. Оған АҚШ-пен бірге Англия, Жапония, Франция, Италия,Бельгия, Португалия, Голландия, Қытай мемлекеттері қатысты. Кеңестік Ресей Тынық мұхиттағы ірі держава болғанымен, бұл жолы да конференцияға шақырылмады.
Тоғыз держава келісімі бойынша Вашингтон конференциясына қатысушы мемлекеттер Қытай аумағына қол сұқпауға, барлық елдер үшін Қытай аумағының есігі ашық болғандықтан, оның тәуелсіздігі мен егемендігін сыйлауға келісті, Шаньдун түбегі Қытайға қайтарылды.
1917 жылығы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы Ресейдегі Романовтар монархиясын құлатып, дүниежүзілік соғысқа қарсы қозғалыстарды шапшаңдатты.
1918 жылы 31 қазанда көпұлтты Габсбургтер империясындағы демократиялық-революциялық көтерілістер барысында Австро-Венгрияда монархия құлады. Австро-Венгрия аумағында Австрия және Венгрия республикалары пайда болды.
1919 жылы 1 тамызда Румыния мен Чехословакия интервенциясының қысымына төтеп бере алмаған Венгрия Республикасы құлады. Венгрия адмирал Хортидің үстемдігіне бағындырылып, монархиялық мемлекет болып жарияланды.
Революциялық көтерілістердің соңғы ірі оқиғасы 1919 жылы 13 сәуірдегі Бавария Кеңес республикасының жариялануы болды. Бавария Кеңес үкіметі үш апта ғана өмір сүрді.
1917-1918 жылдары Ресейде және соғыста жеңіліске ұшыраған Германияда, бұрынғы Австро-Венгрияда, Түркияда демократиялық, социалистік, ұлт-азаттық революциялар болып өтті. Нәтижесінде жаңа ұлттық мемлекеттер құрылды.
1918 жылдан 1923 жылға дейінгі кезеңде жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикалық және саяси жүйелерінде құрылымдық өзгерістер болды. Бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізілді, буржуазиялық-демократиялық конституциялар қабылданды. Либерал-демократиялық партиялар қатысқан коалициялық кабинеттер құрылды. Сөйтіп, рволюциядан кейінгі алғашқы жылдарда Еуропаның саяси картасы елеулі өзгеріске ұшырады, жаңа саяси-идеялық, әлеуметтік-психологиялық ахуалдар пайда болды. КСРО-да, Германияда, Италияда, Испанияда тоталитарлық режимдер орнады.
1923 жылы қазанда Гамбургте коммунист Э.Тельманның басшылығымен көтеріліс ұйымдастырылды. Бұл қозғалыстарды үкімет тез арада аяусыз басып тастады.
Бұқаралық қозғалыс ұлттық социалистік жұмысшы партиясының ықалында болды. Шексіз билікке ұмтылған бұл саяси топтар Германияда тоталитарлық тәртіптің орнауына жол ашты. 1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург А.Гитлерге үкіметті құруды тапсырып, оны рейхсканцлер етіп тағайындады. Елдің экономикалық күш-қуаты тоталитарлық мемлекеттің және корпорация басындағылардың қолында болды, олар Германияны біртұтас әскери лагерьге айналдыруға тырысты, сөйтіп, соғысқа дайындалуға кірісті.
1934 жылы 27 шілдеде ФКП (Франция коммунистік партиясы) мен социалистік партия қимыл бірлігі – Халықтық майдан құру туралы пактіге қол қойды.
Италияның фашистік ұйымдары 1919 жылдың көктемінде құрыла бастады. Фашистік топтарды,ал кейін фашистік партияны құрумен Бенито Муссолини айналысты.
Италия 1935 жылы қазанда соғыс қимылдарын бастады. Эфиопияның Ұлттар Лигасына арыз беруі еш нәтиже бермеді. 1936 жылы Эфиопия Италия отарына айналды.
1931 жылы буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде биліктен айрылған Испанияның реакциялық топтары қайтадан саяси билікке жетуді аңсады. Испан фашистері Гитлер мен Муссолини қолдауына сүйене отырып, 1936 жылы 17 шілдеде бүлік шығарды. Үкімет отставкаға кетті. Армияның 80%-ы бүлікшілер жағына өтті, оны генерал Франко басқарды. Испанияны азамат соғысы шарпыды. Испания халқының ұлттық-революциялық күресі 32 айға созылып, Испан республикасы құлады.
Германия басқыншылары күйреген кезде Польшада солшыл партиялар тәуелсіз үкімет құрды. Люблинде құрылған бұл үкіметті Игнаций Дашиньский басқарды. Польша Халықтық Республикасы жарияланды. 1918 жылы қарашада Польша тәуелсіздігін қайта орнату жолындағы поляк халқының 120 жылға созылған ұлт-азаттық күресі аяқталды.
Болгарияда Борис патшаның қатысуымен ұйымдастырылған 1923 жылғы төңкерістен кейін өктемшілдікке бейім тәртіп орнады. 1935 жылдың соңында III Борис патша билікті толығымен өз қолына алды.
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған елдердің бірінші ондығына Чехословакия мен Австрия ғана кірді.Сыртқы саясатта Чехословакия Франциямен жақындасты.
1938 жылы қыркүйек айының соңында Франция, Ұлыбритания,Германия және Италия басшылары Мюнхенде конференцияға жиналды. Онда Чехословакияның тағдыры шешілді. Ел бөлініске түсті. Германия Судет облысын өзіне қосты.
1918-1920 жылдары Ресейде әртүрлі әлеуметтік топтар арасында саяси билік үшін қарулы қақтығыстар болып жатты. Көтерілістер қазан төңкерісінде жеңіске жеткен большевиктер партиясы мен биліктен айрылған күштер арасындағы қарсыласу салдарынан азамат соғысына айналды.
Кеңес үкіметі 1918 жылдың жазынан 1921 жылдың басына дейінгі ішкі саясаты «әскери коммунизм» деп аталатын төтенше шаралдарды жүзеге асыру дәуірі болды. Азық-түлік салғырты ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды жаппай мемлекеттендіріп, сауда-саттыққа, нарыққа тыйым салып, ақша айналымын тоқтатып, жұмысшылардың еңбек ақысын нан, ет, май, картоп түрінде төлеумен бірге жүргізілді.
Шешуші экономикалық өзгерістер РК(б)П-ның Х сьезінде (1921 ж. наурыз) айқындалды. Сьезд «әскери коммунизм» саясатынан бас тартып, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға шешім қабылдады. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда екі есе аз болды.
1932 жылы әдебиет пен өнерде социалистік реализм әдісі дегенді басшылыққа алу арқылы партия мен мемлекеттің саясатын мадақтау дәстүрге айналды.
1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық сьезі Кеңес Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Бастапқы кезде КСРО-ның құрамына РКФСР, Украина, Белоруссия және Закавказье Федерациясы біріккен еді.
1932 жылы қарашадағы АҚШ-тағы президент сайлауында Герберт Гуверге демократиялық партияның өкілі Франклин Рузвельт бәсекелес болды. Демократтар 48 шаттың 42-сінде жеңіске жетті. Ф.Рузвельт «Жаңа бағыт» бағдарламасын ұсынды.
Сайлау науқаны кезінде Ф.Рузвельт «мен америкалықтарға жаңа бағыт беремін» дегенді айтты. Демократтар 48 шаттың 42-сінде жеңіске жетті. Ф.Рузвельт «Жаңа бағыт» бағдарламасын ұсынды.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде «жаңа бағыттың» теориялық негізіне Джон Кейнстің экономикалық ілімі алынды. Бұл ілім бойынша, өндірістің бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың мемлекет тарапынан белсенді реттелуі қажет.
АҚШ бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында Латын Америкасы елдеріне өзінің экономикалық енуін күшейтті. Мексикаға, Гватемалаға, Панамаға, Коста Рикаға, Никарагуаға және өзге де мемлекеттерге займ ұсына отырып, олар «доллар дипломатиясын» жүзеге асырды. Мұндай саясат латынамерикандық мемлекеттердің солтүстік көршіге толық тәуелділігін қамтамасыз етті.
1926 жылы Никарагуада Америка басқыншылығына қарсы қозғалысқа Аугусто Сесар Сандино басқарған күштер қатысты. Олардың қозғалысы «Бостандық, не өлім» деген ұранмен 7 жылға созылды.
20 жылдарда Латын Амермикасы тауарлары үшін дүниежүзілік саудада тиімді коньюктура сақталды. Алайда экономикалық өрлеу бұрынғыдай экстенсивті факторлардың негізінде жүріп жатты.
Латын Америкасының кейбір елдерінде өкіметті конституциялық нормаларды сақтай отырып, помещиктік-буржуазиялық олигархия мүддесін қорғаушы консерваторлар ұстап отырды (мысалы, Бразилия мен Колумбияда саяси өкімет «кофе» олигархиясының қолына шоғырландырылды.
Бразилияда помещиктік-буржуазиялық «кофе» олигархиясы өкіметімен ашық қарулы күреске түскен жас офицерлер – тененталықтардан (тенента-лейтенант) құралған ұсақ буржуазиялық демократтар еді.1922 жылы тенента жастары Рио-де-Жанейрода көтеріліске шықты. Оны жас капитан Луис Карлос Престес басқарды.
Генерал Плутарх Элиас Кальес (1924-1928 жж.) басқарған уақытта Мексикада революциялық каудильизм режімі нығая түсті. Жалғасушы революция тезисін қолдай отырып, Кальес өкіметі жұмысшы, шаруа және ұлттық кәсіпкерлердің бірлесуі негізінде әділетті қоғам құру және экономиканы дамыту шараларын іске асыруға тырысты.
1928-1930 жылдары Аргентинада үкімет Иригойена жақтастарына өтіп, ол 8 сағаттық жұмыс күнін енгізіп, АҚШ қысымына қарсы шықты.
Әділетсіз Версаль-Вашингтон жүйесі 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың қысымына шыдай алмай, ыдырай бастады. Еуропа аймағында монополистік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашистік күштер дүнижүзілік қайта бөлісуге бел байлады. Олардың қатарынан Германия, Италия және Жапония мемлекеттері бой көрсетті. Сөйтіп Берлин-Рим-Токио үштігі құрылды. Бұл блокты батыс елдерінің КСРО-ға айдап салу әрекетінен ештеңе шықпады.
ХIХ ғасырдың соңында басталған екінші өнеркәсіптік революция серпінді және жедел қарқынмен дамыды. ХХ ғасырда ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі байқалды.
Конвейер мен жаппай өндірістің кең қолданылуы еңбекті стандарттау мен ұтымды етуге әкеп соқты. Алғашқы конвейерлер АҚШ-тағы Форд зауыттарында енгізілді. Бұрынғы ашулар мен техникалық өнертабыстар: телефон, телеграф, кинематограф, фонограф, радио, іштен жану қозғалтқышы, электр моторлары, алғашқы автомобильдер, ұшақтар және т.б. өнеркәсіптік өндіріс пен күнделікті өмірде кең қолданыла бастады. 20-30 жылдардың өзінде-ақ ірі қалалардың көшелерінен алуан түрлі қоғамдық көлікті: трамвайларды, метроны, автомобильдерді, автобустарды көруге болатын. Азаматтық авиация тұрақты және көп ұзамай – халықаралық көлікке айналды. Сол кездің өзінде бірінші дыбысты кино, одан кейін түрлі-түсті фильмдер пайда болды. Қаладағы үйлерге электр жарығы мен радио келді және біртіндеп ауылды жерлерге де тарала бастады. Түрлі газеттер мен жұрналдардың таралымы едәуір артты. Қоғамдық процестерді қорытындылау әлеуметтік және саяси өмірдегі түбегейлі өзгерістер және ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен болып өтті. Басты идеялық ағымдар – либерализм, әлеуметтік реформизм, консерватизм, марксизм – өзінің түпкілікті рәсімдеуін саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстардан тапты.
ХХ ғасырдың басында империалистік елдердің отаршылдық жүйесі біржола тұрақтанды. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің шырмауына оралып, отарлық тепкіге ұшырады.
Патриархалды-феодалдық құрылыстың ыдырауы, жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуы, капиталистік шаруашылықтың пайда болуы аталған елдер халықтарының ұлт-азаттық қозғалыстарына алғышарттар әзірледі.