Неше? Санау

№13
Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Неше? Санау.
Мақсаты: сөйлемдерді дауыс ырғағымен түрлендіріп айтуға жаттықтыру. .
Білімділік міндеті: санамақтар жаттау, тура және кері санау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрауды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Дикцияны, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: онға дейін тура және кері санайды, санға сәйкес суретті көрсетеді.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: санамақтар айтады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, постер
«Ойыншықтар», қима материалдар, бірден онға дейін сандар, асықтар, жұмыс дәптері, қарындаш, айна.
Билингвалды компонент: сан – счет, санамақ – считалка, санау – считать, қанша? неше? – сколько?, алты – шесть, жеті – семь, сегіз – восемь, тоғыз – девять, он – десять.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман әдемі себетпен кіреді.
– Сәлеметсіңдер ме! Біз сендермен ойын ойнауға келдік.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» Жемістер, көгөністер, жидектерді үш себетке бөліп салу, атау, сипаттау.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог сөздерді орыс тілінде айтады, балалар қазақ тіліне аударады.
Фрукты – … (жемістер).
Овощи – … (көгөністер).
Ягоды – … (жидектер).
2.Негізгі кезең
Постердің көмегімен ойыншықтарды санау.
Бір ит, екі мысық, үш доп, төрт аю, бес ұшақ. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?». Бірден онға дейін сандарды ретімен қою, санау.
2 3 4 1 5 7 6 10 8 9 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Ойын: «Баспалдақпен жоғары көтеру». Басбармақ пен сұқ саусақтың көмегімен жоғары тура санау, төмен кері санау (қол моторикасын дамыту).
Санамақ жаттау.
Бақшада жақсы аға Ойыншық береді.
Бір балық,
Екі шелек,
Үш үйрек,
Төрт түлкі, Бес бүркіт.
3-4 бала санамақты қайталайды. Сергіту сәті.
Бір, екі, үш,
Біз жинаймыз күш.
Төрт, бес,
Үлкен болып өс!
Алты, жеті, Қолымыз еденге жетті.
Сегіз, тоғыз, он,
Орындарыңа қон.
Ойын жаттығуы: асықпен орындалады. Педагог қандай бір санды айтады, балалар сонша асықты санап алады да, «неше?» сұрағына жауап береді.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Әрбір дөңгелектің ішіндегі цифрды ата және сонша затты боя.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге не ұнады? Ең қызық қай тапсырма болды? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *