Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің пәтерім (үйім)
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Неше? нешінші? сұрақтарына жауап беруге жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: өз үйіне деген жылы сезімдерін арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерін айтады, сөйлем құрастырады.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді, дұрыс толық жауап береді.
Қолданады: сөздерді дұрыс қолданады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ойыншық құрылыс материалы немесе LEGO, интербелсенді тақта, қима материал, жұмыс дәптері, фишкалар. Билингвалды компонент: пәтер – квартира, бөлме – комната, қонақ бөлме – гостиная, дәліз – коридор, асүй – кухня.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Жыл мезгілін, апта күнін сұрақтар арқылы анықтау.
Өткен «Жақсы өнеге» тақырыбын қайталау. Ойын: «Ғажайып сөздер». Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Ойын «Сұрақ-жауап»
– Сен қай Республикада тұрасың? (Қазақстан Республикасында тұрамын.) – Қай қалада (ауылда) тұрасың? (Қаласының, ауылының атын айтады) – Қай көшеде тұрасың? (Өз көшелерін айтады).
– Қандай үйде тұрасың? (Үлкен, кішкентай үйде тұрамын). – Үйдің нөмірі қандай?
Педагог екі баланы шақырып, ойыншық құрылыс материалы немесе LEGO-ны пайдаланып, бірқабатты немесе көпқабатты үй тұрғызуға тапсырма береді.
– Мынау қандай үй?
– Мынау – көпқабатты үй.
– Мынау бірқабатты үй.
– Кім көпқабатты үйде тұрады?
– Сен нешінші қабатта тұрасың?
Бірнеше бала жауап береді.
– Көпқабатты үйде пәтерлер бар.
Сурет бойынша жұмыс.
– Мынау – пәтер. Мынау не?
– Мынау – пәтер (жеке-жеке жауап береді).
– Пәтерде (үйде) бөлмелер бар. Мынау – бөлме.
– Сенің пәтеріңде (үйіңде) неше бөлме бар?
Бөлмелерді санайды.
Суреттер арқылы әр бөлме (балалар бөлмесі, дәліз, асүй ) қалай аталатынын айтады. Ондағы таныс заттарды естеріне түсірту.
– Мынау – дәліз. Дә-ліз. Дәліз үлкен. Дәлізде шкаф тұр. Шкафта нелер болады? (Киім).
– Мынау – балалар бөлмесі. Балалар бөлмесінде нелер бар? (Ойыншықтар, кітаптар).
– Мынау қандай бөлме?
– Мынау – асүй. Мынау – …
– Асүйде нелер бар? (Орындықтар, үстел, ыдыс …) Сергіту сәті
Дөңгелене тұрайық, Керегені құрайық. Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.
Үлестірмелі суреттермен жұмыс «Кімде не бар?» суреттегі заттарды атап, көрсетеді. Менде кереует бар. т.с.с
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суреттерде қандай үйлер бейнеленген? Сен қай үйде тұрасың? Бөлмелерді ата. Бөлмелерде нелер бар?
Мысалы: Қонақ бөлме жарық, таза, әдемі. Қонақ бөлмеде әдемі кілем бар.
2. Қандай үйде тұрғың келеді? Суретін сал.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Тапсырмалар ұнады ма? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.