Менің бөлмем

№ 21
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің бөлмем
Мақсаты: Шағын мәтін құруға жаттықтыру.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ретін сақтай отырып сөйлем құрауға жаттығуды жалғастыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру, артикуляциялық моторикасын жаттықтыру, сөйлеу кезіндегі тыныс алуды және дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: бөлмесін жинап жүруге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерін айтады, шағын мәтін құрастырады.
Түсінеді: сөйлемдердің дұрыс, қателігін түсінеді.
Қолданады: меңгерген сөздерін қолданып, сөйлемдер құрайды, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, мнемо кесте, интербелсенді тақта, қима материал, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: балалар бөлмесі – детская комната, ойыншықтар – игрушки, шам – лампа, перде – шторы, кітаптар – книги.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Ойын: «Қандай сөз артық?». Педагог сөздерді айтады, балалар мұқият тыңдап қандай сөз артық екенін табады. Мысалы: кереует, үстел, нан, кілем. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2. Негізгі кезең
Ойын жаттығуы: «Сен қайда тұрасың?».
Мнемо кесте арқылы әр бала қайда тұратынын айтады.
– Қай көшеде, қандай үйде тұрасың?
Педагог балалармен бірге мнемо кестедегі символдар нені білдіретінін талқылайды.
– Мен … (көшенің аты) көшесінде, 2 қабатты (көпқабатты) үйде тұрамын.
– Сенің пәтеріңде (үйіңде) неше бөлме?
– Сенің пәтеріңде (үйіңде) қандай бөлме бар?
Суретпен жұмыс.
– Мынау – балалар бөлмесі. Мынау қандай бөлме?
– Мынау – балалар бөлмесі. Бірнеше бала жауап береді.
– Бөлмеде нелер бар? Бөлмедегі заттарды атап, көрсетеді. Бөлмеде кілем, кереует, үстел, орындық бар. Бөлмеде ойыншықтар бар. – Бөлме қандай? (әдемі, жарық)
– Терезеде перде бар. Перде әдемі.
– Мынау не? (Перде сөзін жеке, хормен қайталайды).
– Бөлмеде шам бар. Мынау шам. Шам үстелдің үстінде тұр.
– Шам қайда тұр?
– Бөлмеде кітаптар бар. Кі-тап-тар.
– Сенің бөлмең бар ма? Бөлмеңде не бар?
Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды, жеке-жеке жауап береді.
Сәуле өзінің бөлмесі туралы айтады: Менің бөлмем үлкен, жарық, таза. Бөлмемде кереует, үстел, орындық бар. Ойыншықтар бар. Мен бөлмемде ойнаймын. Ойыншықты жинаймын. Балалар үлгі бойынша мәтін құрайды.
Сергіту сәті
Дөңгелене тұрайық, Керегені құрайық. Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп, Киіз үйді құрайық.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретте қандай бөлме бейнеленген? Бөлмеде нелер бар?
2. Өзіңнің бөлмеңде бар заттардың суретін сал. Ата.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Қандай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *