Менің балабақшам

№1
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет.
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің балабақшам.
Мақсаты: балаларды өз балабақшасы туралы әңгімелей білуге үйрету.
Білімділік міндеті: балабақша туралы түсініктерін кеңейту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру, сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: білімпаздыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды айтады, диалогке қатысады.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді, жауап береді.
Қолданады: сөйлемдер құрайды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық киімдегі әдемі қуыршақтар Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, слайд: «Біздің балабақша», суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар.
Билингвалды компонент: біздің балабақша – наш детский сад, әдемі – красивый, кең – просторный, жарық – светлый, таза – чистый.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, бірге амандасайықшы.
– Сәлеметсіз бе!
Қуыршақтар: Сендерге қазақ тілін үйренуге көмектесеміз, алдағы жұмыстарыңа табыс тілейміз.
Дидактикалық ойын: «Танысу». Балалар аттарын айтып, қуыршақпен танысады.
– Сенің атың кім?
– Менің атым – Рома.
– Менің атым – Вика.
– Менің атым – Арлан.
2.Негізгі кезең
Жаңа сөздермен таныстыру. Демонстрациялық материалдармен немесе слайдпен «Біздің балабақша» жұмыс.
– Мынау – балабақша. (Айнаны қолымызға алып жаңа сөздерді қайталаймыз).
– Қ-қ-қ – бақ-ша – балабақша.
– Мынау не?
– Мынау – балабақша.
– Біздің балабақша әдемі, кең, жарық және таза.
– Ә-ә-ә — әдемі, ң ң ң кең, қ қ қ жарық, таза. (Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды).
– Біздің балабақша қандай?
– Біздің балабақша әдемі, кең, жарық және таза.
Педагог дыбыстарды дұрыс дыбыстап айтуларын қадағалайды.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог сөздерді қазақ тілінде айтады, балалар аударады.
біздің балабақша – наш детский сад
әдемі – красивый кең – просторный жарық – светлый таза – чистый
Сергіту сәті.
Бір-бірімен сыйласты, Тату жүрміз бәріміз.
Бал достықтың ұясы – Біздің балабақшамыз.
Дидактикалық ойын: «Тыңда, көрсет, қайтала».
(Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту, қима суреттермен жұмыс).
– Мынау кім?
– Мынау – қыз.
– Қыз қайда келді?
– Қыз балабақшаға келді.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суретке қарап, балабақша туралы әңгімеле. Өзіңнің балабақшаң қандай? Балабақшада саған не ұнайды?
2.Балабақшаға баратын жолды тап. Қарындашпен сызып көрсет.
Педагог тапсырмаларды түсіндіреді. Жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау. Қуыршақтармен қоштасу.
– Сендерге қандай тапсырмалар ұнады? Әрбір сабақтың соңында жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Егер өздерінің белсенділігіне қанағаттансандар, берілген тапсырмаларды жақсы орындасандар, күліп тұрған смайлды қарындашпен қоршайсыңдар, ал егер тапсырмаларды орындай алмай қалсандар, өздерінің іс-әрекеттеріне қанағаттанбасаңдар, ренжіп тұрған смайлды қоршайсыңдар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *