Мемлекттік рәміздер

№24
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Мемлекттік рәміздер. Мемлекеттік Ту.
Мақсаты: Мемлекеттік Рәміздердің қазақша атын үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Білімділік міндеті: Мемлекеттік Туды сипаттай білуге үйрету, тақпақты жаттау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: Мемлекеттік Туды сипаттайды, тақпақты қайталайды. Түсінеді: сөздерді, сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: Қазақстан Республикасының рәміздерін айтады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, постер, суретті сөздіктер, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: Мемлекеттік Рәміздер – Государственные Символы, гимн – гимн, ту – флаг, қыран – орел, ою – орнамент, күн шуақтары – лучи солнца.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз.
Төмен қараймыз,
Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.
2. Негізгі кезең
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Слайд: «Менің Отаным». Өткен тақырыпты қайталау.
– Біздің Отанымыз қалай аталады?
– Біздің Отанымыз – Қазақстан.
– Біздің Отанымыз – қандай мемлекет?
– Біздің Отанымыз – тәуелсіз мемлекет.
Жаңа сөздермен танысу. Мемлекеттік рәміздер, гимн, ту, қыран, ою, күн шуақтары.
Постермен жұмыс.
Мынау – Мемлекеттік Ту. Тудың шетінде ою-өрнек, ортасында күн, күннің астында қыран құс бейнеленген. Түсі көгілдір.
– Мемлекеттік Туда не бейнеленген?
– Мемлекеттік Туда қыран, күн, ою-өрнек бейнеленген.
– Тудың түсі қандай?
– Түсі көгілдір.
– Мемлекеттік Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
– Мемлекеттік Тудың авторы кім?
– Мемлекеттің Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып Біз сергіп алайық.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог сөздерді орыс тілінде айтады, балалар аударады.
Мемлекеттік Рәміздер – Государственные Символы Ту – Флаг қыран – орел ою – орнамент күн шуақтары – лучи солнца Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. «Мнемо кестесі» бойынша Мемлекеттік Туды сипатта, сөйлем құра.
Мемлекеттік Туда күн бейнеленген. Күннің түсі сары. Мемлекеттік Туда қыран құс бейнеленген. Мемлекеттік Туда ою-өрнек бейнеленген. Мемлекеттік Тудың түсі көгілдір.
2.Тақпақ жатта.
Қазақстан жалауы
Жалауымда көгілдір, Күн күледі төгіп нұр.
Қыран-бейне қанатты, Көкке самғар – еліммен!
Ө.Ақыпбекұлы
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *