№18
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты: әртүрлі мамандық иелері туралы түсіндіру, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету.
Білімділік міндеті: мамандықтардың ерекшелігін түсіндіріп, байланыстырып сөйлеуге, жаңылтпаштар айтуға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын байыту, дұрыс атау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тәрбиелік міндеті: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады, жаңылтпашты қайталайды.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: мамандық атауларын қазақша атайды, жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материалдар,
мамандықтар (слайд), жұмыс дәптер, қарындаштар, айна, фишкалар. Билингвалды компонент: кім болып істейді? – кем работает?, ұшқыш – летчик, ғарышкер – космонавт, құрылысшы – строитель, сатушы – продавец, дәрігер – врач, ұшады – летает, емдейді – лечит, салады – строит, сатады – продает.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Таңертең тұр шынық, Еңбек ет те тынық. Ешбір жалқау болма,
Ауырмайсың сонда.
Ә.Тобылды
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?! Біз сендерге доп әкелдік, ойын ойнаймыз.
Өткен «Мен және менің достарым» тақырыбы бойынша үйренген сөздерді қайталау. Ойын: «Ыстық доп». Сұрақ-жауап алу. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. 2. Негізгі кезең
Слайд: «Мамандықтар». Мамандықтарды суреттермен таныстырады.
Бейнетаспа арқылы жаңа сөздермен таныстыру.
– Мынау – ұшқыш. Мынау кім?
– Мынау – ұшқыш.
– Мынау – ғарышкер. Мынау кім?
– Мынау – ғарышкер.
– Мынау – дәрігер. Мынау кім?
– Мынау – дәрігер.
– Мынау – құрылысшы. Мынау кім?
– Мынау – құрылысшы.
– Мынау – сатушы. Мынау кім?
– Мынау – сатушы.
Балалар сөздерді қайталайды.
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ұ-ұ-ұш- ұш-қыш – ұшқыш.
Ә-ә-ә-дә-рі-і-і-гер – дәрігер.
Қ-қ-қ-ұ-ұ-құ-құр-ыл-ыс-шы – құрылысшы.
Ғ-ғ-ғ-ғ- ға-ға-рыш-кер- ғарышкер.
Ойын: Кім не істейді?
Ұшқыш ұшады. Ғарышкер ұшады. Дәрігер емдейді. Құрылысшы үй салады. Сатушы сатады.
Балалар сөйлемдерді қайталайды.
«Кім болып істейді?» сұрағымен таныстырады.
Ата-аналарының кім болып істейтінін сұрайды.
– Сенің әкең кім болып істейді? Сенің анаң кім болып істейді?
Балалар Менің есімдігін жауаптарында қолданады. Ата-аналарының мамандықтарын атайды.
– Менің әкем құрылысшы болып істейді.
– Менің анам дәрігер болып істейді.
Жаңылтпашпен таныстыру.
Ұшқыш меңгергенді
Дәрігер меңгере ала ма? Дәрігер меңгергенді
Ұшқыш меңгере ала ма?
Жаңылтапшты қатты және ақырын әрі жылдам айтқызу.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз, Аяқты нық басамыз. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып аламыз.
Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз, Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Мамандықтарды ата. Олар не істейді? Сөйлем құра. Кімге қандай құрал керек? Сызып қос.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды. Сендерге не ұнады? Қызықты болды ма? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.