Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көгөністер.
Мақсаты: жаңа сөздердегі дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, жаттықтыру. Білімділік міндеті: тақпақты жаттау, көгөністердің қазақша атауларын дұрыс айтып, диалог құруға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту. Дамытушылық міндеті: сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: көгөністердің қазақша атауларын атайды, диалог құрайды, тақпақты жаттайды.
Түсінеді: көгөністер бақшада өседі.
Қолданады: тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, себет, түрлі түсті жапырақтар, табақ, көгөніс-муляждары, демонстрациялық материалдар, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар.
Билингвалды компонент: көгөністер – овощи, бақша – огород, қызылша – свекла, орамжапырақ – капуста, дәмді – вкусный, пайдалы – полезно.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман себетпен түрлі түсті жапырақтар алып кіреді. Балалармен сәлемдеседі.
Өткен «Алтын күз» тақырыпты қайталау. Аз қимылды ойын: «Кім жылдам?». Педагог себеттегі жапырақтарды шашады, балалар жылдам жинап алады.
Педагог сұрақтар қояды:
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Күзде ағаштың жапырақтары сарғаяды, жерге түседі. Жаңбыр жауады. Күн салқындайды.
2. Негізгі кезең
Педагог балалардың назарларын табаққа аударады. Міне, күз сыйлығы (табақта көгөнісмуляждар).
– Мынау нелер?
– Мынау – көгөністер.
Өткен жылдан таныс көгөніс атауларын естеріне түсіруге көмектесіп, жаңа сөздермен таныстырады.
Мынау – қияр. Мынау – қызанақ. Мынау – пияз. Мынау – сәбіз. Мынау – қызылша, қы-зыл-ша.
Мынау не?
Мынау – қызылша.
Қызылша күзде піседі.
Қызылша қай жыл мезгілінде піседі?
Қызылша күзде піседі.
Қызылша қызыл.
Қызылшаның түсі қандай?
Қызылша қызыл.
Қызылша дәмді, өте пайдалы. – Қызылша қандай?
– Қызылша дәмді, өте пайдалы.
– Мынау – орамжапырақ.
– Мынау не?
– Мынау – орамжапырақ.
– Орамжапырақ күзде піседі.
– Қызылша қай жыл мезгілінде піседі?
– Орамжапырақ күзде піседі.
– Орамжапырақ жасыл. Өте пайдалы. – Орамжапырақ қандай?
– Орамжапырақ жасыл. Өте пайдалы.
– Көгөністер бақшада өседі. – Көгөністер қайда өседі?
– Көгөністер бақшада өседі.
Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
– Орамжапырақ, қияр, қызылша, қызанақ сөздеріндегі «қ» дыбысына көңіл бөлу. Балалар осы дыбысты дұрыс дыбыстап үйренеді, жаттығады.
Тақпақ жаттау.
Көгөністі көп ектік, «Өссін, піссін», – деп ектік. Көктемде еккен көгөніс,
Күзде берді көп өнім.
Педагог тақпақты оқиды, мазмұнын түсіндіреді, балалармен жаттайды.
Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?» себетке көгөністерді жинайды, атайды, сипаттайды.
«Жеміс-көгөніс дүкені» демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Балалар суретке қарап, дүкенде қандай көгөніс сатылатынын атайды.
Педагог алдымен өзі айтады: Дүкенде қияр бар. Дүкенде қызанақ бар.
«Дүкен» ойыны. Қима материалдармен жұмыс. Көгөністердің қазақша атауын қайталау, есте сақтау.
Санамақпен сатушыны таңдайды. Балалар дүкенге келеді.
Диалог:
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе!
– Маған қияр беріңізші. – Алыңыз.
– Рақмет. Сау болыңыз.
Ойынды күрделендіруге болады. Балалар көгөністі сипаттайды. Сатушы оның қандай көгөніс екенін табады.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Көгөністерді тап. Ата. Олар қайда өседі? Өзіңе ұнаған көгөністі сипатта.
2. Жаңылтпашты жаттап ал.
Бақшада көп көгөніс,
Бақтарда да көп жеміс.
Өседі, піседі
Көп жеміс пен көгөніс.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Бүгін біз не істедік? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.