№10
Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жемістер
Мақсаты: күнделікті жиі қолданылатын жемістердің атын білуге үйрету.
Білімділік міндеті: жаңылтпашты жылдам әрі жатқа айта білуге үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту. Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрауға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды айтады, сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрайды, жаңылтпашты қайталайды. Диалогке қатысады.
Түсінеді: сөздер мен сөйлемдерді түсінеді.
Қолданады: жемістердің атауларын қолданады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қоржын , жемістер мен көгөністер муляждары, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: жемістер – фрукты, өрік – абрикос, анар – гранат, құрма – хурма, шабдалы – персик.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар Сәуле мен Арман қоржынмен көгөністер мен жемістер алып кіреді.
– Қайырлы таң, балалар! Бүгін сендермен ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Көгөністер мен жемістер». Қоржындағы көгөністерді бөліп алады, қайталап, сипаттайды (көлемін, түсін). Білетін жемістерді атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын». Қоржынның екінші жағын ашады.
Педагог жемістерді бір-бірлеп алады, жаңа сөздермен таныстырады.
– Күз мезгілінде жемістер піседі.
– Мынау – өрік. Ік-ік – міне, өрік.
– Мынау не?
– Мынау – өрік.
– Өрік – жеміс.
– Өрік не?
– Өрік – жеміс.
– Өрік дәмді. – Өрік қандай?
Өрік дәмді.
Мынау – анар.
Мынау не?
Мынау – анар.
Анар – жеміс.
Анар не?
Анар – жеміс.
Анар дәмді, пайдалы. Анар қандай?
Анар дәмді, пайдалы.
Мынау – құрма. – Мынау не?
– Мынау – құрма.
– Құрма дәмді, пайдалы. – Құрма қандай?
– Құрма дәмді, пайдалы.
– Мынау – шабдалы. Мынау не?
– Мынау – шабдалы.
– Шабдалы – жеміс. – Шабдалы не?
– Шабдалы – жеміс.
– Шабдалы дәмді, пайдалы. – Шабдалы қандай?
– Шабдалы дәмді, пайдалы.
– Бұлар – жемістер.
Дыбыстық жаттығу.(айнамен орындалады)
Ө-ө-өр-өр — өрік.
І-і-і-іс-әс – жеміс. Қ -қ-қ — құрма.
«Дүкен» ойыны. Балалармен қима материалдарды қолданып, сұрақ-жауап әдісі арқылы диалог құру. Жемістердің қазақша атауын қайталау, есте сақтау.
Санамақпен сатушыны таңдайды. Бала дүкенге келеді.
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе!
– Маған өрік беріңізші.
– Алыңыз.
– Рақмет. Сау болыңыз.
Ойынды күрделендіруге болады. Бала жемісті сипаттайды. Сатушы оның қандай жеміс екенін табады.
Сергіту сәті
Ауладағы бағымда
Самсаған көп алмалар, Жете алмаймын санына. Бір ағашта қанша бар Бұтақтан үзілген? Жарылса анарым,
Моншақтай тізілген, Дәндерін аламын.
Сөздік ойын: «Мен қай жемісті көрсеттім». Педагог себеттен жемістерді алып көрсетеді, балалар атын атайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Әр қатардан артығын тап. Қорша. Өз таңдауыңды түсіндір.
2. Жаңылтпашты жаттап ал.
Алма базарда
Алма алма алар ма?
Ақ алма алар ма?
Әлде алары анар ма?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге ең қызық қай тапсырма болды?
– Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтармен қоштасамыз.