Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан

№26
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан.
Мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласы туралы сөйлем құрап айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, тақпақ жаттау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларың қалыптастыру. Дамытушылық міндеті: сөздерді сөйлемдерге байланыстырып құрастыруды дағдыландыру. Қандай? сұрағына жауап беру дағдысын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: елорданы мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді қайталайды, тақпақты жаттайды, сөздерді жекеше және көпше түрде айтады.
Түсінеді: Нұр-Сұлтан – астана екенін.
Қолданады: астананы атай алады, көрікті орындарын біледі, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: Нұр-Сұлтанның көрікті орындары, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: астана – столица, әдемі – красивый, таза – чистый, жаңа – новый, көше – улица, биік – высокий, ескерткіш – памятник.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Қолдарында диск бар. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен тақырыпты қайталау.
– Мемлекеттік Рәміздерді ата? (Мемлекетіміздің рәміздері: гимн, ту, елтаңба).
– Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген? (Шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген)
– Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов).
2.Негізгі кезең
Қуыршақтар: балалар, біз сендерге астана Нұр-Сұлтан туралы диск алып келдік. Педагог сұрақ қояды: Нұр-Сұлтан қандай қала?
– Нұр-Сұлтан – астана.
Қуыршақ Сәуле: Мен сендерге Нұр-Сұлтанның көрікті орындарын көрсете аламын. Интербелсенді тақтада көрсету. Нұр-Сұлтан – біздің астана. Мынау – Нұр-Сұлтан қаласы. Мынау – көше. Астанада көшелер көп.
– Көше таза. Көшелер таза.
– Мынау – үй. Үй – үйлер.
– Биік үй. Биік үйлер.
– Әдемі үйлер.
– Мынау – Бәйтерек. (Түсінік беріледі).
Бәйтерек әдемі.
Мынау – ескерткіш.
Мынау – үш би ескерткіші. Нұр-Сұлтан – жаңа қала.
Нұр-Сұлтан қандай қала екен? (Балалар «әдемі», «таза», жаңа сөздерін қолданып, жауап береді).
Нұр-Сұлтан – жаңа қала. Нұр-Сұлтан – әдемі, таза қала.
Балалар сөздерді, сөйлемдерді педагогтен кейін қайталап, жаттығады.
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ә-ә-ә-ә – бә-ә-ә й-те-рек – бәйтерек.
І -і-і, іс, ін, іні, іш-кіш – мынау – ескерткіш.
Ойын: «Жалғастыр». Сөздерді, сөйлемдерді бекітіп, қайталау. Қа…(қала)
Кө… (көше)
Та… (таза)
Нұр-Сұлтан – жаңа… (Нұр-Сұлтан – жаңа қала.)
Нұр-Сұлтан – … ( Нұр-Сұлтан – таза қала. Нұр-Сұлтан – әдемі қала.) Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Сурет бойынша әңгіме құра. Нұр-Сұлтан – қандай қала? Нұр-Сұлтанда не бар?
2. Жаттап ал.
Астанамыз – жас қала, Жас та болса – бас қала. Күндеп өсіп келеді,
Гүлдеп өсе береді.
А. Асылбеков
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Сендерге не қызықты болды?
Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *