Біз балабақшада не істейміз?

Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Біз балабақшада не істейміз?
Мақсаты: балабақшадағы іс-әрекеттерін білу, сөйлемдердегі сөздерді байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Білімділік міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Тақпақ жаттау. Шағын мәтіндер құрау үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді атайды, сөйлемдерді құрастырады, тақпақ жаттайды, қайталайды.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: шағын мәтіндер құрайды, сұрақтарға жауап беледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, сандық , қима материалдар, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: жаттығу жасаймыз – делаем зарядку, тамақ ішеміз – кушаем, ән айтамыз – поем, би билейміз – танцуем, сурет саламыз – рисуем, серуенге барамыз – гуляем (идем на прогулку), демаламыз – отдыхаем, ұйықтаймыз – спим.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман әдемі сандықпен келеді. Сандықта қима суреттер бар.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәрін ойын ойнауға шақырады.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып сандық».
Педагопен бірге өткен «Біздің топ» тақырыпты қайталап, сандықтағы қима суреттерге сөйлем құрайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2. Негізгі кезең
Педагог балаларға сұрақтар қояды, балалар балабақша туралы шағын әңгіме құрайды.
– Біздің балабақша қандай?
– Біздің балабақша таза, жарық, әдемі, үлкен.
– Біздің балабақшада қандай бөлмелер бар?
Балабақшада спорт залы, музыка залы, асүй, дәрігер бөлмесі, қазақ тілі кабинеті бар.
Педагог: Біз балабақшада таңертең жаттығу жасаудан бастаймыз. – Жат-ты-ғу жа-сай-мыз. Жаттығу жасаймыз (айнамен жұмыс).
– Біз балабақшада таңертең не істейміз?
– Біз балабақшада таңертең жаттығу жасаймыз.
– Біз балабақшада тамақ ішеміз. Та-мақ-қ-қ і-і-і ше-міз – тамақ ішеміз.
Ұ-ұ-ұ-ұй-ық-қ-қ-таймыз – ұйықтаймыз.
– Біз балабақшада не істейміз?
– Біз балабақшада тамақ ішеміз, ұйықтаймыз.
– Біз балабақшада серуенге барамыз, би билейміз, әң айтамыз, демаламыз, сурет саламыз.
– Біз балабақшада не істейміз?
Біз балабақшада серуенге барамыз, би билейміз, әң айтамыз, демаламыз, сурет саламыз.
Балалар педагогтің соңынан сөздер мен сөйлемдерді қайталайды.
Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Суреттерді көрсетеді, суретке байланысты заттың атын атайды, сол сөзге сөзді байланыстырып жалғап, сөйлем құрайды.
Балабақша … (әдемі, жарық, таза).
Таңертең жаттығу … (жасаймыз).
Музыка залында … (ән айтамыз, би билейміз).
Серуенге шығып … (ойнаймыз, демаламыз).
Кереуетте … (ұйықтаймыз)
Тақпақ жаттау.
Тамаша ғой бақшамыз,
Үйретеді суретке,
Үйретеді білімге.
Үйретеді әдепке, Таза болып жүруге.
Педагог балаларға өздеріне таныс сөздерден сөйлем айтуларын сұрайды. Балалар суретке, таза сөздерін айтады.
Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз, Өсіп, өсіп толамыз. Күнге қарай созылып, Көкке қанат қағамыз.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог сөздерді орыс тілінде айтады, балалар қазақ тіліне аударады.
– Делаем зарядку – жаттығу жасаймыз.
– Кушаем – тамақ ішеміз.
– Поем – ән айтамыз.
– Танцуем – би билейміз.
– Рисуем – сурет саламыз
– Гуляем (идем на прогулку) – серуенге барамыз.
– Спим – ұйықтаймыз. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қара. Балалар не істейді? Сөйлемдер құра.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.
– Сендерге қай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *