Біздің топ

Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Біздің топ.
Мақсаты: топтағы заттардың атауын еске түсіру, жекеше, көпше түрде айтуға үйрету. Білімділік міндеті: не? нелер? сұрақтарына дұрыс жауап беруге жаттықтыру, жаңылтпаш жаттау. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Дамытушылық міндеті: игерген сөздерін қолданып, шағын мәтіндер құрауға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: топтағы заттарды таза ұстауға дағдыландыру арқылы тазалыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: топтағы заттарды атайды, жаңылтпашты қайталайды.
Түсінеді: сұрақтарды түсініп, жауап береді.
Қолданады: шағын мәтіндер құрайды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: «Балабақша бөлмелеріне саяхат», суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар, фишкалар. Билингвалды компонент: топ – группа, ойын бұрышы – игровой уголок, ұйықтайтын бөлме – спальня, табиғат бұрышы – уголок пироды.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын кең ашқан. Тілегіміз – тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәріміз де біргеміз.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Амандасады. Бәрін ойын ойнауға шақырады
Ойын: «Кім тапқыр?». Өткен «Балабақша бөлмелері» тақырыпты қайталау, педагогтің айтқан сөздеріне сәйкес қима суреттерді көрсету. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. 2. Негізгі кезең
Ойын: «Біз саяхат жасаймыз».
Тамаша ғой бақшамыз, Саяхатқа шығамыз.
Алға басып келеміз,
Бәрін, бәрін білеміз.
Балалар топтарына саяхатқа шығады.
– Бұл – сендердің топтарың. Мынау – топ бөлмесі. Топта не бар? (Балалар топтағы заттарды атайды).
– Топта үстел бар.
– Топта орындық бар.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Мынау – ойын бұрышы. Мынау – … («ойын бұрышы» сөзін жеке, хормен қайталайды) Ойын бұрышында не бар?
– Мынау не?
– Мынау – қуыршақ (өздері білетін ойыншықтарды атайды).
– Қуыршақ не?
– Қуыршақ – ойыншық.
– Мынау не?
– Мынау – піл.
– Піл не?
– Піл – ойыншық.
– Ойыншық қайда тұр?
– Ойыншық ойын бұрышында тұр.
– Мынау – ұйықтайтын бөлме. Ұйық-тай-тын бөлме.
Мынау не?
Мынау – ұйықтайтын бөлме.
Мынау – кереует.
– Кереует қай бөлмеде?
– Кереует ұйықтайтын бөлмеде.
– Мынау – табиғат бұрышы. – Мынау не?
– Мынау – табиғат бұрышы.
– Мынау – гүл.
– Гүл табиғат бұрышында тұр. – Гүл қай бөлмеде тұр?
– Гүл табиғат бұрышында тұр.
Балалар педагогтің соңынан сөздер мен сөйлемдерді қайталайды. Ойын: «Біреу – көп». Педагог заттарды жекеше, көпше түрде айтуға үйретеді. ойыншық – ойыншықтар кереует – кереуеттер гүл – гүлдер
үстел – үстелдер
орындық – орындықтар

– Ойын бұрышында нелер бар?
– Ойын бұрышында ойыншықтар бар. – Кереуеттер қай бөлмеде?
– Кереуеттер ұйықтайтын бөлмеде.
– Гүлдер қай бөлмеде тұр?
– Гүлдер табиғат бұрышында тұр.
– Топта нелер бар?
– Топта үстелдер, орындықтар бар.
Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Суреттерді көрсетеді, суретке байланысты заттың атын атайды, сол сөзге сөзді байланыстырып жалғап, сөйлем құрайды.
Балабақша ….. (әдемі, жарық, таза)
Біздің … (топ)
Біздің топта… (ойыншықтар көп)
Біздің топта…. (үстелдер, орындықтар, кереуеттер) бар. Табиғат бұрышында .. (гүлдер) бар.

Педагог шағын мәтін құрастырады. Мынау – біздің топ. Біздің топта ойын бұрышы, табиғат бұрышы және ұйықтайтын бөлме бар. Ойын бұрышында ойыншықтар бар. Табиғат бұрышында гүлдер өседі. Ұйықтайтын бөлмеде кереуеттер түр.
3-4 бала мәтінді қайталайды. Жаңылтпашпен таныстыру.
Топ бала, топ бала Ойнап жүр топтала. Зымырап допты ала Қуады көп бала.
Педагог балалармен бірге жаңылпашты қайталайды, балаларға жай, жылдам айтуды ұсынады. Өздеріне таныс сөздерді айтуларын сұрайды.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қоялық.
Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр.
Алға бір адым,
Артқа бір адым.
Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суретке қарап, сұраққа жауап бер. Топта не бар?
– Топта ойын бұрышы бар.
– Топта табиғат бұрышы бар.
– Топта ұйықтайтын бөлме бар. т.б.
2.Мынау не? Заттарды жекеше, көпше түрде ата. Мынау – орындық, мынау – орындықтар.
– Мынау – есік, мынау – есіктер.
– Мынау – терезе, мынау – терезелер.
– Мынау – кілем, мынау – кілемдер.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.
– Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *