Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Балабақша қызметкерлері.
Мақсаты: балабақша қызметкерлерінің лауазым атауларын қазақ тілінде айтуға үйрету. Білімділік міндеті: балабақшадағы қызметкерлерінің атын білу, қарапайым сұрақтар қою және оларға жай сөйлеммен жауап беруге үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: үлкенге құрмет, кішіге ізет жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады.
Түсінеді: адамгершілікті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді түсінеді.
Қолданады: балабақша қызметкерлерімен қазақша амандасады, қарапайым сұраққа жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: «Балабақша қызметкерлері», суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, қарындаштар, айна.
Билингвалды компонент: тәрбиеші – воспитатель, меңгеруші – заведующий, аспаз – повар, дәрігер – врач, мейірбике – медсестра, музыка жетекшісі – музыкальный руководитель, жаттықтырушы – тренер.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын кең ашқан. Тілегіміз – тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәріміз де біргеміз.
2. Негізгі кезең
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Біз балабақшада не істейміз?» тақырыпты қайталау үшін «Балабақша» слайды көрсетіледі, сұрақтар қояды.
– Мынау не?
– Мынау – балабақша.
– Біздің балабақша қандай?
– Біздің балабақша әдемі, кең, жарық.
– Біз балабақшада не істейміз?
Біз балабақшада денемізді шынықтырамыз. (Тамақ ішеміз, ұйықтаймыз, би билейміз, ән айтамыз, демаламыз, сурет саламыз).
– Осы балабақшада, сендерге қызмет көрсететін балабақша қызметкерлерімен танысамыз.
Слайд: «Балабақша қызметкерлері». Ең алдымен бақшаға, Тәрбиеші келеді. Сені, мені күтеді.
Күлімдейді қарсы алып.
Педагог балаларға қолдарына айнаны алып, дыбыстық жаттығулар жасауды ұсынады және сөздері қайталап, естеріне сақтауды ескертеді.
– Мынау – тәрбиеші, і-і-і-ші – тәр-бие-ші.
– Мынау кім?
– Мынау – тәрбиеші. Тәрбиеші кітап оқиды. Тәрбиеші не істейді? – Тәрбиеші кітап оқиды.
– Балабақшада меңгеруші бар.
Мынау – меңгеруші, ң-ң-ң-ең- мең-ге-ру-ші – Мынау кім?
– Мынау – меңгеруші.
– Балабақшада дәрігер бар.
– Мынау – дәрігер. – Мынау кім?
– Мынау – дәрігер.
– Дәрігер емдейді.
– Дәрігер не істейді?
– Дәрігер емдейді.
– Мынау – мейірбике. І-і-і-ір – ме-йір-би-ке.
– Мынау кім?
– Мынау – мейірбике.
– Мейірбике емдейді.
Мейірбеке не істейді?
– Мейірбике емдейді.
Мынау – жаттықтырушы. Қ- қ -қ -ық – жат-тық-ты-ру-шы.
– Мынау кім?
– Мынау – жаттықтырушы.
– Жаттықтырушы балалардың денесін шынықтырады. – Жаттықтырушы не істейді?
– Жаттықтырушы балалардың денесін шынықтырады.
– Мынау – музыка жетекшісі. – Мынау кім?
– Мынау – музыка жетекшісі.
– Музыка жетекшісі балаларды ән айтуға, билеуге үйретеді. – Музыка жетекшісі не істейді?
– Музыка жетекшісі балаларды ән айтуға, билеуге үйретеді.
– Мынау – аспаз.
– Мынау кім?
– Мынау – аспаз.
– Аспаз дәмді ас пісіреді. – Аспаз не істейді?
– Аспаз дәмді ас пісіреді.
Балалар сөйлемдерді қайталайды.
Тақпақ оқу. Педагог тақпақ оқиды. Өздеріңе таныс сөздерді айтыңдар. Мен бақшаға барамын, Ойнаймын, ән саламын. Тәрбиеші әпкелер, Досы барлық баланың.
Балалар таныс сөздерді атайды: балабақша, тәрбиеші.
Сергіту сәті
Бір-бірімен сыйласты, Тату жүрміз бәріміз. Бал достықтың ұясы – Біздің балабақшамыз.
Дидактикалық ойын: «Тыңда, көрсет, қайтала». Балаларға балабақша қызметкерлерінің суретін көрсету.
– Бұл кім?
– Бұл – тәрбиеші.
– Аты кім?
– Любовь Петровна.
– Дұрыс, сендердің тәрбиешілерің – Тим Любовь Петровна.
Осылайша балабақшада жұмыс істейтін музыка жетекшісі, жаттықтырушы және аспаздың аты-жөндері айтады.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бер.
– Мынау кім? Ол не істейді?
– Бұл – аспаз.
– Ол не істейді? Аспаз балаларға дәмді ас пісіреді. т.б.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог балабақша қызметкерінің атауын орыс тілінде айтады, балалар аударады.
Воспитатель – тәрбиеші Заведующая – меңгеруші Повар – аспаз т.б.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.
– Сендерге қандай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.