Балабақша бөлмелері


№2
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет.
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Балабақша бөлмелері.
Мақсаты: балабақша бөлмелерінің атын дұрыс айтуға үйрету .
Білімділік міндеті: балабақша туралы шағын мәтін құруға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру, сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады, мәтінді қайталайды.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды, сөздерді.
Қолданады: балабақша бөлмелерін атайды, қарапайым сұраққа жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: «Балабақша бөлмелері», ойыншық күн, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, қарындаштар, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: асүй – кухня, музыка залы – музыкальный зал, спорт залы – спортивный зал, дәрігер бөлмесі – кабинет врача, қазақ тілі кабинеті – кабинет казахского языка.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сөздік ойын: «Күн шуағы». Педагог сандықтан арнайы жасалған ойыншық күнді шығарады. Бір-бірлеріне күнді ұсынып, тілектер айтады (педагогтің көмегімен).
2. Негізгі кезең
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Дидактикалық ойын:«Тыңда, көрсет, қайтала». Балаларға балабақшаның суретін көрсетіп, өткен оқу қызметін қайталайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Жаңа сөздермен таныстыру. Ойын: «Біз саяхат жасаймыз».
Тамаша ғой бақшамыз, Саяхатқа шығамыз.
Алға басып келеміз,
Бәрін, бәрін білеміз.
Слайд: «Балабақша бөлмелері». Слайд арқылы балабақша бөлмелеріне саяхаттау.
– Мынау – дәрігер бөлмесі. Дәрігер бөлмесінде дәрігер отырады. Дәрігер балаларды емдейді.
– Мынау – асүй. Асүйде аспаздар балаларға ас дайындайды.
– Мынау – музыка залы. Музыка залында кімдер бар?
– Музыка залында музыка жетекшісі, балалар бар. Балалар би билеп, өлең айтады.
– Мынау – спорт залы. Балалар жаттығулар жасап, спортпен шұғылданады. Педагог балаларға қолдарына айнаны алып, дыбыстық жаттығулар жасауды ұсынады және сөздерді қайталап, естеріне сақтауды ескертеді.
– Біздің балабақшада бірінші қабатта дәрігер бөлмесі, музыка залы, спорт залы және асүй бар.
Ші-ші-ші – бір-ін-ші қа-бат-та дәрігер бөл-ме-сі. Дәрігер бөлмесінде мейірбике отырады. Ші-ші-ші – е-кін-ші қа-бат-та қазақ тілі бөлмесі бар.
– ең-ең-ең – балабақша кең.
– ық-ық-ық – бөлмелер жарық.
– нық-нық-нық – жоғары шық (балалар қайталайды).
Мәтін үлгісі. Біздің балабақша үлкен. Балабақша әдемі, таза. Балабақшада спорт залы , музыка залы, асүй, дәрігер бөлмесі, қазақ тілі кабинеті бар. Музыка залы, қазақ тілі кабинеті әдемі. Спорт залы үлкен.
3-4 бала мәтінді қайталайды.
Сергіту сәті
Біз балалар бағында,
Тұрамыз өте көңілді.
Көп болсақ та достықпен. Өткіземіз өмірді.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қарап, балабақша бөлмелері туралы әңгімеле. Өзіңнің балабақшаңда қандай бөлмелер бар?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
– Мынау қай бөлме?
– Бөлмеде не бар?
Дидактикалық ойын: «Аудармашы». Балабақша бөлмелерінің қазақша атауын естеріне сақтау.
Кабинет казахского языка … (қазақ тілі кабинеті) Музыкальный зал … (музыка залы)
Кабинет врача … (дәрігердің бөлмесі) т.б.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.
– Сендерге қай тапсырмалар ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *