Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
Құстар тұмауы — аса қауіпті зооантропонозды жұқпалы ауру. АIV(Н5N1) типті вируспен шақырылады. Адамдар науқастар мен ауру құстардан әртүрлі жолдармен жұқтыруы мүмкін: ауа-шаң, ауа-тамшы, алиментарлы, контактті жолдар арқылы. Инкубациялық кезеңі – 3-7 күн (қысқаша – 1-2 күн). Клиникалық белгілердің әртүрлі болуы: әдеттегі тұмауға тән белгілерден бастап (қызба, жұтыну кезіндегі ауру сезім, жөтел) көздің зақымдануы, жедел респираторлы дистресс-синдром, қан аралас қақырық болатын вирусты пневмония, гепатомегалия, бүйрек қызметінің бұзылуы, панцитопения. Тез арада өмірге қауіп төндіретін асқынулардың дамуы және жоғары пайызды өлім-жітім тән. Лабораториялық диагностикада вирусологиялық әдіспен (АIV-Н5 N1 вирусын анықтау) қатар иммундыферменттік анализ бен полимеразды тізбекті реакцияның маңызы зор. Этиотропты емге тамифлю (осельтамивир), реленза (занамивир) қолданылады. Профилактика үшін вакцинация жасалынады, иммунитетті жоғарылататын және вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.
А.Қ.Дүйсенова