Сәкенге берілген қос мандат

Зарқын Тайшыбай,
қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сәкенге берілген қос мандат
Қазақ жерлерін түгендеудегі Сәкен Сейфуллинің еңбегі
Абылай хан қаза тапқаннан кейін-ақ қазақ жерлері «ұстағанның аузында, тістегеннің қолында кеткені» тарихтан мәлім. «Қайран жерлерді» түгендеу туралы XX ғасырда мемлекеттік құжат түрін- де алғаш рет 1919 жылғы 10 сәуірде сөз болды. Сол оқиғаның 100 жылдығы аталмай кетті.
Алашорданың жолы қиылып, үміт үзілді-ау деген шақта, Кеңестік ең жоғарғы билік — Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің және Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы туралы» декреті жарық көрді. Сөз жоқ, бұл да Алаш қайраткерлерінің табанды еңбегінің жемісі еді. Құжаттың негізгі қағидалары:
«I. РКФСР-дің бөлігі ретінде Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Рес-
публикасын құру және әкімшілік шекараларын белгілеу:
а) Семей облысы: Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездері.
э) Ақмола облысы: Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уездерінің бір бөлігі.
II. Қырғыз Автономиялы Республикасының орталық органдарын ұйымдастыру толық аяқталғанға дейін уақытша Ақмола және Семей губернияларына бағынсын.
Сібір және Түркістан құрамында уақытша қалған Қазақ облыстарында бірыңғай саясат жүргізу үшін Сібір революциялық комитетінің және Түркістан Орталық Атқару Комитеті Президиумының құрамына Қазақ революциялық комитеті мүшелері енгізілсін;
Ескертпе: Бір жағынан Қазақ революциялық комитеті мен екінші жағынан Түркістан Орталық Атқару Комитеті және Сібір революциялық комитеті арасында Қазақ Автономиялы Реснубликасына қатысты аумақ шекаралары туралы қайшылықтар туындаған жағдайда, бұл мәселелер РСФСР-дің орталық мекемелерінің қарауына жіберілсін».
Осыдан кейінгі ілгерілі-кейінді, сәтті-сәтсіз оқиғалар тізбегі бүгінгі Тәуелсіздік дэуіріне келіп ұласты.
1919 жылы 27 тамызда Ресейдің Сібір өлкесін басқару үшін Омбыда Сібір төңкеріс комитеті орталығы Петропавл болған Ақмола және орталығы Семей болған Семей губернияларын биледі, Осынау ұшан-байтақ аймақта 1916 жылы жүргізілген санақ бойынша бері қойғанда бір жарым миллионнан асатын қазақ кейін құрылған Казревкомның қүзыретінен тыс Ресейде қалып қойды Қазақ АССР-нің қүрылуына дайындық басталды.
Кеңес өкіметі туралы, жаңа құрылмақ Қазақ кеңестік автономиясы жайлы үгіт- түсінік жұмыстарын жүргізу үшін 1920 жылғы 22 ақпанда Омбыдағы Казревком өкілдігі жанынан «Кедей сөзі» газеті шыға бастады. Газет бетінде Бүкілқазақ құрылтайын шақыруға дайындық жұмыстары жүрді. Редакция алқасындағы М.Жұмабаев, Ғ.Тоғжанов, Б.Серкебаев сияқты қаламгерлер Қазақ жұмхұриаты жайында түсінікті әрі әсерлі насихат жүргізді.
Қазақ әскери-революциялық комитетінің мүшесі әрі болашақ Қазақстан билігінің Бүкілресейлік Орталық атқару комитетіндегі өкілдігі алқасының төрағасы ретінде Әлімхан Ермеков 1920 жылғы 18 мамырда Мәскеуге барып, Қазақ Республикасының шекара жігін анықтау, нақтылау, даулы мәселелерді одақтық мекемелер арқылы шешумен айналысты. «Мәскеуге келген бетте мен В.И. Лениннің терағалығымен өткен кеңеске қатысып, Қазақстандағы жағдайды баяндадым, — деп еске алады Ә.Ермеков. — Столыпин реформасы кезінде қазақтардың жері жаппай тартып алынғанын, Ертістің сол жағасындағы он шақырымдық жолақ 1904 жылы казақтарға беріліп, қазақ халқының қуылғанын, Каспийдің солтүстік жағасына қазақтардың жолай алмай отырғанын… айттым» [Ж.У Қыдыралина. Алимхан Ермеков. Алматы, 2012. 100-105-беттер].

1920 жылы 20 шілдеде Қызылжарда, 21-27 шілде аралығында Көкшетауда, 23-26 шілдеде Ақмолада, 2-5 тамызда Атбасарда Кеңестердің бірінші съезі болып өтгі. Бұл кезде Петропавл Омбы уезіне қарайтын.
1920 жылы 9-10 тамызда БОАК жанында В.Лениннің төрағалық етуімен Қазақ автономиясының Сібірмен шекарасы, оның Ресеймен өзара катысы туралы мәселелерді талқылауға арналған кеңес басталардың алдьңда Петропавл уезінің қазақтары жиналып, Мәскеуге мынадай жеделхат жолдады:
«1920 жылғы 4 тамыз. Біз, Омбы губерниясы Петропаші уезі 15 болысының қазақтары Қазақ республикасының шегарасын анықтауға арналған комиссияның құрылуын қолдаймыз және этнографиялық, тарихи және экономикалық жағынан тығыз байланысты Петропавл уезі Қазақ Өлкесінің құрамына енуі керектігіне сенім білдіреміз. [ЦГАОР СССР, 1318-қор, 1-тізбе, 141-іс, 59-бет; «Образование Каз. АССР», стр. 244].
Осы құжатқа берілген түсінікгемеде, осы жеделхатқа қол қойған болыстардың өкілдері туралы хаттаманың мұрагатта сақталғаны көрсетілген. Олар, Келтесор, Сарайғыр, Тайынша, Жамантұз, Еменәлі, Таузар, Смайыл, Аққусақ және Анастасьев облысының қазақтары екен.
Шекара анықгау жөніндегі Мәскеудегі кеңеске Сібревком да дайьндалып, Ресей мүддесін қорғап, қазақ өлкесіне Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен жэне басқа Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарын бермеу туралы ұсыныспен барды.
Кеңесті басқарушы Совнарком төрағасы В.Ленин Сібревком мен Ә.Ермеков бастаған қазақ делегациясы өкілдерінің пікірімен танысып, Сібревком ұсынысы- ньгң «халықтар арасындағъг араздықты күшейтетінін» айтьгп сьгнадьг. Ол «бұрынғы Қыр өлкесінің батытсы мен шьғысындағы даулы аймақты бөлшектемей, жаңадан құрылмақ Қазақ Автономиялық Республикасына тұтас қалпында беруге» нұсқау берді.
1920 жылы 26 тамызда В.Ленин қол қойған «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру» туралы декрет жарияланды. Декретті жүзеге асыру үшін қабылданған қаулы бойынша: Қазақ Автономиясының құрамына: Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары; Закаспий облысының Маңғыстау уезі; сол облыстың Красноводск уезіндегі 4 және 5 адай облыстарьг; Астрахань губерниясынан: Синеморье болысы, Бөкей ордасы, 1-ші және 2-ші Приморье округіне жапсарлас жатқан облыстар кірді.
Құжаттың бір осал жері — «Қазақ Республикасының Ақмола және Семей гу- бернияларының басшьшығын қабылдай алатын ортальгқ органдары түнкілікті ұйымдастырылғанға дейін соңғылары уақытша Сібір ревкомының қарамағында қала беретіндігі» айтылған.
1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақстан Кеңестерінің бірінші Құрылтай съезі өтіп, онда Қазақ АКСР-і құрылғаны ресми түрде жарияланды. Қазақ Орталық Атқару комитеті Президиумының құрамына: С.Меңдешев (төраға), В.Радус-Зенькович, Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, Б.Алманов, Ж.Сәдуақасов, Ғ.Бөкейханов, Ә.Досов және тағы басқалары кірді.
Ерекше назар аударатын бір жай: С.Сейфуллинің қатысуымен «Қазак. АКСР-і территориясында отарлаудың кез келген түріне тыйым салу туралы декреттің» жасалуы еді. құжаттың көшірмесі С.Сейфуллин басқарған Жер комиссиясының шешімімен 30 қарашада РКФСР Жер халық комиссариатына жіберілген. Бұл — қазақ жерлерін отарлауға заңды түрде шек қойған ең алғашқы құжат болатын.
Дегенмен, қазақ жерлерін түгендеу оңай болған жоқ. Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізуде Омбыдағы Сібір революциялық комитетінің (Сібревком) мүшелері ашық қарсылық көрсеткенін айттық, 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселесін бес рет қарады. Тіпті, Қазақ АКСР-інің құрылғанын жарияланғаннан кейін де Ақмола және Семей облыстарын қайтару кейінге қалдырыла берді. Осынау ұлы тартыста Сәкен Сейфуллиннің аталған екі облысты Қазақ автономиясына қайтаруда ерекше табандылықпен ұлт мүддесі үшін күрескен қайраткер екендігін тарихи кұжаттар дәлелдеп отыр.
1920 жылы 19 қазанда Сібір бюросының мәжілісінде Сібревком өкілі Е.Полюдов Ақмола және Семей губернияларын 1921 жылдьтң 1 қаңтарына дейін Қазақ АКСР-іне қосу туралы съезде қабылданған қаулытға қарсылық білдірді. Оның ойынша «Съезд қазақ шовинизмі басым болған жағдайда өткен. Ақмола, Семей облыстарын қазақ өлкесіне беру мүмкін емес, бұл Ортальгқ Ресей үшін Сібірдегі астық дайындау жұмысына кедергі
келтіреді, азық-түлік дайындау тапсырысын негізінен осы екі облысқа жүктелген. Және Қазақ АКСР-інің орталық аппараты екі облысты қабылдап алуға, басқаруға дайын емес».
келтіреді, азық-түлік дайындау тапсырысы негізінен осы екі облысқа жүктелген.
Сібірдегі коммунист басшылардың қарсылығына Казақ үкімет мүшелері қатты қиналды. Ортальгқ билікке жүгіну ғана қалып еді. Мәселені талқылай келе, Қазақ Орталық Атқару Комитеті Мәскеуге Сәкен Сейфуллинді жіберуге ұйғардьг: «Мандат № 715. 11.XII. 1920. Қазац ОАК-і Президиумының мүшесі С.Сейфуллин жолдас Ақмола және Семей облыстарының іс жағдайымен таныс болғандықтан, сол облыстың өкілі ретінде 10. XII. Күнгі №21 істымен Мәскеуге арнайы жіберілсін және Қазақ АКСР-інің өкілдерімен аталған облыстарды Қазақ Республикасына қосуды тиянақтасын».
«Мәскеудегі басшылармен шешетін аса қиын, жауапты тапсырма Сәкенге неге жүктелді?» деген сұраққа жауап іздеу артық болмас. 1920 жылғы 22 желтоқсанда С.Сейфуллин Кеңестердің VIII съезіне қатысып, БОАК төрағасы М.Калининмен кездесті. Ақмола және Семей облыстарының қазақ халқына тән екендігін тарихи-этннкалық дәлелдерге сүйене отырып шешу үлгін Төтенше комиссия құру керектігі жүгінде кеңес алды.
Осылайша, 1921 жылы 16 ақпанда Қазақ ОАК-іггің шешімімен Ақмола және Семей облыстарын Қазақстанға қосатын және олардың басқару аппаратын жасақтайтын Төтенше өкілдігі бар комиссия құрылды.
Комиссияның терағалығына С.Меңдешев, мүшелігіне С.Сейфуллин, Ә.Досов, Ғ.Әлібеков, П.Заромский кірді. Төтенше комиссия жайында Ереже бекітілді. Бұл жөнінде С.Сейфуллинге берілген №654 мандатта: «Қазақ ОАК-і Президиумының мүшесі С.Сейфуллин Ақмола және Семей облыстарын қабылдап алатын және оларды басқару аппаратын құратын Төтенше — Өкілетті комиссияның мүшесі. С.Сейфуллиннің құғы мен өкілеттілігі Қазақ ОАК-нің I- сессиясында қабылданған комиссия құрсты Ережеге сәйкес белгіленді» — делінген. С.Сейфуллиннің мұндай аса жауапты мемлекет аральгқ мәселе шешетін комиссияға мүше болуы кездейсоқ емес. Себебі, Қазақ Республикасы аумағьгның тұтастығын қалпына келтірудегі көкейкесті мәселені шешуде С.Сейфуллин бұған дейін республикалық Әкімшілік комиссиясының құрамында істеген және Жер комиссиясын басқарып, тәжірибеден өткен, Ақмола және Семей облыстарының тарихи-этникалық және географиялық жағдайын жақсы білетін, мұның алдында осы мәсле жөнінде Орталықтағы басшылармен тілдескен, мойнына алған істі аяғына дейін жеткізе алатын табанды қайраткер болатын. (1920 жылғы 11 желтоқсандағы №715 мандатқа қараңыз — З.Т.).
Құрылтай сьезінің шешімдеріне қарамастан, жаңадан құрылған Қазақ Республикасының шығыс шекараларына қатысты түйткілді мәселелер 1921 жылдың басында да шешіле қоймады. Осыған байланысты 17 наурызда Ә.Әйтиевтің қолымен Мәскеудегі жоғары билік органдарына Сібревкомның іс-әрекетіне наразылық хат жолданды. Сол кезде қазақтың бір сүйем жері үшін жан сала күрескен қайраткерлердің еңбегін көзге елестету үшін мына құпия құжатқа көз салайық. КазЦИК төрағасы әрі Қазақстан шекарасын реттеу туралы төтенше комиссияның басшысы Сейітқали Меңдешев 1921 жылғы 19 наурызда Петропавлдан Мәскеуге жолдаған шұғыл жеделхатында былай делінген: (СҚОММ, 43-цор, 1-т «Қүтя. Мәскеу. Қазақстан өкілдігіне. БОАК мүшесі Мырзагалиевке. Шекара жөніндегі пікірім мынадай: Семей губерниясы, Ертіс және Павлодар аудандарын қалдыру туралы табанды болғамыз. Ал, Омбы каласын Қазақстанға косу жөнінде мәселе асқынатын болса, күштемей-ақ қойыңыз. Біздің өкіліміздің Ертіске шығуы (ягни, Ертіске қол жеткізу — З. Т.) туралы ұсынысымызды өткізу қажет. Ең бол- маса, Омбы уезінің қазақы басым бөлігін алып, Ертіске қол жеткізумен шектелуге болар. Есіңізде болсын, бұл мәселені федералдың биліктің алдына қойғанда, бұл қазақтар Омбы уезінде қалса, сөзсіз қырғынға ұшырайды, біз оларды аман сақтап қалуға күні салып отырганымызды жеткізіңіз».
Сол күні Төтенше комиссия мүшелері Петропавлдан Омбыға келіп, Сібревкоммен екі жақтың 10 адамынан біріккен комиссия құрылып, 26 күн жұмыс істеді. «Жұмыс істеді» деген сөз тіркесттгің астарында қаншама айтыс-тартыс, ұлт мүддесі, жер дауы, саяси күрес… жатқандығын сақталған құжаттарға қарап отырып, мынадай бірнеше оқиғамен сипаттауға болар:
1919 жылдың 12 мамырына дейінгі аралықта комиссия 6 рет, бюро мәжілісі 15 рет жиналды. Бастапқыда ұйымдық мәселелерде келісімге келгенімен, мемлекетаралық шекараға байланысты мәселеде Сібір ревкомының өкілдері шовинистік, ұлтшылдық пиғылдарын айқын көрсетті.
Өте тартысты жағдайда өткен 1921 жылғы 7 сәуірдегі біріккен комиссия мәжілісінде екі жақтың мүдделері қайшы келді. Мәжіліске Сібірревком жағынан Чуцкаев, Михеев, Дубровский, Темкин, Шиша, қазақтардан: Меңдешев, Сейфуллин, Заромский, Досов, Әлібеков, Сергеев, Әйтиев, Попов қатысты. Сібірревком жобасын қорғаған Чуцкаев: «Сібір мен Қазақ Республикасының шекарасы дегеніміз тек шартгы түрдегі түсінік, екеуінің арасына қалқан қою қажет емес. Сібір жерінде қалатын қазақтардың мүддесі орыс тұрғындармен бірдей қорғалады. Павлодар уезінің солтүстік бөлігі Сібірге қарауы керек, өйткені, бұл ауданның тұзды көлдері Сібір үшін өте маңызды» дегенді көлденең тартты. Бұл пікірді қазақ өкілдері кері серпіп тастады. Олар: «Қазақ Республикасын құрған уақьгт- та оның негізіне этностық принциптер алыңғанын, ал экономикалық принциптің тек қосалқы ғана мәні бар» деп Сібревком мүшелеріне мынадай талаптар қойды:
Семей губерниясынан Павлодар уезінің бөлінуі шаруашылық дамуына нұқсан келтіретіндіктен, бұл талап орындалмайдьг;
Қазақ өкілдігінің шекара жөніндегі нұсқасы қабылдануы қажет. Омбы уезінің қазақтар мекендейтін бөлігі толығымен Қазақ Республикасына қосылады. Теміржол қатынасы Есілкел станциясы арқылы жүргізілетін болады;
Есіл уезінің 13 болысының Қазақ Республикасына қосылуы керек;
Бұқтырма уезі Семей губерниясының аумағында, сондықтан Қазак Республикасына сөзсіз берілуі керек.
Қазақ қайраткерлері Сібревком дайындап, ұсынған жоба Қазак мемлекетіггің ұлттық тұтастығын бөлшектеуге өкелетіггін түсінді. Сондықтан, екі жақтың біріккен комиссиясьг «Шекара мәселесі жөнінде келісімге келе алмағандытан, ақтық шешім шығару БОАК-нің қарауьша берілсін» деген қаулымен тарауға тиіс еді.
Қазақ қайраткерлері Сібревком дайындап, ұсынған жоба Қазак мемлекетіггің ұлттық тұтастығын бөлшектеуге өкелетіггін түсінді. Сондықтан, екі жақтың біріккен комиссиясы «Шекара мәселесі жөнінде келісімге келе алмағандықтан, ақгық шешім шығару БОАК-нің қарауьша берілсін» деген қаулауымен тарауға тиіс еді.
Дегенмен, қазақ өкілдерінің өзіндік көзқарастарын берік ұстауы мен табандылығы арқасында мәжіліс соңына қарай біріккен Сібір-қазақ комиссиясы бір шешімге тоқтады. С.Сейфуллин, Ә.Досов, С.Меңдешев және П Даромский кол қойған қаулыда: «Семей губерниясы 20 сәуірден бастап, Қазақ өлкесіне беріледі» делінген.
9 сәуірде Е.Полюдовтың жетекшілігімен өткен кезекті бюро мәжілісінде Орталығы Петропавл қаласы болатын Акмола губерниясының 7 адамнан құралған жетекші тобын құру мәселесі қаралды. Төрағасы Ә.Әйтиев болып, Коротков, Барлебен, Асылбеков, Шәріповтерден кұралған революциялық комитет билікті қолға алды.
Төтенше комиссияның ұйғарымымен «Сейфуллин жолдасқа жаңадан құрылған Акмола губерниялық ревкомының жұмысына жәрдемдесу тапсырылды» деген құжат сақталған. С.Сейфуллиннің ұлт мүддесін қорғау жолындағы қайраткерлігі комиссия және бюро мәжілістерінде талас тудырған мәселелерді шешудегі белсенділігінен айқын көрінеді.
22 сәуір кішгі өткен мәжілісте Ақмола губерниясының халқын азық-түлік- пен қамтамасыз ету жайы қаралған. Екі-жақты комиссия белгілеген шаралардың орындалысына көз жеткізу үшін С.Сейфуллиннің ұсынысымен аталған мәселе 30 сәуір күнгі мәжілісте кайта қаралып, Акмола губерниясы уездерін астықпен қамтамасыз ету, мемлекетке астық және мал өнімдерін дайындауды токтату мәселелері оң шешімін тапқан.
1921 жылы 10 мамырдағы мәжілісте «Ақмола және Семей облыстары әкімшілік жағдайында 10 мамырдан бастап, Қазақ Республикасына қарайды» деген қаулыға С.Сейфуллин де қол қойды. Осы куні аса маңызды бірнеше мәселелер өз шешімін тапты. Атап айтсақ, мұның алдында 18 сәуір күні қаралғаны мен аяқсыз калған Омбы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында Акүгола және Семей губерниялары жастарына орьш беру туралы Сібір халық ағаріу бөліміне ұсыныс жасау мәселесі де Сейфуллиннің талап етуімен тиянақ тапты.
Комиссияның Мәскеуге жүгінген талаптары қазақ пайдасына шешілген хабар жетті, Екі жақ келісімге келіп, 11 мамырда Сібревком және Қазревком өкілдері мәжілісінің шешімімен Ақмола және Семей губерниялары Казақ АКСР- іне қайтарылды, 1921 жылы 12 мамырда С.Меңдешев пен РК(б)П ОК Сібір бюросының хатшысы В.Яковлев барлық партия органдарының Сібір қарамағынан Қазақ АКСР-іне берілгендігі, Семей және Ақмола губерниялық комитеттеріне Сібір бюросымен қатынас жасауды тоқтату, Орынборға сөзсіз бағыну жөніндегі актіге қол қойды.
Комиссияның ұйғаруымен таяу арада қосылатын екі облыста кеңестер сайлауына дайындық жұмыстарын жүргізу қаралды. С.Сейфуллинге еңбекші қазақ халқына кеңестер сайлаушыға байланысты үндеу дайындап, оны газет бетіне жариялау және жемқорлық пен парақорлықтың жолын кесу кеңес орындарының бақылауында екенін атап көрсету тапсырылды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы жер дауы осылай шешілген. «Казақ республи- каның шекарасы туралы» Бүкілодақтық Атқару комитетінің 1922 жылы 26 қаңтардағы қаулысымен біржола хатталып, солтүстік-шығыстағы аумақтар Қазақстан қарамағына беріліп, қазақтың байырғы жерлері мүмкіндігінше біртұтас қалпында сақталып қалды.


// Орталық Қазақстан.- 2020.- 25 ақпан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *