ПАРАГРИПП

ПАРАГРИПП
Син.: парагриппозды инфекция
Анықтамасы. Парагрипп – айқын емес интоксикация белгілерімен және жоғарғы тыныс жолдарының, әсіресе көмейдің шырышты қабатының зақымдалуымен сипатталатын жедел вирусты ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы Paramyxoviridae тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ бар вирус.
Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезең 2-7 күн, көбінесе 3-4 күн. Ауру біртіндеп басталады. Науқас әлсіздікке, бастың ауыруына, тоңғыштыққа шағымданады. Дене қызуы субфебрилді немесе қалыпты. Ларингит белгілері басым болады (дөрекі жөтел, дауыстың қарлығуы немесе қырылдауы). Одан басқа мұрынның бітелуі, кейін ринорея байқалады. Қарап тексергенде: мұрынның шырышты қабаты қызарған және ісінген. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақта ұсақ түйіршіктер бар, қызарған және аздап ісінген. Пульс жиілейді. Жүрек тондары бәсеңдеген.
Қанда: нормоцитоз немесе орташа лейкопения, ЭТЖ қалыпты.
Ауру ұзақтығы 1-3 аптаға созылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *