Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Оймауыт ауылы, Төле би атындағы ШЖЖО мектебінің информатика пәні мұғалімі
Курбанова Зульфия Османовна
Жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты назар аударылуда. Әлем тәжірибесіне сүйене отырып PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы құрылды. Ең алғашқы PISA (Programme for International Student Assessment) халықаралық зерттеулеріне 2000 жылы өткізілді, оған 32 мемлекет қатысты.Ал
2003 жылы — 43 мемлекет,
2006 жылы — 57 мемлекет,
2009 жылы— 65 мемлекет қатысты.
2012 жылы 65 мемлекеттен 510 мыңға жуық оқушылар зерттеуге қатысты. 2015 жылы 70-ке жуық мемлекет осы халықаралық зерттеулеріне қатысуға шешім қабылдады.
PISA бағдарламасының мақсаты:
15 жастағы оқушылардың ғылыми жаратылыстану және оқу сауаттылық деңгейін бағалау.
Оқушылардың мектепте алған білімдері мен тәжірибелерін өмірде қолдана ала ма?- деген сұраққа жауап іздеу.
(OECD — Organization for Economic ooperation and Development )
Білім беру сапасын бағалау , соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арқылы іске асады.
• Бұл тест әр түрлі мемлекеттерде оқушылардың сауаттылық деңгейін бағалау және алған білімдері мен біліктерін тәжірибеде қолдана білуі .
• Үш жылда бір рет өткізіледі
• Білім беру сапасының мониторингі функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары арқылы іске асады:
— Оқу және жазу сауаттылық
— Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық
— Компьютерлік сауаттылық
— Математикалық сауаттылық
— Денсаулық сауаттылық
— Құқықтық сауаттылық
Оқу және жазу сауаттылығы
Оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу, құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру. Көрген-білгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу
Жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық
Оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық –саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.
Компьютерлік сауаттылық
Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту.
Математикалық сауаттылық
Математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудігі басты құралы ретінде көрінеді.
Денсаулық сауаттылық
Дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Құқықтық сауаттылық
Оқушының құқықтық білімін жақсарту, құқықтық ұғыну, өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т.б.
2009 жылы PISA (Programme for International Student Assessment) халықаралық бағдарламасы зерттеулердің нәтижесі бойынша бағдарламаға қатысқан 65елдің ішінен біздің оқушылар математикалық функционалдық сауаттылғынан 53-орын, жаратылыстану ғылыми сауаттылығына 58-орын, оқу сауаттылығынан 59-і орын алды.
Бұдан, Қазақстанның PISA қатысуының нәтижелері еліміздегі жалпы білім беру мектептерінің педагогтары жоғары деңгейде пәндік білім береді, бірақ өмірлік жағдайларда оларды қолдануға жеткілікті түрде үйретпейтіндері көрсетті. Осыған байланысты елбасының тапсырмасына сәйкес Мектеп оқушыларының функцияналдық сауаттылығын дамыту жөнінде 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспары әзірленді.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.
Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі.
Ұлттық жоспардың мақсаты — Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.
Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері:
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:
1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.
2. Білім беру мазмұнын жаңартады.
3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді.
4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.
5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады.
Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін орта мектептердегі құзіретті тұлғаны қалыптастыруда тіл пәндерінің орны ерекше болып келеді. Бұл орыс мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарының жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың әдістеме негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіледі.
PISA зерттеулері біздің оқушыларымыздың функциялық сауаттылық деңгейі тұрғысында әлемнің дамыған елдеріндегі өз құрбыларынан артта қалғандарын көрсетіп берді.Осыған байланысты PISА-да табысқа жеткен елдердің ( Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея, т.б) тәжірибесін ескере отырып, отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын айқындады:
1) Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі.
2) Оқушылардың математикалық құзіреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдыларының жеткіліксіздігі.
3) Күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану-ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен өз көзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.
Бізге бұл не үшін керек?
• PISA бағдарламасы арқылы мемлекет ішіндегі білім сапасын бағалауға болады;
• Дүниежүзілік білім жүйесіндегі деңгейі;
• Басқа мемлекеттердің білім беру бағдарламаларына, ресурстарына қол жеткізуі;
• Соңғы дүниежүзілік білім сапасын бағалаудағы нәтижелерге сүйене отырып шығарылғын әдістемеліктерді пайдалануы.
Қорытынды
Бүгінгі таңда PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы әлемде
мектептегі білім берудің салыстырмалы әмбебап құрал ретінде пайдаланылады.
Оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болады:
1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;
3.Мемлекеттік тілде ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау;
4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;
5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету ;
6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;
7.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы ;
8. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеге баулу.
9. Оқушылар 2016 жылы PISA халықаралық зерттеулеріне қатысып, 50-55 орынға, ал 2018 жылы 40-45 орынға көтерілеміз деген мақсаттамыз.