Ежелгі Қосөзен елдері

Азияның оңтүстік-батысындағы бір-бірімен қатар жарыса ағатын екі өзен – Ефрат пен Тигр Кавказ тауларының сілемдерінен басталып, Парсы шығанағына құяды. Бұл өзендерді жергілікті тұрғындар Қосөзен деп атады.
Қосөзеннің оңтүстігіндегі тұрғындар тарихта Шумер мен Аккад халықтары деп аталды. Шумерліктердің тілі шығыс семиттік тіл тобына жатады. Кейін осы тілді Аккад тілі ығыстырып, негізгі тілге айналды. Түрлі тілде сөйлеген халықтар өзара бір-бірімен жауласпай, ортақ атаумен өздерін «қарабастылар» деді.
Б.з.д IV мыңжылдықта Қосөзенде қалалар қалыптаcты. Негізінен, бірнеше қала мемлекеттер бір-бірінен дербес өмір сүрді. Ең әйгілі қалалары: Ур, Урук, Ниппур, Киш, Лагаш, Умма, Шуррупак болды.
Қосөзенде өркениетті дамытушылар шумерліктер болды. Олар елдің басшысын «нубанда» деп атады. Қала-мемлекеттерде қоғамдық мекемелер, базарлар, шеберханалар, патша сарайлары, ғибадатханалар және тұрғын үйлер болды.
Дүниедегі ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге әкелген шумерліктер болды. Әріптер үшкір таяқшамен жұмсақ балшыққа батыру арқылы жазылатын болды. Балшыққа батыра отырып, сызу арқылы жазылған әріптер балшық кепкен соң кәдімгі сынаның орнындай болып қалатын. Сондықтан бұл жазу жүйесін сына жазу деп атайды.
Қосөзендегі ірі Аккад мемлекетінің гүлденуі Нарамсин тұсында болды. Ол Сирияны басып алып, Жерорта теңізіне дейін жетті. Тигрдің бойын тұтас бағындырды. Египетке жол ашты. Шығыста Элам билеушісімен келісімге отырды. Осылайша елдің төрт құбыласындағы ірі елдерді өзіне бағындырды.
Орталығы Аккад қаласы болған ірі мемлекет б.з.д. ХХIV ғасырда құрылды. Оның негізін қалаған патша Саргон ( Шаррум-кен немесе Шаруккин) болды. Ол елді 55 жыл яғни б.з.д. 2316-2261 жылдары басқарды. Ол Шуммер-Аккад патшалығын құрды. Оның тұсында Қосөзенде қырқысу тоқтады. Саргон біріккен Қосөзен халықтарынан қуатты әскери күш жасақтады. Сол күшпен бастыста «Күміс таулар» деп аталған Сирия жерлеріндегі тауларға дейін жорық жасады. Ол мықты патшалық билік орнатты. Оны тіпті «әлемнің төрт құбыласының билеушісі» деп те атады.
Хаммурапи – б.з.д. 1792-1750 жылдар арасында патшалық еткен Вавилонның атақты патшасы. Ол өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде ежелгі дүниедегі таланты елбасылардың қатарына қосылды. Қосөзенді Вавилонның қоластына қаратып, бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығын құрды.
«Вавилон» сөзі «Бабили» немесе «Бабилу» — «құдайға барар қақпа» деген мағынаны білдіреді.
Хаммурапи елде бірыңғай тәртіп пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырды. Оны қара тас бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 жылы тауып, зерттеді.
Заңның мақсаты – Вавилон тұрғындарының мүліктері мен дәстүрлі құқықтарын қорғау еді. Бұл заңдар жинағы негізінен Хаммурапидың жеке басын мадақтауға арналды.
Басқа халықтар сияқты вавилондықтар да алғашында әртүрлі құдайлар бар деп есептеген. Вавилон мемлекетінің құрылу барысында діни түсініктерге өзгерістер енді. Әрбір қаланың, ауылдың қамқоршы құдайлары бар деп есептелінді. Вавилон қаласының қамқоршысы Мардук құдай болды. Ол дүниені жаратушы болып сипатталды.
Қосөзенде құрылысқа қажетті ағаштар мен тастар аз болды. Сондықтан үй немесе басқа да тұрмысқа қажетті жайларды салу үшін балшық пен қамыс кең түрде пайдаланылды.
Б.з.д VII ғасырда Вавилон тәуелсіздік алып, қайта гүлденді. Ол әсіресе, II Навуходоносор патша кезінде көркейіп, әсем де сәулетті қалаға айналды. Ол алыстан көрінетін, шағын көгілдір жазықтағы жер мен көктің арасындағы әйгілі Аспалы бақты жасатқан адам. Аспалық бақ – әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Навуходоносор Вавилонның сыртын айналдыра жүз шақты қақпа салдырды, ең құдіреттісін Иштар құдайдың құрметіне арнады. Барлығын мыстан жасатты. Қаланың ортасындағы биік мұнараны құдіретті Мардук құдайға арнады. Вавилонға әлемнің әр түпкірінен сауда керуендері мен саудагерлер келіп жатты.
Вавилонда аңыз бойынша «Вавилон мұнарасы» болған. Ғаламат мұнара көкке тірелуге аз қалғандықтан, құдай мұнара салушылардың тілін сапырылыстырып, бір-бірін түсінбес үшін араластырып жіберген делінеді. Шынында да, бұл мұнараны түрлі ұлт өкілдері: египеттіктер, иудейлер, ассириялықтар және т.б. салған деседі. Олардың көбін басқа жақтан осындай құрылыстарды салу үшін айдап әкелген. Вавилондық бақылаушының таяғының астында ауыр халде жұмыс істеген құрылысшылар бір-бірінің тілін түсінбей, ығы-жығы, бей-берекет тіршілік кешкен. Осыдан «Вавилон сапырылысы» туралы аңыз қалды.
Қосөзендегі алғашқы әдеби шығармалар діни түсініктермен тығыз байланысты болды. Олардың бірі әйгілі «Гильгамеш туралы дастан». Бұл дастан – өлім мен өмір арасындағы күрес туралы тамаша шығарма.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *