Азияның оңтүстік – батысындағы ежелгі мемлекеттер

Ассирия – Вавилонның солтүстігіндегі ел болатын. Ассириялықтар – тасты құрылысты кең пайдаланды. Ассирияның негізгі тұрғындары ұсақ өндіруші әрі жер өңдеуші ерікті қауым мүшелерінен құралды. Ассириялық отбасы таза патриархалды, яғни барлық билік әкенің қолында болды. Майорат дәстүрі бойынша, мұраның қалған екі үлесті бірінші болып таңдау үлкен ұлдың үлесінде болатын. Отбасында әйелдердің құқығы шектелді.
Ассирия ұзақ уаыт көршілес елдердің қол астында қалып қойды. Хаммурапи кезінде ол Вавилонға тәуелді болды. Осы жағдай Ассирияда ірі мемлекеттің құрылуын кештетті. Б.з.д. IХ ғасырда II Ашшурнацирапал және III Салманасар кезінде Ассирия өз ықпалын күшейтті. Мидия тайпаларын талқандап, Тигр өзенінің шығысына кірді. Шығыс Жерорта теңізінің жағалауына жиі жорықтар жасады. Маңызды сауда жолдары өтетін Тир, Сидон, Дамаск, Библ, Арнад, Каркемиш қалаларын өз бақылауында ұстады. Солтүстіктегі Урарту мемлекетімен соғыс жүргізді. Оның астанасын басып алып, Вавилонға қауіп төндірді.
Ассириялық әскердің артықшылығы – күтпеген жерден, тез соққы бере білуінде болды. Ассирия әскерінің барлаушыларына ол кезде ешкім тең келмейтін. Армияны 10,100,1000 адамнан құрайтын отрядтарға бөлді. Әскерінде кем дегенде 120 мың адам болған деседі.
Ашшурбанапал- Ассирияның соңғы билеушісі. Қатал билеуші болса да, ол өнерді құрмет тұтқан шығыс елдерінен кітаптар жинатқан. Біразын балшық тақтайшаларға көшіртіп, жаздыртыпты. Олардың ішінде әдеби шығармалармен бірге, жұлдызнамалық, дәрігерлік туралы кітаптар да болыпты. Бұлармен бірге ассириялық ақындардың өлеңдері мен жырлары да сақталған. Әсіресе ассириялық патшалардың жылнамалары ерекше болды.
Ассирияның солтүстігі мен шығысындағы көшпелі халықтар бірте-бірте күшейіп, Ассирияға қауіп төндіре бастады. Ассирия әскерінің соңғы шайқасы Харран деген жерде б.з.д 609 жылы болды. Ақыры, б.з.д. 605 жылы Мидия мен Вавилон патшалықтары одақтаса отырып, Ассирияны жеңді.
Б.з.д. ХIV ғасырдың соңында Сирия жері үшін Хеттер мен Египеттіктердің күресі қайта өршіді. Соғыс ұзаққа созылды. Ақыры, адамзат тарихындағы екі ел арасындағы бірінші бейбіт бітім шарты дүниеге келді. Ол б.з.д 1296 жылы Египет пен Хетт мемлекеттері арасында жасалды. Ол шарт бойынша Сирия жері екіге бөлінді.Солтүстігі – Хетт, ал оңтүстігі Египет мемлекетіне қарады.
Хетт мемлекеті ерте заманда қазіргі Түркия жерінде құрылды. Оны басқаша Анатолы немесе Кіші Азия деп атады. Хетт жерін үш жағынан да теңіздер қоршап жатты.Солтүстігінде – қара теңіз, батысында – Мәрмәр, Эгей, ал оңтүстік-батысында – Жерорта теңізі. Кіші Азияның табиғаты мал бағуға, қой өсіруге ыңғайлы болды. Күміс, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар да мол еді. Сондықтан деректер бойынша оын «Күміс таулар» деп атады.Хетт патшалығын I Лабарна (б.з.б 1675-1650 жж.) құрды.
I Лабарнаның жиені Хаттусили (б.з.б. 1650-1625 жж.) елдің астанасын Хаттусу қаласына ауыстырды. Осыдан кейін мемлекет «Хетт» деп аталды.
Тирдің оңтүстігінде филистимдіктер деп аталатын халық өмір сүрді. Оларды египеттіктер пелестим деп атады. Сол халықтың атынан Палестина деген жер атауы пайда болды. Оның ежелгі тұрғындары – хананей тайпалары еді. Олар қалалар салған, көрші елдермен сауда жасаған. Хананейліктердің жерін Египет жаулап алды. Кейін палестина жеріне еврей тайпалары көшіп келді. Оларға хананейліктер қарсы болды. Б.з.д. ХI ғасырда палестинаның әскери қуаты күшейе бастады. Ал Израbль тайпалары олардың соққысына төтеп бере алмады.
I Дарии кезінде парсы патшалығы ең мықты ел болып, «елдер патшалығы» аталып, әміршісі «ұлы патшалардың патшасы» деген атаққа ие болды.
Парсылардың тілінде жазылған әдеби шығарма «Авестада» діни Заратуштра ілімі уағыздалды. Заратуштраның мәні – Ахурамазда (жақсылық, қайырымдылық құдайы) мен Анхра Манью (жамандық пен қатігездік құдайы) арасындағы күрес баяндалады. Өйткені бұл күрес әлемдік дамудың негізі болатын. Олардың күресі ұзақ жылдарға созылды. «Авестада» осы күресте Ахурамазда жеңіске жетті деп баяндалады.
Парсы патшалығында қосөзендік сына жазудың таңбаларын азайтып, 42 әріптік жазу жүйесі жасалынды. Бұл жазу анағұрлым жеңіл болды. I Дарий патшадан «Бехистун» жазуы қалды. I Дарий ол жазуды биік жартасқа жаздырған. Оның биіктігі – 10 метрден астам. I Дарий енгізген үлкен жаңалықтың бірі – әлемдегі ең таза алтын теңге шығаруы болды. Ол «дарик» деп аталды. Оны парсы мемлекеті ғана емес, көптеген басқа да елдер құнды ақша ретінде пайдаланды. Халықаралық саудадағы негізгі ақша қызметін атқарды. Бұл парсы елінің беделін көтерді.
I Дарий кезінде Ахурамаздаға (жақсылық пен қайырымдылық құдайы) жаппай сыйыну кең тарады. Парсы патшасы – жерді, аспанды, адамдарды сол жаратты деп есептеді. Ал өзін патшалардың патшасымын, жасаушы қасиетті құдаймын деп жариялады. Бас құдай, аспан патшасы – Ахурамазда да сонымен бірге I Дарийдің қамқоршысы болып есептелінді. Орасан зор аймақты иеленген парсы патшалығының құрылуы біртұтас құдайға табыну – жалпы мемлекеттік дін болуды қажет етті. I Дарийдің таққа мұрагерлері арасында Ахурамазда парсылардың көктегі иесі болып саналды.
Израиль мен иудей халықтарының басты құдайы – Яхве болды. Алғаш от, найзағай мен жел құдайы деп есептелген Яхве, кейіннен мемлекет пен патшаның қамқоршысы делінді.
Сүлеймен – б.з.д. 965-926 жж өмір сүрген Израиль-иудей елінің атақты әрі ақылды патшасы. Оның билігі кезінде ел гүлдене түсті. Сүлеймен патша қасиетті әрі өте әділетті болды.
Б.з.д. 331 жылы А.Македонский Қосөзенде Гавгамелы елді мекен жанында парсы патшасы III Дарийді жеңеді. Парсы патшалығын жеңгеннен кейін А. Македонскийге «Азия патшасы» деген атақ берілді. Б.з.д 328 жылы Александр Үндістанның солтүстігін жаулады. Александр Орта Азия халықтарын – соғдыларды, бактриялықтар мен сақтарды өзіне толық бағындыра алмай, еліне кері қайтты.
Б.з.д 324 жылы Қосөзенге қайтып оралып, шығысқа он жылға созылған жорығын аяқтап, Вавилон қаласын өзінің астанасы етіп жариялады. Б.з.д 323 жылы «Азияның патшасы» атанған Александр Македонский кенеттен науқастанып қайтыс болды.
Бактрия – бүгінгі Тәжікстан мен Ауғаныстан жерінде құрылған ел еді. Бүл елді кей деректерде «тулары биік көтерілген ел» деп атайды. Ал Бактрия патшаларын «мың қаланың басшылары» деді. Бактрияда қалалық өмір дамыды.
Б.з.д 140-130 жылдары Бактрияға солтүстіктен көшпелі тайпалар юечжілердің соққысы ауыр тиіп, Бактрия мемлекеті құлады.
Бактрия патшалығы тарих сахнасынан кете бастағанда, ірі саяси бірлестік – Кушан мемлекеті пайда болды. Кушан мемлекеті Азияның орталық бөлігінде орналасты. Оның негізін құрағандар көшпелі селевкіліктер болатын. Кушан мемлекетінің негізін қалаушы – I Кадфиз. Оған «патшалардың патшасы» деген атақ берілді. Ол өз жерін нығайту мақсатында Гиндукуштан Үндістанға дейін жорық жасап, бірнеше аймақтарды өзіне қаратады. Бұрыңғы Бактрия жерлерін басып алып, орталығын Бактр қаласы деп бекітеді. Кушандық шеберлердің мүсіндеу,бейнелеу және құрылыс өнеріндегі жетістіктерін паш ететін «Жеңімпаз Канышке храмы». Храмның қабырғаларына тақта отырған патша, оның әйелі, патшаның туыстары, ақсүйектері бейнеленген.
Негізінен сарайлардың қабырғаларында құдайлардың емес, патшалардың және оның туыстарының бейнелері жиі бейнеленген.
Кушандықтар Ұлы Жібек жолы бойында үлкен сауда жасады. Металдан тұрмыстық заттар мен сәндік бұйымдар жасады. Кушандықтар садақты бес бөліктен, ерекше қылып жасаған Бұл садақтың түрі Иран,Үндістан, Қытай да белгілі болды. Метал бұйымдар, қару-жарақтар, бағалы тастар, қойдың терісі мен жүнін Қытай, Үндістан, Египет, Римге өткізді. Кушандықтар әр түрлі діни көзқараста болды. Көпшілігі заратуштралық ілімді ұстанды. Кушандық дәуірде дүниеге келген – манихей діні. Заратуштра, будда, манихей діндері – кушан елінде қатар өмір сүрді.
Б.з.д. III ғасырда Бактрияның батыс жағындағы құрылған қуатты патшалық – Парфия болды. Оның негізін Аршак атты көсем қалады. Парфия Римнің басты бәсекелесіне айналды. Парфияның басқару жүйесінің басында Аршак әулетінен шыққан патшалар тұрды. Олардың басқару жүйесі ахемендік парсыларға ұқсас болды. Мемлекеттің жері бірнеше әкімшілік аймақтарға бөлінді. Оны сатраптар басқарды. Көбіне олар патшалыққа тәуелді бола бермеді. Парфия бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекет бола алмады. Б.з. I ғасырдың ортасында Рим Кіші Азия мен Сирияны жаулап алғаннан кейін, Парфияның Рим үшін басты кедергі екенін түсінді. Сөйтіп, парфиялықтар мен римдіктердің әскерлері б.з.б 53 жылы солтүстік Месопотамия жерінде Карра қаласының түбінде кездесіп шайқасады. Ауыр қаруланған парфиялықтардың ат-әбзелдері мен сауыт-саймандары озық еді. Рим қолбасшысы Красс парфиялықтарды жазықтан қоршауға алды. Ал жазықта Парфия әскерінен мықты соғысатын армия жоқ болатын. Мыңдаған әскер қаулап шыға келіп, жауға қарай жебені қардай борататын. Ал римдіктер әскері өзара арасы тығыз, жиылып тұратын. Парфиялықтарға керегі осы еді. Ауыр да қатты соққыдан жау сескене, шегініп, қаша жөнелетін. Осы шайқасқа Красс қырық мыңдай әскерімен кіріп, оның отыз мыңынан айырылды деседі. Б.з. II ғасырдың басында әлсіз елге айналған Парфия жеріне Рим әскерлері басып кірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *