Үстеу-сөз табының бірі, оның семантикалық сипаты. Үстеудің қимылдың алуан түрлі күй-жағдайларын, түрлі белгілерін білдіретіндігі, өз алдына жеке сөз табы екендігі. Үстеу сөз қатарының тілдің түрлі тәсілдері арқылы тарихи қалыптасқаны. Сондықтан басқа да сөздер тобымен төркіндігі морфологиялық құрамы жағынан негізгі түбір, туынды түбір үстеулер болатындығы. Дара және күрделі үстеулер болып бөлінетіндігі. Үстеулердің арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің жоқ екендігі. Үстеу грамматикалық категориясы жоқ сөз табы. Үстеу сөздердің мағынасына қарай мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, күшейту, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері болып бөлінетіндігі. Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы я дәл мерзімін білдіріп, қашан? қашаннан? сұрақтарына жауап берітіндігі, мезгіл үстеулердің қатары. Мезгіл үстеулер, олардың құрылысының біркелкі еместігі. Дара және күрделі болып келуі, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны, атқаратын синтаксистік қызметі. Мекен үстеулері, олар қимылдың орынн, мекенін, бағытын білдіруі, сұрақтары қайда? қайдан? Мекен үстеуіне жататын сөздер, олардың тұлғаларының бірыңғай еместігі. Мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары, оларға жататын үстеу сөздер. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі. Пысықтауыш болуы, үстеулердің әрқашан өздері пысықтайтын сөздерінен бұрын тұратындығы, алайда мезгіл үстеулерінің сөйлемде орын талғамайтындығы. Кей жағдайларда үстеулердің бастауыш, толықтауыш, баяндауыш қызметінде жұмсалуы.
Еліктеу сөздердің лексикалық жне тұлғалық жағнан өзгеше сөз табы екендігі. Еліктеу сөздердің қатары айналадағы түрлі-түрлі дыбыстарға еліктеуден қимыл-әрекеттерді, қилы-қилы көріністерін бейнелеуден туатын сөздер тобы екендігі.
Еліктеу сөздердің түрленбейтіндігі. Еліктеу сөздердің іштей еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерге бөлінетіндігі. Олардың сипаттамасы, қатары, құрамы, еліктеуіш сөздердің сөйлемдегі қызметі. Олардың сөздермен тіркесу қабілеті туралы.
Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамының буын жігінің, айтылу ырғағының қалыптасқан, әрі орнықты, әрі жүйелі заңдылықтарының бар екендігі. Еліктеу сөздердің құрылысына қарай дара және күрделі болып келетіндігі. Дара еліктеу сөздердің негзігі және туынды болып бөлінетіндігі. Негізгі еліктеу сөздерге есту, көру арқыл қабылднған табиғат құбылыстары, көрініс бейнелерінің атауларының жататындығы, туынды еліктеу сөздерге жалпы сипаттама. Күрделі еліктеу сөздер. Негізінен етістіктермен тіркесіп пысықтауыш мүше қызметін атқаратындығы, құранды мүшенің құрамында келіп бастауыш қызметінде қолданылуы. Зат есімдермен тіркесіп анықтауыштық қызметте де келетіндігі. Шылау. Одағай
Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі. Шылау сөздер әуелгі дербестігінен айырылған көмекші сөздер ретінде қызмет атқаратыны. Шылаулардың дәнекерлік қзметінің және атаушы сөзддермен тіркесу қабілетінің олардың қалыптасқан грамматикалық мағыналарының сипаттарына қарай жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер болып бөлінетіндігі.
Жалғаулықтар, олардың өздеріне тән грамматикалық қызметі. Жалғаулықтардың өзар тең дәрежедегі бірыңғай сөөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байлнстыратындығы. Байланыстру қабілетіне қарай салыстырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар болып бөлінетіндігі. Ыңғайлас, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдар, шарттық, ұштастрғыш жалғаулықтар, олардың қатары, сипаттамалары. Септеуліктер, олардың өзі қатысты сөздің белгілі тұлғада тұруын талап ететіндігі және тіркескен сөздерге себептік, бағыттық, мезгілдік грамматикалық мағыналарды үстейтіндігі. Септеулік шылаулардың жалғаулық шылаулармен қызметтерінің ұқсастығы мен айырмашылығы. Демеуліктер, олардың өздері тіркесетін сөздерге түрлі қосымша реңктер үстейтіндігі. Қосатын реңк мәндеріне сай сұраулық, күшейткіш, болжал, болымсыздық, қомсыну мәнді демеуліктері болып бөлінетіндігі.
Одағай лексика-грамматикалық сипаты жағнан адамның әр түрлі көңіл-күйіне байлансты ишарттар және төрт түлік малға арнайы айтылатын, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, оқшау қолданылатын сөздер тобы екендігі. Одағайлардың зерттелуі. Одағайлардың түрлері: негізгі одағайлар, туынды одағайлар. Одағалардың мағынасына қарай бөлінулері: көңіл-күй, ишарат одағайлары. Одағайлардың сөйлемде лепті, сұраулы сөйлемдердің құрамында келетіндігі. Екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алатындығы.: 1) көмекші етістіктерімен тіркесіп, күрделі мүшенің құрамында келгенде; 2) түрлі қосымшаларды қабылдау арқылы заттанып барып әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады.