ЭКГ жазу әдістемесі. ЭКГ ні сапалы етіп жазу үшін оны тіркеудің жалпы ережелеріне қатаң жүгіну керек. ЭКГ ні мүмкін болады деген электрлік бөгеттерден алыс арнайы жабдықталған бөлмеде тіркейді, мұндай электрлік бөгеттер болатын жерлер мыналар : физиотерапевтік және рентгендік кабинеттер, электромоторлар , таратушы электрощиттер орналасқан кабинеттер т.б . Кушетка электросеть сымдарынан кем дегенде 1,5-2 м метр қашықтықта орналасуға тиіс.Кушетканы электрлік жағынан экрандау қажет, пациенттің астына металл сетка тігілген одеало төсейді де оны жермен қосады Зерттеу 10-15-минуттық демалудан кейін , тамақ ішкеннен 2 сағат өткен уақытта жүргізіледі . ЭКГ жазу әдетте зерттелуші шалқасынан жатқан қалыпта жүргізіледі.Бұл бұлшық еттердің максималь босаңсуына мүмкіндік береді . Алдын ала зерттелушінің фамилиясын ,аты ,жөнін ,жасын, зерттеу жүргізілген уақытты, ауру тарихының номерін жазып алады
Электродтарды қою. Тізенің ішкі жағына және білектерге резина ленталармен немесе арнайы жасалған пластмассалық қысқыштармен 4 пластинкалық электродтарды орналастырады., ал кеудеге бір немесе бірнеше ( көп каналдық жазу кезінде кеуделік электродтарды резина , груша тәрізді сорғышты пайдаланады.Немесе жабысатын , бір рет қана пайдаланылатын кеуделік электродтарды бекітеді. Терімен электродтардың жанасуын жақсарту үшін және электрлік бөгеттермен бағытталған токтарды азайту мақсатында лектродтар қойылған жерлерді алдын ала терілерін спиртпен майдан тазарту қажет ,электродтарға арнаулы токөткігіш паста жағады, ол электрод аралық электр кедергісін мейілінше азайтады .
Электродтарды ов қою кезінде электродпен тері арасына дәкеден жасалған астарларды пайдалануға болмайды , дәке 5–10% натрий хлориды ерітіндісіне батырылған, зерттеу жүргізу кезінде тез кеуіп кетіп терінің электрлік кедергісін тез өсіріп жібереді және ЭКГ тіркеу кезінде бөгетерді пайда болуына алып келеді .
Өткізгіш сымдарды электродтарға жалғау . Қол мен аяққа немесе кеуде жасушасына қойылған әр электродқа электрокардиографтан келетін , түсі бар белгі салынған , өткізгіш сым , Бұл сымдар жалпы тәртіппен қабылданған ,олар мысалы :оң қол – қызыл түсті ; сол қол – сары түсті ; сол аяқ – жасыл түсті ; оң аяқ (пациентті жерге жалғау ) – қара түсті ; кеуделік электрод электрод – ақ түсті .Электрокардиографтың күшейтуін таңдап алу.ЭКГ жазуды бастау үшін , электрокардиографтың барлық каналдарына электр сигналын күшейтуді бірдей етіп қою керек. Ол үшін әр электрокардиографта гальванометрге берілетін стандартты калибровтық , 1 mV ге тең болатын кернеу қарастырылған ( 3 сурет) .
3 .сурет 50 мм/с (а) және 25 мм/с (б) жылдамдаықпен тіркелген ЭКГ. әрбір ЭКГ ні жазу алдында тексеруші милливольт көрсетілген.
Әр каналға тіркеу жүйесіндегі 1 mV кернеу гальванометрдің 10 мм ге ауытқуын туғызатындай етіп таңдап алынады .Ол үшін бекітпелерді ауыстырып қосқышты «0» ге қойып электрокардиографтың күшейтуін реттейді және калибровтық милливольтті тіркейді (калибровтық сигнал) .Қажет болған жағдайда күшейтуді өзгертуге болады : ЭКГ тісшелерінің амплитудасы өте үлкен болып кетсе кішірейтеді (1 mV = 5 мм) немесе амплитуда өте кіші болып кетсе ұлғайтады (1 mV = 20 мм).
Қазіргі заманғы электрокардиографтарда күшейтудің автоматты ическая калибровкасы қарастырылған .
Электрокардиограмма жазу.ЭКГ жазу еркін тыныс алу кезінде жүргізіледі. Ең алдымен ЭКГ ні стандартты бекітпелермен жазады (I, II, III), одан кейін қол мен аяқтардан, күшейтілген бекітпелермен жазады (aVR, aVL и aVF) одан кейін кеуде бекітпелерінен (V1–V6) жазу жүргізіледі . Әр бекітпеде кем дегенде 4 реттік жүрек циклдері жазылуға тиіс . ЭКГ көбінесе қағаз лентаның 25 мм/с жылдамдығымен тіркеледі .
Жүргізуші: Сөз кезегі баяндамаға беріледі. Тақырыбы: «ЭКГ кеуделік бекітпелері»
ЭКГ кеуделік бекітпелері. Кеуделік бір полюсті бекітпелерді 1934 жылы Вильсон ұсынған в 1934 г.,ол кеуде жасушасының бетіндегі белгілі бір нүктелерге қойылған оң таңбалы белсенді электрод пен Вильсонның теріс таңбалы біріккен электроды арсындағы потенциалдар айырмасын тіркейді .
Соңғысы қол мен аяқтың үшеуіне (оң және сол қол , сол аяқ ) ,қосымша электр кедергісі арқылы жалғануда құралады,және оның біріккен потенциалы нольге жуық болып есептеледі .
ЭКГ жазу үшін кеуде алдының және кеуде бүйіріндегі жасушалар бетіндегі кеуделік электродтың жалпы қабылданған 6 позициясын пайдаланады , олар котоВильсонның біріккен электродымен үйлесіп 6 кеуделік бекітпелерді құрайды . Кеуделік бекітпелер латынның бас әріптеріне V (потенциал, кернеу ) оң таңбалы белсенді электродтың позиция номерін қосып араб цифрларымен белгілейді .
6 сурет. Кеуделік электродтардың орналасуы
V1 бекітпе — белсенді электрод төстің оң жақ шетінде төртінші қабырға аралыққа қойылған .
V2 бекітпе – белсенді электрод төстің сол жақ шетінде төртінші қабырға аралыққа қойылған .
V3 бекітпе – белсенді электрод екінші және төртінші позиция арасында болады , шамамен сол жақ парастернальдық сызық бойынша төртінші қабырға деңгейінде .
V V4 бекітпе – белсенді электрод сол жақ шынтақ орталық cызық бойынша бесінші қабырға аралықта орналасқан .
V5 бекітпе — белсенді электрод сол горизонталь деңгейде , V4 сияқты сол жақ алдыңғы қолтық сызығы бойынша орналасқан.
V6 бекітпе — белсенді электрод сол жақ орташа қолтық сыызығы бойына ,V4 және V5 бекітпе электродтары сияқты горизонталь деңгейде.
Клиникалық электрокардиографияда 12 электрокардиографиялық бекітпелер тараған (3 стандартты , 3 қол мен аяқтардағы күшейтілгенбір полюсті бекітпелер және 6 кеуделік бекітпелер ).Бұл бекітпелердің электрокардиографиялық ауытқулары әр бекітпеде жүректің барлық қосынды ЭҚК ін білдіреді.Яғни жүректің оң жақ және сол жақ бөліктеріндегі , қарыншалардың алдыңғы және артқы қабырғаларындағы , жүректің негізі мен төбесіндегі т. б, өзгеретін электр потенциалының берілген бекітпеге бір мезгілдегі әсерінің нәтижесі болып табылады .