Тіндер мен ағзалар электрографиясының физикалық негіздері.

Биолектрлік потенциал  ұғымы алғаш 18 ғасырдың 3-ші жартысында пайда болды. Ол кезде биоэлектрлік потенциалдың  ашылуына үлесін қосқан италия физиологы және дәрігері  Л.Гальвани  мен Италия физигі А.Вольт арасында  «жануар  тоғы» табиғаты туралы ғылымы дау жанжал болған болатын. Бұл жанжан үлкен жаналықтың ашылуымен аяқталды,яғни тірі ағзаларда биоэлектрлік потенциалдың  бар екендігі және электрлік тоқты әртүрлі металлдардың көмегімен  алудың  жаңа ұстанымы – Гальвиндік элемент пайда болды. Ол гальванометр құралы көмегнімен жүзеге асырылады.Алғаш тәжірибені италиян физигі К.Маттеуччи жасады,ал биоэлектрлік потенциалды системалық үйрену неміс физиологы Э.Дюбуа – Рейманмен басталды.Ол б.п. –ң нервтерде және бұлшықетте тыныштық және әрекет кезінде болатынын дәлелдеді. Одан кейінде көптеген ғалымдар б.п.дамуына көп үлес қосты.Соңы рет мемраналық  қозу теориясын ағылшын физиологы А.Хакси мен Б.Катсу  ашты.

Биоэлектрлік потенциал түрлері:

  • Тыныштық
  • Әрекет
  • Қозу
  • Постсинаптикалық тежелу
  • Генераторлық

Тыныштық(мембраналық) потенциал 

Тыныштық потенциал дегеніміз не –қазбаған күйдегі мембрананың сыртқы және ішкі бетіндегі арасында тіркелген электр потенциалдардың айырмасын айтады.Тыныштық потенциал мембрананың 2жағдайда иондардың концентрациясының әрекетіне байланысты болады. Егер қандай да бір ионның клетка ішіндегі концентрациясы Сішкі осы ионның сыртқы концентрациясын Ссыртқы өзгеше болса және мембранада осы иондар үшін өнімді болса онда мембрана арқылы зарядтан бөлшектің ағыны пайда болады.Нәтижесінде жүйенің элементтер нитралдығы бұзылып клеткалардың ішімен сырттың арасында потенциалдар айырмашылығы пайда болады.  
 
Әрекет потенциалы

Әрекет потенциалы – мембрананың иондық өткзгіштігінің өзгеруімен шартталған және жүйке не бұлшық талшығының бойымен қозу толқынының таралуымен сипатталатын процесс. Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.

Қозу потенциалы

Қозу – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі жасушалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы.Қозу – түрлі физикалық, химиялық, функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, жасушалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды. Қозу – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде қозу электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір жасушасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қозу процесі шектелген (таралмайтын) және шектелмеген (таралатын) болып екіге бөлінеді. Қозудың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абстракциялық рефрактерлік сатысы (Қозу жағдайындағы тіннің кенеттен әсер еткен тітіркендіргішке жауап бермеуі) натрий иондарының жасуша ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты. 
Осының нәтижесінде жарғақшаның қозғыштығы уақытша тоқтайды да, онда жаңа тітіркендіруге жауап ретінде әрекет потенциалы туындамайды. Салыстырмалы рефрактерлік жағдайында натрий иондарының өтуін төмендететін, калий иондарының өтуін жоғарылататын жағдайлар жойылып, жарғақшаның тыныштық күйіндегі қасиеттері қалпына келеді. қозуға кері физиологиялық процесс тежелу деп аталады.

Постсинаптикалық тежелу потенциалы

    • Тежелу — қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.
    • 1) бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;
    • 2) салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.

Генераторлық потенциал

Генераторлық потенциал  — мембранада сезімтал нерв талшықтарында – рецепторларда жүреді.Генераторлық потенциал қасылшаң жағдайда жеткенде  көрші мембрананың нервтік  талшығынды таралған биоэлектрлік потенциал туады.

Биоэлектрлік потенциалдарды тіркейтін       технологиялар.

  1. Электроэнцефалография
  2. Электрокардиолграмма
  3. Электромиография
  4. Электроретинография

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *