Зат есімнің септік категориясының сөлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын жүзеге асыратын категория екендігі. Сөз арысындағы қарым-қатынастың түрлілігіне қарай септік катгеориясының мағнасының түрлі болатынын. Септік категориясының мағынасының септік жалғаулары арқылы берілетіні. Қазақ тіліндегі жеті септік бары, атау септіктің қосымшасы жоқ, қалған септіктердің арнайы қосымшаларының бары, әр септіктің өзінше сұрақтары болатыны. Сөздердің септелуінің екі түрі: жай септеу, тәуелді септеу. Жай септеудің жүйесі, қосымшалары, олардың сөзге жалғану ерекшеліктері, сұрақтары. Тәуелді септелу жүйесі, қосымшалары, жай септеуден ерекшелігі, сұрақтары. Тәуелді септелу жүйесі, қосымшалары, жай септеуден ерекшелігі, сұрақтары.
Атау септіктің тұлғасы, мағынасы, синтаксистік қызметі, ол туралы ғылымдағы пікірлер. Ілік септіктің тұлғасы. Ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз қолданылуының себептері. Ілік септіктің негізгі мағынасы, қолданыста мағынаның кеңуі. Ілік септіктің синтаксистік қызметі. Барыс септіктің мағыналық құрамы. Барыс септіктің сөйлемдегі қызметі. Табыссептіктің тұлғасы (қосымшалы, қосымшасыз) қосымшаның сөзге жалғануын талап ететін жағдайлар мен табыс септік жалғауының бейтарап қарайтын жағдайлар. Табыс септік жалғауының мағынасы мен синтаксистік қызметі. Жеті септіктің тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі. Шығыс септік тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі. Көмектес септіктің мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі.
Зат есімнің ішінде белгілі бір тобының ғана жіктік жалғау арқылы түрлене алатыны. Зат есімге жіктік жалғаудың толық түрі жалғанатыны. Зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшаларының бәрінен соң ғана жіктік жалғауы жалғана алатыны. Зат есім барлық жағдайда жіктеле бермей, тек баяндауыш қызметінде ғғана жіктелетіні, яғни зат есімнің жіктелуі нақтылы бір синтаксистік қызметке ғана байланыстылығы. Зат есімнің жіктік жалғауын түбір сөзге тікелей қабылдау қабілеті, оның етістіктің жіктелуінен ерекшелігі.