ӘОЖ 1(091)
М.ДУЛАТОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Умарова Диана Рашитқызы
Ақпараттық жүйелер 15-12 тобының студенті
Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ, Қазақстан
diana_1998.98.98@mail.ru
ғылыми жетекшісі: Бижанова Меруерт Алтынбекқызы
философия ғылымдарының кандидаты
Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ, Қазақстан
meru190284@mail.ru
ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік және мәдени-өркениеттік ахуал қазақ қоғамында барынша қайшылықты бол¬ды. Сондықтан осы тығырықтан шығудың жолын іздеу қажеттілігі туды. ХХ ғасырдың басында саяси және мәдени тәуелсіздік идеясы құндылықтық мағынада қазақ халқының санасында айрықша ны¬шан бере бастады. Қазақ даласындағы тіршілік үшін күрес озық ойлы азаматтарды рухани дүниедегі жаңа ізденістерге жетеледі
Қазақ халқы ХХ ғ басында өз iшiнен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшiн жан-тәнiн аямаған азаматтарды тудырды. Солардың iшiнен ерекше тұлғалар ретiнде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаевты атап өтуге болады. Олардың көбісі Батыста білім алып келген ұлт азаматтары болатын. Міне сондықтан зиялылық биігіне көтерілген озық ойлы жандар халқының рухани әлемінің жетілдіруді қажет ететінін жақсы түсінген болатын.
Ұлтты бір ортақ идеяға ұйыстыру үшін кезінде ел басына күн туып, жаугершіліктен аман қалу үшін көтерілген «Алаш» идеясын қазақтың осы азаматтарының қалыптасқан ахуалға сай, отаршылдықтан босану үшін, ұлттық идея ретінде, тәуелсіздік идеясы ретінде қайта жаңғыртып көтерді.Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын [1, 156б].
Міржақып Дулатов XX ғасырдың басында қазақ қоғамындақанат жайған демократиялық қозғалыстың, елдің елдігі, еркіндігі,мәдени өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттың ең ірі өкілдерініңбірі болды. Оның шығармаларынан тынымсыз іздену, ілгеріұмтылу сарыны, күрес рухы сезілді.
Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабы қазақ қоғамындағыең алғаш айтылған өткір сөздердің бірі болды. Ұлт зиялысыныңақындық сөзі қалың қазаққа арналды, халқын ұйқыдан оянуға,елдің қазіргі күйіне көз салып, ілгері ұмтылуға, азаттық, бостандықжолына үндеді. «Оян, қазақ» халықты мешеуліктің, надандықтыңшырмауынан құтылып, әділеттік үшін, өнер-білімге, мәдениеткежету үшін күресуге шақырған күшті ұран болып естілді, солайқабылданды. Ақынның озат идеяларға толы өлеңдері көпшіліктің назарын тез аударып, кітап ел ішіне кеңінен тарай бастады.М. Дулатов патша үкіметінің саясатын әшкерелеп, заңсыздыққа,халыққа қысым жасаушылыққа қарсы шықты. Қазақ жастарыноқыту, мектеп ашу қазақша газет-журналдар шығару қажеттігінайта отырып, орыс тілін, мәдениетін игеруге де ерекше мән берді.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты
Өткізбей қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, Хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты! – [2, 29 б].
«Оян, қазақ!» кітабынан Міржақыптың халықтың мұңмұқтажын өз мұңындай көретіні әр сөзінен айқын сезіліп тұрады.Ақын өзінің халық алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Олөз замандастарына, көзі ашық зиялыларға тарих, қоғам қандайміндет жүктеп отырғанын анық аңғартады, халықты ескіліктен,мешеуліктен, зорлық-зомбылықтан, қанаудан құтқаратын күштіқұрал оқу-білім, өнер, ғылым, адал еңбек, әділдік, адамгершілікүшін күресу екенін ұға білді.[3, 147 б].
Ежелгі көшпелі дәуірдегі өмір-тұрмыстың жақсы, жарасымды жақтары, өз артықшылықтары жайлы айта келіп, «Қазақтыңбұрынғы һәм бүгінгі халі» атты өлеңінде ерте замандарда даәділеттіліктің болмағанын ашық айтады:
Ел шауып, кісі өлтірсе батыр деген,
Батырлар факирлердің хақын жеген.
Біз мұндай бұл уакытта болар ма едік,
Істесе халық пайдасын ғақылменен [2, 22 б.].
Ақын патша үкіметінің қазақтарды малға жайлы, шұрайлыжерлерден ысыруға бағытталған саясатын әшкерелейді. Қазақ даласына енгізілген ел билеу жүйесінің халық мүддесін жақтамай, жергілікті әкімдерді әлсіретіп, патша үкіметінің басқаруорындарындағы ұлықтардың өкім жүргізуіне қолайлы етіпжасалғанын Міржақып толық түсінген.
Міржақып Дулатов әр адам жеке басының ғана қамын ойламай, елінің, ұлтының қамын ойлауы керек, ұлтына жақсылықжасаған адамның аты ұрпақтан ұрпаққа тарайды деген ой айтады. «Қайтсек жұрт боламыз?» деген мақаласында патшаның отарлау саясатынан құтылу үшін, елдігімізді, тілімізді, дінімізді сақтауүшін мемлекет, автономия құруымыз керек, кім күшті болса, солжұрт болып дегеніне жетеді, күш дегеніміз ол – әскер дейді. «Бұлзаманда әскері жоқ жұрт жұрт емес, құл. Біз қазір екі жолдың тарауында тұрмыз, қайсысына түсетін болсақ та ерік өзімізде» [4, 263-264 бб]. Алаш үкіметімізді нығайтып, автономия алу жолына кіріссек бізді ешкім басынбайды, үкіметі бар,әскері бар жұрт деп бізбен әркім есептеседі деген ойды көрсетеді.Өмірдің мәні тағдырға мойынсұнып, басыңа не түссе соны көріпотыра беру емес, ел болуға, жұрт болуға, өркениеттілікке талпыну. Ол қазақ халқының даму деңгейі төмен, отар халық емес, тағы,дөрекі емес екендігін, бейбітшілік сүйгіштігін дәлелдеуге тырысты.
Міржақып Дулатов та өз алдынамақсат қойып, өзінің өмірін халқының мұң-мұқтажын жоқтауғаарнады. Оның ойынша адам өмірінің мәні – адамдыққа, ғылым-білімге ұмтылу, адамгершілікті өмір сүру, сол арқылы халқыңапайдалы болу. Надандықтан шығудың жолы ғылым, білім, өнерүйрену дейді.
Бозбала, һүнер, ғылым үйренбеді,
Ел кезіп, өсек айтып сүйреңдеді
Әр қайсың хал кадәрше талаптансаң
Сендерге мен нахақтан бүйдермедім?
Малға кедей болғаның жетілерсің,
Ғылымға кедей болғаның өкінерсің.
Хазірде құлағыңа кірмесе де
Файдасын ахырында бір білерсің [4, 46 б].
Өнер-білім үйренген адам ең алдымен қараңғылық пеннадандықтан құтылады, жақсы мен жаманды айыра біледі, өзініңадам деген атына сай болады.
Ақынның мақсаты – халқының тағдырына ара түсу, елі үшінеңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегінадандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жоллын іздейді. Мәселен, «Таршылық халіміз хақында аз мінәжат»өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттеліп, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегібірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздіктісынға алады.
Ұлтының мәңгілігін ойлаған Алаш зиялыларының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген еңбектерін бағалау – қазіргі және келешек ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында-Алматы, «Атамұра»,2003 ж – 288б
2. Дулатұлы М. «Оян, қазақ!», – Алматы: Алтын Орда. – 1991.- 80 б.
3. Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін). ХХ ғасырдағы қазақ философиясы / З.К. Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институты, 2016.-390б.
4 Дулатов М. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.