Католиктік шіркеудің ықпалына қарсы күрескен ірі неміс ғалымы Мартин Лютер (1483–1546 жж.).
Мартин Лютердің пікірінше адам екі әлемде өмір сүреді. Алғашқысы – рухани әлем, екіншісі – жер әлемі. Рухани әлемде құдайға сенушілер, яғни құдайлар үстемдігі, ал жер әлеміне барлық адамдар тұрағы, яғни жердегі билік үстемдігі жатады. Рухани әлем адамның рух еркіндігі мен сенімін және ішкі дүниесін, ал жер әлемі адамның іс-әрекетін, болмысын анықтайды. Қоғамдағы рухани өмір адамдардың жердегі іс-әрекетіне тікелей байланысты. Осыдан барып жердегі билеушілердің негізгі қызметі қоғамды әділдікпен басқару, күш қолданбау деп түсіндіреді.
М.Лютердің бұл идеясы көпшіліктің қолдануына ие болды. Бұл идея бұқараны христиандық құндылықты қайта қарауға итермеледі, нәтежисінде католиктік діндегілердің ішінде жаңа ағымның лютерандық сенімнің пайда болуына әкеліп соқты.
Ортағасырдағы діни концепцияның саяси ілімдерді дамытудағы рөлін жоққа шығаруға болмайды. Себебі, адамдардың әділетті басшы мен әділетті мемлекетке деген сенімін қалыптастырды. Екіншіден, адамдардың саяси санасына, саяси мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер етті. Сондай-ақ, қоғамда саяси плюрализммен қатар діни плюрализмнің де негізін қалады. Үшіншіден, діни дәстүр кейінірек көптеген мемлекеттердің идеологиялық бағытын айқындады.
4-тарау. Ортағасырдағы Батыс Еуропадағы саяси ілімдерге жалпы сипаттама
Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер: феодализм, монархия, дін, шіркеу, Библия, лютерандық сенім, протестант, католик.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: