Ежелгі Қосөзен елдері

Ежелгі Қосөзен елдері
Азияның оңтүстік-батысындағы бір-бірімен қатар жарыса ағатын екі өзен – Ефрат пен Тигр Кавказ тауларының сілемдерінен басталып, Парсы шығанағына құяды. Бұл өзендерді жергілікті тұрғындар Қосөзен деп атады.
Қосөзеннің оңтүстігіндегі тұрғындар тарихта Шумер мен Аккад халықтары деп аталды. Шумерліктердің тілі шығыс семиттік тіл тобына жатады. Кейін осы тілді Аккад тілі ығыстырып, негізгі тілге айналды. Түрлі тілде сөйлеген халықтар өзара бір-бірімен жауласпай, ортақ атаумен өздерін «қарабастылар» деді.
Б.з.д IV мыңжылдықта Қосөзенде қалалар қалыптаcты. Негізінен, бірнеше қала мемлекеттер бір-бірінен дербес өмір сүрді. Ең әйгілі қалалары: Ур, Урук, Ниппур, Киш, Лагаш, Умма, Шуррупак болды.
Қосөзенде өркениетті дамытушылар шумерліктер болды. Олар елдің басшысын «нубанда» деп атады. Қала-мемлекеттерде қоғамдық мекемелер, базарлар, шеберханалар, патша сарайлары, ғибадатханалар және тұрғын үйлер болды.
Дүниедегі ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге әкелген шумерліктер болды. Әріптер үшкір таяқшамен жұмсақ балшыққа батыру арқылы жазылатын болды. Балшыққа батыра отырып, сызу арқылы жазылған әріптер балшық кепкен соң кәдімгі сынаның орнындай болып қалатын. Сондықтан бұл жазу жүйесін сына жазу деп атайды.
Қосөзендегі ірі Аккад мемлекетінің гүлденуі Нарамсин тұсында болды. Ол Сирияны басып алып, Жерорта теңізіне дейін жетті. Тигрдің бойын тұтас бағындырды. Египетке жол ашты. Шығыста Элам билеушісімен келісімге отырды. Осылайша елдің төрт құбыласындағы ірі елдерді өзіне бағындырды.
Орталығы Аккад қаласы болған ірі мемлекет б.з.д. ХХIV ғасырда құрылды. Оның негізін қалаған патша Саргон ( Шаррум-кен немесе Шаруккин) болды. Ол елді 55 жыл яғни б.з.д. 2316-2261 жылдары басқарды. Ол Шуммер-Аккад патшалығын құрды. Оның тұсында Қосөзенде қырқысу тоқтады. Саргон біріккен Қосөзен халықтарынан қуатты әскери күш жасақтады. Сол күшпен бастыста «Күміс таулар» деп аталған Сирия жерлеріндегі тауларға дейін жорық жасады. Ол мықты патшалық билік орнатты. Оны тіпті «әлемнің төрт құбыласының билеушісі» деп те атады.
Хаммурапи – б.з.д. 1792-1750 жылдар арасында патшалық еткен Вавилонның атақты патшасы. Ол өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде ежелгі дүниедегі таланты елбасылардың қатарына қосылды. Қосөзенді Вавилонның қоластына қаратып, бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығын құрды.
«Вавилон» сөзі «Бабили» немесе «Бабилу» — «құдайға барар қақпа» деген мағынаны білдіреді.
Хаммурапи елде бірыңғай тәртіп пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырды. Оны қара тас бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 жылы тауып, зерттеді.
Заңның мақсаты – Вавилон тұрғындарының мүліктері мен дәстүрлі құқықтарын қорғау еді. Бұл заңдар жинағы негізінен Хаммурапидың жеке басын мадақтауға арналды.
Басқа халықтар сияқты вавилондықтар да алғашында әртүрлі құдайлар бар деп есептеген. Вавилон мемлекетінің құрылу барысында діни түсініктерге өзгерістер енді. Әрбір қаланың, ауылдың қамқоршы құдайлары бар деп есептелінді. Вавилон қаласының қамқоршысы Мардук құдай болды. Ол дүниені жаратушы болып сипатталды.
Қосөзенде құрылысқа қажетті ағаштар мен тастар аз болды. Сондықтан үй немесе басқа да тұрмысқа қажетті жайларды салу үшін балшық пен қамыс кең түрде пайдаланылды.
Б.з.д VII ғасырда Вавилон тәуелсіздік алып, қайта гүлденді. Ол әсіресе, II Навуходоносор патша кезінде көркейіп, әсем де сәулетті қалаға айналды. Ол алыстан көрінетін, шағын көгілдір жазықтағы жер мен көктің арасындағы әйгілі Аспалы бақты жасатқан адам. Аспалық бақ – әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Навуходоносор Вавилонның сыртын айналдыра жүз шақты қақпа салдырды, ең құдіреттісін Иштар құдайдың құрметіне арнады. Барлығын мыстан жасатты. Қаланың ортасындағы биік мұнараны құдіретті Мардук құдайға арнады. Вавилонға әлемнің әр түпкірінен сауда керуендері мен саудагерлер келіп жатты.
Вавилонда аңыз бойынша «Вавилон мұнарасы» болған. Ғаламат мұнара көкке тірелуге аз қалғандықтан, құдай мұнара салушылардың тілін сапырылыстырып, бір-бірін түсінбес үшін араластырып жіберген делінеді. Шынында да, бұл мұнараны түрлі ұлт өкілдері: египеттіктер, иудейлер, ассириялықтар және т.б. салған деседі. Олардың көбін басқа жақтан осындай құрылыстарды салу үшін айдап әкелген. Вавилондық бақылаушының таяғының астында ауыр халде жұмыс істеген құрылысшылар бір-бірінің тілін түсінбей, ығы-жығы, бей-берекет тіршілік кешкен. Осыдан «Вавилон сапырылысы» туралы аңыз қалды.
Қосөзендегі алғашқы әдеби шығармалар діни түсініктермен тығыз байланысты болды. Олардың бірі әйгілі «Гильгамеш туралы дастан». Бұл дастан – өлім мен өмір арасындағы күрес туралы тамаша шығарма.

Конспект сұрақтар
Қала-мемлекеттер пайда болған аймақтар:
Ежелгі Қосөзендегі алғашқы әдеби шығарманың аты:
Қосөзенде қалалардың қалыптасқан кезеңі:
Шумерліктер ел басшысының аты:
Қосөзен деп аталатын өзенді көрсетіңіз
Қосөзендіктердің ежелгі жазуын табыңыз.
Хаммурапидің патшалық құрған жылдары.
Қосөзендіктер үй салу үшін пайдаланған материалдар.
Қосөзенде Аккад мемлекеті гүлденген кездегі патша.
«Бабилу» деп аталған қала
Шуммер-Аккад патшалығының негізін қалаған патша
Тигр мен Евфрат қайдан бастау алады?
Елде бірыңғай тәртіп пен басқару жүйесін орнту үшін Хаммурапи:
Қосөзенде өркениетті дамытушылар:
Хаммурапи заңдары жазылған тас бағана табылған жыл:
Вавилонда болған әлемнің жеті кереметінің бірі:
Хаммурапи заңдарының көздеген мақсаты:
Қосөзеннің алғашқы тұрғындары
Вавилон қаласының қамқоршысы саналған құдай
Б.з.д VII ғасырда Вавилонды гүлдендіріп, сәнді де сәулетті астанаға айналдырған патша
Вавилон тұрғындарының сиынып, жалбарынған су құдайы
«Вавилон сапырылысы» тіркесінің мағынасы
Вавилон қаласындағы қақпа саны:
Вавилондағы «Аспалы бағын» салғызған патша
«Әлемнің төрт құбыласының билеушісі» атанған патша
Тақырыптық тест:


2. Ежелгі Египет.
Конспект
Әлемдегі ірі өзендердің бірі – Ніл оңтүстіктен солтүстікке қарай шөлдерді басып өтіп, Орталық Африкадағы үлкен көлдерден ағып шығады. Оның ұзындығы – 5589 шақырым. Египетті ежелгі заманда «Қара жер» деп атаған. Оның себебі – Ніл алқабын үнемі қап-қара құнарлы тұнба басып жататын еді. Адамдардың еңбегі арқылы Ніл аңғарындағы қоғам қатты өрледі. Б.з.д. IV мыңжылдықта Египет халқы тығыз қоныстанған елге айналды. Египеттіктер үшін Нілдің тасуының маңызы зор болды.
Б.з.д IV мыңжылдықта Египетте шағын мемлекеттер пайда болды. Олардың саны 40-қа жетті. Олар бірі-бірімен жиі соғысып отырды. Бірінің жерін бірі тартып алып отырды. Б.з.д. 3000 жылы шамасында оңтүстік патшалығының патшасы Египеттің солтүстігін жаулап алды. Сөйтіп, Ніл шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейінгі жерді алып жатқан біртұтас мемлекет құрылды.
Ежелгі Египетте Тутмос, Аменхотеп, Рамзес есімді атақты перғауындар болды. Перғауындар билігінде шек болмады. Б.з.д. 1500 жылы III Тутмос өз әскерімен Алдыңғы Азияға аттанды. Бұл жорықтар Египеттің Алдыңғы Азиядағы беделін күшейтті. Нәтижесінде Вавилон, Ассирия, Хетт патшалары Египетке алым-салық төлеп тұрды.
Көрші елдерді жаулау кезінде көптеген тұтқындар қолға түсті. Оларды «тірі өліктер» деп атады. Египет жылнамасында 50 жылғы соғыс жорығы кезінде 100 мың құл қолға түскенідігі жазылған.
Египеттіктер таңба суреттерді – иероглифтер деп атады. Б.з.д IV мыңжылдықта Египеттте білім дами түсті.
Ежелгі Египетте өлген адамдардың денесін «мәңгі өмір сүрі үшін» бальзамдап, мумияға айналдырған. Египеттіктер мумия жасау арқылы адам денесінің ішкі құрылысын жақсы білді. Түрлі ауруларды емдеді. Перғауындар мен бай адамдарды жерлеу үшін жартастарды қашап, бірнеше бөлмелі мазарлар салған. Мумияны соның ішіне қойды.
Әлемнің барлық жеті кереметтерінің ішінен бүгінгі күнге жеткені Хеопс пирамидасы ғана. Басқалары қирап, тек орындары мен оларды көзімен көрген адамдардың естеліктері ғана қалды. Хеопс перғауынға арналған пирамида б.з.д 2600 жылы салынған.
Египетте құдайлардың қызметшісі – храмдардағы абыздар болды. Құдаймен сол ғана тілдесе алады деп түсінді.
Египетте егіншінің қанша астық жинайтынын есепке алып, қолөнершіге қанша қалайы мен мыс керек екендігін мөлшерлейтін. Египеттіктер бөлшекті білді, арифметикалық амалдарды қолданды. Каналдар қазғанда, оның көлемі мен бұрышын шығару үшін геометрияны пайдаланды. Тік төртбұрыш, үшбұрыш, трапеция және шеңбердің бет көлемін есептей білген.Жұлдыздың, аспанның картасын жасаған. Күн және су сағаттарын пайдаланған.
Египеттің негізгі байлығы тас болды. Ніл аңғары алтын, гранит сияқты қымбат тастарға бай. Бұл тастар құрылыс материалдары ретінде әртүрлі әшекей бұйымдар жасау үшін пайдаланылды.
Ауылшаруашылығы мен қолөнер египеттіктердің басты шаруашылығы болды.
Конспект сұрақтар
Ежелгі Египетте шағын мемлекеттер саны:
Тутанхамон перғауынның мәйіті табылған жыл:
Египеттің солтүстігін Оңтүстік патшалығы жаулап алған уақытты көрсетіңіз
Ежелгі Египеттің атақты перғауындарын атаңыз
Б.з.д. 1500 жылдары III Тутмос жаулап алған жерлер
Египет жылнамасында перғауындардың 50 жылғы жорықтары кезінде тұтқынға түскен құлдар саны:
Хеопс пирамидасы қанша қабатты үйдің биіктігіне тең келеді?
Ежелгі Египетте білімнің дами түскен кезеңі
Египеттіктердің адам денесінің ішкі құрылысын танып-білу үшін қолданған тәсілі:
Ежелгі Египетте иероглифтер саны:
Ежелгі Египеттіктер өлген адамның денесін қандай мақсатта мумияға айналдырған?
Хеопс перғауынға арналған пирамида салынған жыл:
Египетті ең алғаш біріктіруші перғауынды табыңыз
Ежелгі Египетте жақсы дамыған ғылым саласы
Египеттің орналасқан жерін көрсетіңіз
Египет храмдарындағы құдайға қызмет етушілер:
Ежелгі Египетте жазу үшін қолданылған материалдар
1922 жылы мәйіті табылған перғауынды көрсетіңіз
Египет мемлекетінің алғашқы астанасын табыңыз
Сирияға 17 рет жорық жасаған Египет перғауыны:
Ежелгі заманда «қара жер» деп аталған қаланы табыңыз
Ежелгі Египеттің негізгі байлығын атаңыз
Ежелгі Египеттіктердің басты шаруашылығы
Египеттіктер сыйынған күн құдайын табыңыз
Бүгінгі күнге дейін жеткен Египеттегі әлемнің жеті кереметінің бірі:
Тақырыптық тест:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *