Құс қайтты
Күз. Аспанға көз жіберші. Қаптаған құсты көресің. Тіпті көк аспан көшіп бара жатқандай. Мұның ішінде неше алуан құстар бар.
Олардың бірі – солтүстіктен оңтүстікке қайтқандар. Олар біздің жерде дем алады. Бірер күн аялдайды. Күш жинайды. Басқалары — өз жеріміздің қонақтары. Ең алдымен, шыбын-шіркей жейтін құстар кетеді. Олардың мұнан әрі қалуына мүмкіндік жоқ. Өйткені шыбын-шіркей тығылып қалады. Ең соңынан су құстары көтеріледі. Күздің аяқ кезінде үйректер өтеді. (66 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: солтүстіктен, басқалары.
Соңғы сөйлемнен зат есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
Үйрек деген сөзді тәуелдеңдер.