Қайталау

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру т.б
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар,таблицалар. т.б
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаттығумен жұмыс: 68-жаттығу Кестені толтырыңдар.

Тым сыпайы түрі Бейтарап сыпайы түрі Ауызекі сөйлеу тілінде
Кешіріңіз аялдамаға қалай баруды айтпас па екенсіз? Аялдамаға қалай баруды айтыңызшы? Аялдама қайда?
Мазалағаныма кешірім өтінемін,кітапхананың қай жерде екенін көрсетпейсіз бе?
Мархабат етіңіз, оған тұмауға қарсы дәрі керек

69-жаттығу. Бала, көз, шаш, сөз, су сөздері қатысатын тұрақты тіркестерін жазыңдар.
Мысалы: су—мойнына су кету, су жүрек

70-жаттығу. Көрсетілген тұрақты тіркестердің синонимдерін тұрақты тіркестермен беріңдер.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 71-жаттығу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *