Қайталау

Үйге тапсырма : Қайталау.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Сөйлеудегі сөз бен мағына бірлігі
Сабақтың мақсаты : а) сөз бен мағына бірлігі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық, жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;
б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;
Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі : слайдтар, тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлеу ішкі мағына, мазмұнға бай болғанда көркем де әсерлі болады. Ойлап сөйлеп, әр сөзді екшеп таңдап, орнымен қолданудың әңгімелесуде, сөйлеуде мәні зор.
Қазақ тілінің мол қазынасын меңгерген, тілді терең білетін сөйлеуші, жазушы сөзі көркем де мағыналы болады. Сөйлеудегі ойдың кең көлемде берілуі, мазмұнының анық, әсерлі жетуі — білімділік пен мол ақылдың да көрсеткіші.
Ұлттық тілдің сыр-сипатын жақсы білетін, әдеби тіл мен ауызекі тіл ара жігін бөлшектей алатын, тілдегі түрлі (фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) жарыспалы сөздердің қажеттісін екшей алатын, тілдік норма ерекшеліктерін айқындайтын адам сөйлеуде сөз бен ой бірлігінің қатынасына зер сала, ұқыптылықпен қарауы керек. Айтар сөздің мазмұнды жетуі біздің мәдениетімізді де анықтарын естен шығармағанымыз жөн.
Сөйлеудің мазмұнға бай болуы, көркем шығуы үшін төмендегілерді есте ұстаған дұрыс:
— қандай жағдайға қатысты;
— мәселенің шешілуіне қандай жаңа, тың пікір әсер етуі мүмкін;
— оны қандай сөздермен берсе, неғұрлым әсерлі болады;
— айтылған пікірлердің нақты дерекке қатыстылығы қандай;
— дау туғызар, келесіге, талдауға, ой елегінен өткізуге болатын қандай ыңғайы, қажеті бар;
— айтушы, сөйлеуші ұстанымы не, оның тыңдаушы ұстанымымен сабақтастығы қандай.

Жаттығумен жұмыс: 46-жаттығу

Шығармашылық жұмыс: «Қазақ тілі-өркениет пен ғылым тілі» деген тақырыпта пікір өткізеді..

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 47-жаттығу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *