Қазақ тілі — ұлт тілі

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі — ұлт тілі
Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі –ұлт тілі екендігі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,
Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Ұлттарды бір-бірі-нен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс ететін де (басты белгісі) — оның тілі. Тіл — әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.
Қазақ ұлтының тілі — қазақ тілі. Қазақ тілі қазақ хал-қының тілі ретінде таным, дәстүр, рухани құндылықтарды сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де ат-қарып келеді. Кез келген ұлт, халық ең бірінші рухани өресімен, жан байлығымен өлшенеді. Ал халықтың өнері, мәдениеті — тілінде.
Қазақ тілі — көркем, сұлу да бай тіл. Тілімізде өнеркәсіп, техника, білім мен ғылым, мәдениет пен саясаттың өзіне тән қалыптасқан лексикасы, жүйеге түскен жазу дәстүрі, нақтыланған стильдік нормалары бар.
Тілдің сөздік құрамы — өз халқының тарихы, тұрмысы, шаруашылығы мен қоғамдық-саяси өмірінің, рухани бай-лықтарының айнасы. Қоғамдық-саяси, шаруашылық, тұр-мыс, тарихи өзгерістердің, тіпті құбылыстардың да ізі тілде қалады.
Қазақ тілінің қоғам, өнер, мәдениеттегі орнын анық-тар басты белгілері оның бірнеше негізгі қасиеттерін ашады:
-сөздік қоры бай, сөйлеуге оралымды;
-тілдегі сөздер бір-бірімен тіркестіруге, құрастыруға
-икемді, грамматикалық тәсілдері мол;
-дыбыстар арасындағы үндестік құлаққа әуезді естілуіне,
тартымды жетуіне қызмет етеді.
Кітаппен жұмыс: 1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
Жаттығумен жұмыс: 3-жаттығу сөздердің мағыналарын анықтап,кестені толтырыңдар, әрқайсысына ауызша сөйлем құраңдар.
Ақберен,ақбөкен,алаша,әбес,айтымпаз,айығу,айғайлау,әупілдек,өрескел,әлеумет ,сергу, томаға,бесін, кілем,керік,ләйлек, әсемпаз, сұңқар, қылаң, сөйлеу, жүгіру.
Зат атауы Жан-жануар құс атауы Сын,бейне,түс,қасиет Қимыл-қозғалыс уақыт


Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 2-жаттығу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *