Орал облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Өз шығармаларына елдік, бірлік, отаншылдық, ұлтжандылық тақырыптарын арқау еткен. Көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Əлемдік əдебиет ғұламаларының бірқатарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ТМД елдерінің жəне өзге де шет тілдерге аударылған.
Қазақтың қуаты — бірлігінде.
***
Қазақтың ұлттық тілі — өлең.
***
Халыққа да жылы сөз керек.
***
Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра.
***
Ел қамынан қымбат емес өз қамың.
***
Бұл дүниеде татулықтан басқаның бəрі сатулы.
***
Қазақтың құшағы Күннен де ыстық.
***
Барлық жердің қазағы — бір ауылдың алмасы.
***
Алмағаным — ел мойнында, бермегенім — өз мойнымда.
***
Елдің туы жығылмас — тілдің туы жығылмай.
***
Ана тілің — асылың, оны білмеген — масылың.
***
Байлық деген байлық па?
Тіл байлығы тұрғанда!
***
Өзің үшін күресте жеңілсең де — елің үшін күресте жеңілуге хақың жоқ.
***
Халықтың ұлы болмасаң, менің де ұлым емессің.
***
Ханы сорлы — халық сорлы, халқы мықты — хан да мықты.
***
Елу жанға билігін жүргізгендер
Ел басқарам дегенді шығарды.
***
Елде ерлік болмаса,
Əділдік те болмайды.
***
Қазақ осы — алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы — ашық-жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады