ШЕРХАН МҰРТАЗА

Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Белгілі қоғам қайраткері, танымал жазушы, журналист-публицист, ел мүддесі мен ұлттық құндылықтарымызды қорғауға зор үлес қосып, күсрескерлік танытып, көзге түскен құрметті тұлғалардың бірі. Шығармалары бірқатар елдердің тілдеріне аударылған. Шерхан Мұртаза Г.Х. Андерсеннің əңгімелерін, венгр халық ертегілерін, сондай-ақ өз заманымыздағы танымал жазушылардың біразының туындыларын қазақ тіліне аударған.

Отанды, ұлтты, əдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды əрекет керек.
***
Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел.
***
Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт — тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық — ата-бабасының, туған əкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мəңгүрт деп атайды.
***
Ана тіліміздің мəртебесін көтеру — басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме — өзгені де өлтірме» деген сөз.
***
Ұлтсыздық — отансыздықтың белгісі.
***
Сақтасаң — қазаққа жау болған қазақтан сақта!
***
Рухани əлемі кең, рухы биік ел — қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де — жеңіл.
***
Отанды, ұлтты, əдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды əрекет керек.
***
Рухани азып-тозу — өліммен тең.
***
Рухтың анасы — ана тіліндегі кітап…
***
Тəуелсіздік — адам құнымен өлшенеді.
***
Мемлекетімізге, зарығып жеткен тəуелсіздігімізге төніп тұрған орасан қауіп — жемқорлық, парақорлық, ұрлық-қарлық!
***
Демократия — жүгенсіздік емес,
Бостандық — жүйесіздік емес.
***
Тəуелсіздіктің жолы — қатты, дəмі — тəтті.
***
Астана — қазақтың бөлінбес бірлігінің, мəңгілік тұтастығының символы болуы шарт.
***
Қазақ елі — жаралы теңбіл барыс сияқты. Ылдидан қарғып шыққан жолы қан сорғалаған ізге толы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс — 1986 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске жалғасты.
***
Тəуелсіздік — жаңа шығып келе жатқан Күн. Елдің емес, жас мемлекеттің емес, өз қарақан басының қамын ойлаған жемқорлар, парақорлар, Қазақстан байлығын талан-таражға салған сатқындар! Жаңа шығып келе жатқан күнді көлегейлеп, бұлтпен бүркемелеп, тұмшаламаңдар!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *