Түркістан — қазақ хандығының астанасы

ОҚО, Түркістан қаласы, Сұлтанбек Қожанов көшесі

Саргелова Сәуле Қылышбекқызы
№15 М. Жұмабаев атындағы көп салалы мектеп – гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі жоғары санатты

Сатылай кешенді талдау технологиясын тарих пәніне қолданудың жолдары :
Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Қазіргі кездегі мұғалімнің мақсаты – білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.
Ал тарихты оқыту үнемі қозғалыста, яғни ізденісте, өзара байланыста болатын құруаыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс. Мұғалім мен оқушының оқу үрдісі күрделі және көпқырлы болып келеді. Мұғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушыларлың қызуғышылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса,айтарлықтай табысқа жете алмайды. Сондықтан тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.
1. ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың,мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
2. оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік,адамгершілік тәлім – тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;
3. қазіргі қоғамға кіріккеен және жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру;
4. тұлғаны ұлттық және әләмдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
5. әртүрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;
Осы зор жауапты міндетті жүзеге асыруда тарихшы ұстаздарға жүктелетін міндет зор. Ақпараттық қоғамдағы өмір сүру аса үлкен жылдамдықпен өзгереді, алайда өзгермейтіні – адам құндылығы. Тәрбиесіз берген білімнің зияны туралы будан бұрыңғы ғұламалардың айтып кеткені белгілі. Осыған орай менің ұстаз ретінде гі өмірлік ұстанымым – рухы таза, өзінің қазақ деген ұлттың бір бөлшегі екендігіне мақтана алатын, оны шынайы сүйіп қастерлейтін жеткіншектерді тәрбиелеу, білім беру. Біздің ұлтымыздың тарихында біз қорынатындай ешқандай ұлтты қаралайтын беттері жоқ. Қазақ тарихы – мәңгілік ел болу тарихы.
Баланың сезіміне әсер етпей, санасына жеткізбей, оған терең білімді меңгерту мүмкін емес. ХХ ғасыр басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан табатын өнер», — деген екен. Мен өз сабақтарымда жаңа педагогикалық әдістердің ішінен педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н. А. Оразахынованың «Сатылай Комплексті Талдау» технологиясын тарих сабағында қолданып жүрмін .
Бұл технология барысында оқу материалдарын дайын күйінде алуға емес , өз бетімен ізденуге, өзіне қажетті білімді ізлегенде керекті қарумен қамтамасыздандырылады. Яғни оқушы оқулықпен ғана шектеліп қоймай,қажетті әдебиеттермен баспасөз, телехабар тыңдау,интелектуалды ойындарды көруге,яғни материалдарды толық меңгеруге қолданатын әдіс. Бұл технология мектеп оқушыларын ғылыми – шығармашылыққа,алған білімдерін жүйелі қысқа – нұсқа тек жылдамдықпен жеткізуге қалыптастырады.
Бұл оқыту технологиясы нені үйретеді ?
• тарихы оқиғаны ретімен жүйелеуге
• қарапайымнан күрделі ойлауға
• ізденіске
• шығармашылыққа
• тарихты сатылай сараптауға
• тарихи даталар мен оқиғаларды, саясаттарды дерекпен,сатылай зерттеп оқуға үйретеді.

Түркістан қазақ хандығының астанасы

 

 


Хандықтың құрылған жылдары

ХVIIғ.ІІ жарт. Қазақ хандығының астанасы болған жерлер
Негізі неше хан билік еткен

Хандықтың байланыс жасаған елдері

Хандықтың қатынас жасау түрлері

Билік еткен хандардың негізгі мақсаты

Қазақ хандарының тарихтағы орны

Қазақ тарихындағы танымал тарихи
тұлғалар

 

 


Хан шатыры

7


6

 

5

 

4

 

3

 

2

 


1

 

 

Оқытудың осындай жаңа педогогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, нақты шешімдер қабылдай білетін,белсенді,креативті тұлғалар қажет. Сабақтан тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай,балалардың жеке қасиеттерін,қабілеттерін дамыту ең бастысы.

Пайдаланылған әдебиеттер :
1. Тұяқбаев М. Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар/ Алматы, 2000. – 21 б.
2. Қазақстан тарихы әдістемелк журнал/ Астана . 2011. – 35 б
3. Қазақстан тарихы әдістемелк журнал/ Астана . 2012. – 33 б
4. Қазақстан тарихы әдістемелік журнал/ Астана . 2011. – 45 б

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *