Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері
Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,қосымша материалдар т.б.
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тіл адамзат қоғамындағы ортаны біріктіруші ұйымдастырушы. Ендеше тілдің негізгі қызметі – қоғам мүшелерінің бір-бірімен сөйлесу, пікір алысу, арасын
жалғастырушы қызметін, яғни қазіргі, бүгінгі, келешек арасына дәнекер болатынын да еске алатынымыз сөзсіз.
Тілдің, сөздің осындай қызметтерімен бірге халық жанында сөз киесін, сөз дауасын, сөз құдіретін, қасиетін құрмет тұтар тыйым сөздер, мақал-мәтел, даналық ойлар сөз тіркестерінің де қолданар орнына қарай өз ерекшеліктері сақталған.
Қазақ халқы «Жақсы сөз — жарым ырыс» дейді. Жақсы тілек, игі ой адамды бақытқа жеткізеді деген түсінікті ашады. Жақсы сөз естіп, білгір жанмен әңгіме құрса, «бір жасап қалдым» деген.
Қазақ халқы бір-бірінің қуаныш пен қайғысына, шаттық пен мұңына ортақтасып отыруды парыз санаған. Қуанышқа құтты болсын айтып, қайғы-мұңды сөзбен, тіл күшімен сейілтуді дәстүр еткен.
Халықта барлық қызық пен қуаныш, қайғы мен зар сөзбен өрнектелсе, дау-дамай, ұрыс «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен» шешілген.
Қазақ тіліндегі ұлттық дәстүр, тағлым, таным сипатындағы сөздер қоғамның түрлі сатысында алуан жағдай, жайға қарай үлкен қызметтер атқарған. «Айтылған сөз — атылған оқ» деген халық қағазға түспесе де, хатқа жазылып басылмаса да, кесімді уәжді, қорытылған тұжырымды заң деп қабылдаған. Тілдегі сөздің осындай ерекшеліктерін ескеріп, қоғамдық қызметін шартты түрде төмендегідей негізгі топтарға бөлуге болады:
-дау-дамай, ұрыс, қақтығысты шешетін сөздер (шешендік сөздер, билер дауы);
-сенім, күш, айбын болатын сөздер (сыйыну, табыну сөздері);
-ем, дауа, тән жарасын жазар сөздер (аластау, бәдік т.б. түрлі ауруларды емдеу кезінде айтылатын сөздер);
-өткенді екшеп, болашақты болжар сөздер (бал ашу, құмалақ салу, қобыз ойнау, т.б.);
-тілек, жақсылыққа арналған сөздер (бата, тілек, алғыс);
-тыйым сөздер, қарғыс сөздер;
-жан жадыратып, көңіл өсірер, қуаныш әкелер сөздер (қошемет, қоштау);
-есе қайырып, кек қуып, намыс оятар сөздер (аруақ шақыру, ата-баба аруағына сыйыну);
-қуаныш, қайғыға ортақтасар сөздер (құттықтау, көңіл айту).
Жаттығумен жұмыс: 10-жаттығу. Сөйлемдерді топ-топқа бөліп жазыңдар
Тыйым сөздер Тілек сөздер бата Болжау,жол ашу Қошемет, сүйсіну
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 11-жаттығу.