Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік –оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін байқау; дамытушылық – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,білім алуға деген саналы көз қарастарын,танымдық,ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру; тәрбиелік – іс-әрекет,мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге,өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау,дамыта оқыту,тест,сұрақ-жауап,топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе қағаздар,бағалау парақтары,тапсырмалар жазылған көрнекі плакаттар.
Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі: а) кабинет жағдайы(кабинет ауасының тазалығы,бордың болуы); ә) оқушыларды түгелдеу,журналға белгі соғу; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ.Кіріспе бөлім. «Қазақ тілі» сөзіне топтастыру жасау.
ІІІ.Негізгі бөлім.
Мұғалім: — Балалар,бүгінгі сабағымызда қазақ тілі пәні бойынша алған білімімізді пысықтап,өз-өзімізді бағалаймыз.Өздерің оқып жатқан қандай пән болмасын тілден,қазақ тілінен бастау алады.Сендер жоғарыда алған білімдеріңді ауызша қысқа да нұсқа еске түсіріңдер.Ендеше,соны іс жүзінде дәлелдейік.Бүгінгі сабағымыз үш кезеңнен тұрады.
Әр кезеңде екеуден 6 тапсырма бар.Тапсырмаларды орындау барысында «білім шыңына» жетесіңдер деген ойдамын.Білімдеріңді алдарыңдағы бағалау парақтарына ұпай арқылы белгілеп отырасыңдар.
Бағалау парағы
І ІІ ІІІ Ұпай саны
1 2 3 4 5 6
Оқушының аты-жөні
І деңгей.1-тапсырма.
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.
а) Жақсы сөз,жақсы адам,жақсы бала,жақсы ат
ә) Терең сай,терең білім,терең құдық,терең сезім
б) Долы ауыл,долы күш,долы жел,долы адам
в) Әкемнің көзі,қазынаның көзі,терезенің көзі,бұлақтың көзі.
2-тапсырма.Сөздерді орфография ережесіне сай жаз.
Бүгін,сөсіз,келемекен,тайақ,Ешшан,жаш шағында,бүрсігүні,жұмышшы.
ІІ деңгей. 3-тапсырма.Тиісті ұ,ү,ы,і әріптерін қою.
Ұз…н, құр…қ, б…рс…г…ні, күн…зг… ыст…қ, …нт…мақ, сөзін мақ…лдау,үск…р…кт…ң соғу…, б…лай қарай кетті.
4-тапсырма.Қайсысы мақал,қайсысы мәтел? Мақал-мәтелдің жалғасын тап.
1)Кәрі түлкі қақпанға түспес.Еңбек етсең емерсің.Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады.Әке – асқар тау,ана – етегіндегі бұлақ,бала – жағасындағы құрақ.Екі қораз ен қораға сыймас.
2) Мақал-мәтелді жалғастыр. «Жылы –жылы сөйлесең, …», «Білгенің бір тоғыз …»
ІІІ деңгей.5-тапсырма.Тұрақты тіркестердің мағынасын тап.
Бетінен оты шығу …(ұялу), ит терісін басына қаптау …(ұрысу).
Көз ілмеу … (ұйықтамау), тас бауыр …(мейрімсіз), ит өлген жер …(алыс).
6-тапсырма.Тест тапсырмасы бойынша жұмыс.
(Парақшаларға алдын-ала жазылған тест тапсырмалары таратылады.)
1) Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды … дыбыстар дейміз.
а) дауыссыз ә) дауысты б) екпін в) буын,дауыссыз
2) Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды … буын деп атаймыз.
а) ашық ә) тұйық б) бітеу в) ашық,бітеу
3) Қайсысы артық?
өнеркәсіп,ата-ана,Айдар,тасбақа
1) Тасымалдаудың қайсысы дұрыс?
а)а-ра,о-ю,а-лақан ә) еле-уіш,ара-лас,қа-ра б) АҚ-Ш,Б-Ұ-Ұ в) 1995-жыл,ХХ-ғасыр,25-кг
5) Қатаң дауыссыз қайсысы?
а) б,в,г,д ә) р,л,м,н б) п,ф,к,қ в) а,о,ү,ұ.
Сергіту кезеңі.Жұмбақ шешу
1.Фонетикалық екі ұғым
Бітімен бірі сыбайлас.
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады да көрінеді.(дыбыс,әріп)
2.Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.(дауыссыз,дауысты(
3.Оңға қарай оқысаң да бір халық,
Солға қарай оқысаң да бір халық.
Бір буыным – құс
Бір буыным – түс (қазақ)
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға рналған дидактикалық ойындар
1. «Кім тапқыр» ойыны.Ойынның шарты:тақтаға жұмбақ жасырылған және ту,шар,елтаңбаның суреттері бейнеленген плакат ілінеді.Мұғалім жұмбақты оқиды, балалар жауабын суреттерге қарап айтады.
Желбірейді биікте,
Ел белгісі – ол сенің.
Айта қойшы,балақай,
Рәміздегі қай белгің? Жауабы: (ту)
Сабақты қорытындылап,үй тапсырмасы беріледі.
Оқулық соңындағы сынақ тапсырмаларымен жұмыс.