Тары
Тары – астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары – арпа мен бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді. (55 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: тұқымдастарына, қуаңшылыққа, қауызынан.
1.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.Бірінші сөйлемнен тасымалданбайтын сөзді табыңдар. Астын сызыңдар.
3.Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.