Тамыржемістілер
Қантқызылшасы қоректі затын тамырына жинайды. Күзде оның тамыры жуандайды. Тамыры жеміске айналады.Қантты осыдан алады.
Қызылша бірінші жылы тұқым бермейді. Өйткені ол – екі жылдық өсімдік. Алғашқы жылы қызылшаның тамыр жемісі мен жапырағы ғана өсіп үлгереді. Тамыржемісті келесі жылы тағы отырғызады. Одан ұзын сабақ шығады. Өсімдік қызғылт жапырақтарға бөленеді. Гүл шашады. Гүлден тұқым өнеді. Қызылшаның жемісі тамырында болады. Сондықтан оны тамыржемістілер дейді. (61 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жапырақтарға, тамыржемістілер.
Мәтіннен сын есімдіктерді табыңдар. Астын сызыңдар.
Ұзын, қызыл деген сын есімдіктерді қос сөз етіп жазыңдар.