Талшықтық — оптикалық коммуникациялық желілер

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Такырыбы: Талшықтық — оптикалық коммуникациялық желілер. Электромагниттік толқындар шкаласы. Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану.

 


Сыныбы: 11 «Ә»
Физика пәнінің мұғалімі: Байтасова Г.А.

 

 

Тараз — 2017 ж

Тақырыбы : Қаныққан және қанықпаған булар. Ауаның ылғалдылығы. Ылғалдылықты өлшеуге арналған құрал.

Мақсаттары:
Білімділік: қаныққан және қанықпаған бу құбылысын үйрету, ауаның ылғалдылығы ұғымын енгізе отырып, күнделікті өмірде және адам өміріндегі ылғалдылықтың маңызын көрсету, ауаның ылғалдылығын өлшеу құралдарымен және олардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,табиғатты аялай білуге, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштіке баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Ұжымдық сабақ, аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Диологтік оқыту, жеке және топтық жұмыс, сұрақ – жауап, АКТ. өзін- өзі және бір-бірін бағалау, әңгіме-сұхбат, тренингтер, қорытындылау
Негізгі идеялар: Қаныққан және қанықпаған бу қасиеттері, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, психрометр, гигрометр, карточкалар.
Пән аралық байланыс: математика, география.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру ( 2 мин)
ІІ.Үй тапсырмасы ( 15 мин)
ІІІ. Жаңа сабақ (23 мин)
IV. Бекіту (2 мин)
V. Оқушы білімін бағалау (2 мин)
VI. Үйге тапсырма (1 мин)
VІІ. Күтілетін нәтиже

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу, назарын сабаққа аудару.
2. Құрал-жабдықтарын түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.
Құрметті оқушылар, біз бүгін «Қаныққан және қанықпаған булар. Ауаның ылғалдылығы. Ылғалдылықты өлшеуге арналған құрал» деген атпен ұжымдық сабақ өткіземіз. 3 топқа бөлініп жасаймыз.
1. «Зеректілер»
2. «Білімділер»
3. «Ойшылдар»
Саяхат кезінде біз қаныққан және қанықпаға бу қасиеттерін, ауа ылғалдылығы және оның пайда болу себептерін түсіндіріп, ауа ылғалдылығын өлшейтін құралдармен таныстырамыз.
ІІ. Үй тапсырмасы: Қызығушылығын ояту «Миға шабуыл»
1. «Зеректілер»
а) Заттың агрегаттық күйлері
б) Меншікті балқу жылуы
в) Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

2. «Білімділер»
а) Балқу процесі, балқу температурасы
б) Қатаю температурасы, қатаю процесі
в) Жылу мөлшері

3. «Ойшылдар»
а) Дененің ішкі энергиясы, өзгерту жолдары
б) Жылулық қозғалыс
в) Отынның меншікті жану жылуы

ІІ. «Ойлан да, тап» Логикалық сұрақтар беріледі. (2 мин)
1. «Зеректілер»
а) Суық лимонадты ашқан кезде аузынан тұман пайда болады. Неліктен?
2. «Білімділер»
в) Екі бірдей ыдысқа ыстық және суық су құйып қыста аязда далаға шығарсақ, қайсысы бұрын қатады? Неліктен?
3. « Ойшылдар»
в) Егер кебу процесі болмаса адам өзін қалай сезінер еді?

«Ой шақыру»

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?
Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат…
Т. Есімжанов

ІІ.Жаңа сабақ. Бейнефильммен жаңа сабақ түсіндіріледі. Тақырыпты ашу, топтарға тапсырма беру.

Білімділер – «Қаныққан және қанықпаған булар»
Зеректілер – «Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал»
Ойшылдар – «Гигрометрдің құрылымы қандай, ол қалай жұмыс істейді.»

Оқушының іс- әрекеті: Берілген тақырыптарды интерактивті тақтадан суреттер арқылы және өздері жасаған постерлермен дәлелдеп, түсіндіреді. Сұрақтар қойып, талдайды, тақырып бойынша ой қозғайды. Бір-бірінің жауабын толықтырады, өз беттерінше жұмыс жасайды.
Келесі тапсырма бойынша есептер шығару.
1. «Зеректілер» — Сыныптың ішіндегі ауа ылғалдылығын анықтау
2. «Білімділер» — Массасы m – 23 г суды t1 – 20 0С – тан t2 – 80 0С дейін қыздыру үшін қажет жылу мөлшері.
3. «Ойшылдар» — Ауа температурасы 160С, шық нүктесі 6 0С. Ауаның салыстырмалығы ылғалдылығын табындар.

ІV.Бекіту. Проблемалық сұрақ кою.

1) Қазіргі уақытта ауа – райының күрт өзгеруін неге байланысты?
2) Терминологиялық сөздік.

Психрометр Психрометр psychrometer
гигрометр гигрометр hygrometer
Ауа ылғалдылығы влажность воздуха air humidity
Қанқыққан бу насыщенный пар. saturated steam.

Қанықпаған бу ненасыщенный пар unsaturated steam
Шық нүктесі точка росы точка росы
Қысым давление pressure


V.Бағалау. Суммативті, формативті бағалау. Өзін-өзі бағалау. Кері байланыс. Топ жетекшілері бағалайды.

VІ.Үйге тапсырма.§16-17. Қаныққан және қанықпаған булар. Ауаның ылғалдылығы. Ылғалдылықты өлшеуге арналған құрал.

Күтілетін нәтиже:
— Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын еркін жеткізіп, өз идеяларын дәлелдей алады;
— Топта өз бетінше жұмыс істеуді үйренеді;
— Өз ойлары қалыптасады, қорытынды жасайды.
— Қаныққан және қанықпаған бу, және ауа ылғалдылығы туралы білім қалыптасады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *