Сөйлеудегі қосымша құралдар

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Сөйлеудегі қосымша құралдар
Сабақтың мақсаты : а) сөйлеудегі қосымша құралдар туралы түсінік беру;
ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;
б)оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Біз сөйлесу кезінде әңгімелесушіміздің қимыл-қозғалысына еріксіз назар аударуымызға тура келеді.
Беті бал-бұл жайнап, көздерін кеңірек ашып қараса, көбіне қызығушылық, немесе айтылғандардың көңілінен шыққанын білдірсе, қулана көзін жылмитса — күдік пен сенбестіктің белгісі екенін байқаймыз. Ал егер тыңдаушы жанарын басқа жаққа бұрып әкетсе, немқұрайлылық пен құлықсыздық екені белгілі.
Әрине, адамның әңгімеге көзқарасын тек көз ғана білдіріп қоймайды. Қол сілтесе, «Бәрібір, ештеңе өнбейді», «Жағдай өзгермейді» деген сөйлемдер орнына жүреді.
Ым-ишара, қол, бет, көздің түрлі қозғалыстары мен өзгеруі, дене қимылдары қарым-қатынастың қосымша құралдары. Оны үйрететін, оқытатын саланы кинесика деп атайды (грек тілінде kinesis — қозғалыс). Кинесикада бет-жүз қимылымен эмоцияны білдіруге (мимика), қол қозғалыстарымен ойды анықтауға, көрсетуге (жестикуляция) ерекше назар аударылады.
Қабағы түйіліп, бет-жүзі сұрлана түскен қалыптан ашуды байқасаң, бақырайған көз, ашылған ауыз таңданысты білдіретінін барлығымыз да жақсы білеміз.
Сөйлесу кезінде бет-жүз, қол қимылдарын көп пайдаланатынымызды өзіміз де байқай бермейміз. Ешкім бізге олардың нені анықтап, нендей қызмет атқаратынын түсіндірмесе де, күнделікті тұрмыста, қоғамдық ортада кеңінен қолданылады. Бұның түсінікті бола түсуіне сөйлемдегі сөз ырғағы, екпін, интонацияның да рөлі бар.
Сөйлесу кезінде мұрынын шұқып немесе түймесін ұстап, галстугін жөндеп, я болмаса тырнағын тазалап т.б. өрескел қимылдар жасаса, бұл әдепсіздік болады. Бұндайды механикалық ым-ишара дейді. Механикалық ым тыңдаушының назарын аударып, ойын бөліп, әңгімелесуге кедергі келтіреді. Оның ырғақты, эмоциялы, сілтеме, суреттеме және символдық түрлері бар.
1) Ырғақты: логикалық екпін: сөйлеудің жылдам немесе баяу айтылуына қарай қол қозғалысымен анықталады.
2) Эмоциялы: қозғалыс: көбіне тұрақты сөз тіркестері мен тілді көркемдеуші құралдары арқылы: мысалы: жүрегі ұшып кету — дыбысы шықпай қолымен жүрегін
басып отыра кету.
3) Сілтеме: мысалы: «Мына терезені ашыңызшы», дегенді терезені нұсқап, қос қолын кеуде тұсынан екі жаққа қарай жайса ұғамыз.
4) Суреттеме: затты суреттеуде сөз таба алмаған жағдайда немесе неғұрлым күшті әсер бергіміз келгенде, қол қозғалысымен суретін көрсетеміз.
5) Символдық: мысалы, қолымызды жүрек тұсына қойсақ, ыстық ықыласымызды білдіре аламыз.
Жаттығумен жұмыс: 49-жаттығу Кесте бойынша 2-3-тен мысал жазыңдар
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 50-жаттығу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *